Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


З әрпі мен дыбысы

22 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі
Сілтеме: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова
Әліппе 1 - сынып оқулығы. «Атамұра» 2012 жыл
Слайд. Көрнекіліктер. Сабақ жоспары.
Жалпы мақсаты: З дыбысы мен әрпін таныту. З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық тренинг.
Айтыңдаршы балалар,
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Топқа бөлу.
Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасы.
I - топ. Сөздерді оқу, буынға бөлу.
II - топ. Сөздерді оқу, дыбыстық талдау жасау.
III - топ. Мәтінді тізбектеп оқыту.
IV - топ. Мәтін мазмұнын сұрау.

Қызығушылығын ояту
От шашады жалындап,
Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)
Топтастыру.
Төрт топ зымыран туралы білетіндерін жинақтап қағазға түсіреді.
Ой қозғау.
Қазақ ғарышкерлері кім?
Олар туралы не білесіңдер?
Егер мен ғарышкер болсам... (Оқушыларын өз ойларын айтады)
Топтық жұмыс.
Зымыран, жұлдыз, қарбыз, зырылдауық суретін әр топқа беру. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

Оқулықпен жұмыс.
I - топ. --------------II - топ.------------ III - топ. -----------------IV - топ
Таза --------------- Зығыр ------------- Жалбыз ---------------- Қобыз
тазы --------------- қызыл ------------- қарбыз ----------------- тоғыз
қозы -------------- қымыз ------------- жұлдыз----------------- сызғыш
Мәтінді іштей оқыту.
Мәтінді бір оқушыға оқыту.
Мәтін мазмұнын төрт оқушыға айтқызу.
Сергіту сәті.
Музыка жіберу, би билету.
Дәптермен жұмыс.
Партада отыру ережесін айтып өту.
З әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Қорытынды. “Сиқырлы таяқша”
Қолдарына таяқша ұстап «З» дыбысы бар сөздер айтып шығу

Үйге тапсырма беру.
Сөздерді, мәтінді оқып келу. З әрпін салу.
Жалбыз туралы толық мағлұмат біліп келу.
Мадақтау
Топтағы оқушылар бір біріне жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш таратады.
39 614
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, “К” әрпінің баспа түрінің жазу түрін үйрету, сөз құрату
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарады. Қазақ тілінде сөздердің басында ортасында келетінін меңгереді.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа жазба түрлерін айырып білу.
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×