Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


52-24 түріндегі азайту

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: 52 - 24 түріндегі азайту.
Мақсаты: 1. Оқушыларға екі таңбалы сандарды жазбаша және ауызша қосу тәсілдерін меңгерту, кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойша есептеу дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
3. Туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, сақтыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе цифрлар, суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 5 тапсырманың орындалысын тексеру.
Әр қатардан екі оқушыға оқытып, тексеру.
Бірінші бағанда қай амал орындалады? 20 мен 40 - тың қосындысын 100 - ден азайту. 16 мен 4 - тің қосындысын 90 - нан азайту.
ІІ - бағанда: айырмалардың мәндерін оқыту.
ІІІ - бағанда қай амал бірінші орындалады? Оқыту, тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау
«Миға шабуыл»
1. Көпбұрыштың периметрін қалай табады?
2. Қосудың қандай қасиеттері бар?
3. Қосуға кері амал.
4. Ұзындық бірліктерін ата.
1 дм -? см 1м -? см 1см -? мм
5. Масса бірліктерін, уақыт бірліктерін ата.
6. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш қалай аталады?
7. Қандай бір таңбалы сандардың қосындысы 12 - ге тең?
8. 9 санын алу үшін 14 - тен қандай санды азайту керек?
9. Сүйір бұрыш тік бұрыштан қандай?
10. Доғал бұрыш тік бұрыштан ше?
Балалар, өткен сабақта не өттік, не үйрендік?
Екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдерін шығаруды үйрендік.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда да екі таңбалы сандарды азайтудың тағы бір тәсілімен танысамыз?

ІV. Жаңа сабақ
52 - 24 түріндегі азайту. Шығарылуын түсіндіру.
Азайтудың ауызша тәсілін қайталау.
Суретті пайдаланып, 52 - 24 мысалынан 24 санын бөліктеп азайту: алдымен 20 - ны азайту, содан шыққан саннан (32 - ден) 4 - ті азайту.
Баған түрінде шығарылуын түсіндіру:
52 мен 24 - тің айырмасын баған түрінде жазамыз. Бірліктерді азайтамыз. Азайғыштың бірлігі азайтқыштың бірлігінен кем болған жағдайда қалай азайтамыз? 5 ондықтан 1 ондықты аламын. (Ұмытып кетпеу үшін 5 цифрының үстіне нүкте қоямын ) 1 онд. және 2 бірл. – бұл 12 бірл.
12 - 4=8 Бірліктердің астына 8 - ді жазамын. Енді ондықтарды азайтамыз:
5 онд. болды, бірақ 1 онд. бірліктерді азайтқан кезде алдық; ендеше 4 онд. қалды; 4 онд. – 2 онд.=2 онд., ондықтардың астына 2 - ні жазамын. Айырма 28 - ге тең.

№1.
Әр қатардан 1 оқушы шығарып (3 мысалды) ауызша түсіндіре отырып орындату. Соңғы екі мысалды өздерінің дәптерлеріне орындату. Тексеруді орындау.

№2
Өмірмен байланыс:
Балалар, біз қай қалада тұрамыз? Қаламызда жаңа үйлер, жаңа нысандар көптеп салынуда. Соның бірі жаңадан салынған 6 - шағынаудан. Сол туралы № 2 есеп берілген. Оқу, есептің сұрағын толықтыру, талдау, шығару.

Өткен жылы - 12 үй
Осы жылы -?, 3 үй >?
Ш: 12+3+12=27 (үй)
Ж: Барлығы 27 үй салынды.

Сергіту сәті: Санамақ есеп (1 оқушыға оқыту)
Менің туған күнімде
Келді бірім - бірімдеп;
Балнұр тәтем келді,
Арнұр көкем келді,
Үлкен атам келді,
Нағашы әпкем келді,
Бөлем Бөжен келді,
Жездем Шәкен келді.
Әпкем Сәпен келді.
Достарымнан бесеу келді.
Ұстазым кешеу келді.
Барлығы нешеу келді? М. Әлімбай

№3.
І - үй - 35 пәтер
ІІ - үй -?, 20 пәтер <??
ІІІ - үй – сонша
Ш: 1) 35 - 20=15 (п)
2) 35+15=50 (п)
3) 35+15+50=100 (п)
Ж: Барлығы 100 пәтер бар.

№5. Көбейтуге дайындық ретінде
32+4+4+4
18+9+9
27 - 9 - 9 - 9
14 - 7 - 7
32 санына қандай сандарды қосты? 18 санына ше? (Бірдей сандарды)
32 санына қанша бірдей санды қосты? (3); 18 санына ше? (2)
27 санынан қандай сандарды азайтты? 14 санынан ше? (Бірдей сандарды )
Нәтижесінде қандай сан шықты? (нөл). Ендеше, 27 санында 9 саны 3 рет келеді. 14 санында 7 саны неше рет келеді? (2 рет).
Тапқырлыққа тапсырма
Есепте. Екі топқа бөл
Есептемей тұрып, мына өрнектерді қандай екі топқа бөлуге болады?
(қосынды және айырма). Тағы қандай екі топқа бөлуге болады? Қосылғыштарының біреуі бір және екі таңбалы сандар деп бөлуге де болады. Ал енді есептеп, мәніне қарай екі топқа бөлейік.

Логикалық тапсырмалар
1. Аптада неше күн бар? Апта күндерін атау. Тиін туралы мәлімет беру.
Дүйсенбі - 2; Сейсенбі - 3; Сәрсенбі - 4; Бейсенбі - 5; Жұма - 6; Сенбі - 7
Жексенбі - 8;
Өрнек жазу. Қалай оңай есептеуге болады? Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып есептеу.
(2+8)+(3+7)+(4+6)+5=35 (жаңғақ)

2. Балық туралы мәлімет беру. Каспий теңізіндегі балықтарды атау ( бекіре, қорытпа, шабақ, т. б.). Балықтың құрамында фосфор мен кальций бар. Ол сүйек пен көзге пайдалы. Балық тез бұзылатын тағам, қылтанынан да сақ болу керек. Балық аулауға келген үш баланың қайсысының аты 2 рет қайталанды? Дархан. Сонда, Дархан 2 үлкен және 4 кішкентай балық ұстаған. Ал, 2 үлкен балығы бар шелек Қанаттікі болса, 4 кішкентай балығы бар шелек Асылдікі болғаны.
Қанат ---------------- Дархан --------------- Асыл
2 үлкен ------------- 2 үлкен --------------- 3 үлкен
3 кішкентай ------- 4 кішкентай --------- 4 кішкентай

Қосымша логикалық тапсырмалар
1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5 қоян)
2. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)
3. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? (1 адам).
4. Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? (3 теңгесін алып қалады).

Қорыту: Не үйрендік? Не білдік?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 48 - бет, № 4.
4 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
26+7 және 33 - 7 жағдайларындағы қосу және азайту.
26+7 және 33 - 7 жағдайларындағы қосу және азайту.
Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйене отырып енгізу; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін өрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×