Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел тірегі-білімді ұрпақ

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ел тірегі – білімді ұрпақ.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жыл бойына негізгі пәндер бойынша алған білімдерін еске түсіру, пысықтау.

Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Алғыр, тапқыр, шапшаң, зейінді, білімді болуға, елін, жерін сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: графопроектор, т. б.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Кіріспе
Балалар, бүгінгі сабақ ерекше. Себебі, сендердің жыл бойы алған білімдеріңіз -
ді байқау үшін ата - аналарыңыз келіп отыр. Ендеше, өлеңімізді айтып, жақсы сөз - дермен көңілімізді көтеріп, сабағымызды бастаймыз.
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Дұрыс айтасыңдар, бар нәрсеге біліммен қол жеткіземіз. Олай болса, осы кезге дейінгі үйреніп, ойға тоқығандарымызды бүгінгі сабақта көрсететін боламыз. Орнымызда отырып мына экрандағы сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындаймыз.

1. «Кім жылдам»
1. Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
2. Тіл не үшін қажет?
3. Дыбыс дегеніміз не?
4. Әріп дегеніміз не?
5. Дыбыс нешеге бөлінеді?
6. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Оларды ата.
7. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? Оларды ата.
8. Неліктен сөз жуан және жіңішке болып айтылады? (Мысал келтіру)
9. Сөздегі буын саны неге байланысты?
10. Сөз неден құралады?
11. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.

2. «Сөз ойла, тез ойла»
1. “У” дыбысы бар бір сөз айт.
2. Сол сөзге дыбыстық талдау жаса.
3. Сол сөзге сөйлем құра.
4. Сол сөзді буынға бөл.
5. Ойлаған сөзіңде “у” дауысты ма,
дауыссыз ба?

3. «Кім алғыр»
Мына сөздерді буынға бөл.
Айналайын, қоңырау, бауырсақ. (ережені сұрау)

4. «Кім тапқыр»
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Төмендегі сөздердің ішінен табу. (3 қатарға бөлу)
Кітап, жүгірді, қызыл, балалар, дәптер, оқыды, биік, Әсел, доптар, ұшты, ата,
ұзын, оқушылар, жазды.

5. «Кім шапшаң»
Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.
1. Жылқы, бағады, ағам.
2. Көмектестім, мен, досыма.
3. Жем, біз, дайындаймыз, құстарға.
4. Қыстыгүні, борайды, қар, далада.

6. «Кім шапшаң»
Қарсы мәндес сөздер айт. (3 қатарға)
үлкен -... ұзын -... биік -...
кең -... алыс -... қалың -...
жуан -... жақсы -... ащы -...

- Балалар, ана тілінен қандай ұлы адамдармен таныстық?
- Абай, Ыбырай, Шоқан, А. Байтұрсынов, Б. Момышұлы, Әлия, Мәншүк, т. б.
Солардың бірі Әл - Фараби атамыз былай деген екен.
Еңбек, білім мәнін де,
Есептейтін бәрін де.
Ардақтаймыз, қолдаймыз,
Математика пәнін де.
Енді математика пәнінен алған білімдерімізді көрсетеміз.

1. «Не үйрендік, не білдік?»
Математикадан сұрақтар
1. Қосу амалының компоненттерін ата.
2. Қосудың қандай қасиеті бар? (ережесі)
3. Азайту амалының компоненттерін ата.
4. Қанша артық, қанша кем екенін қалай табамыз? (1 - 2 мысал келтіру)
5. Ең кіші бір таңбалы санды ата. (1)
6. Ең үлкен бір таңбалы санды ата. (9)
7. Ең кіші екі таңбалы санды ата. (10)
8. Ең үлкен екі таңбалы санды ата. (99)
9. 0 натурал сан бола ма? (жоқ)
10. Қосуды немен тексереміз? Азайтуды немен тексереміз? Демек,...(өзара кері амалдар)
11. Есептің құрамды бөліктерін ата.
12. 10 см неше дм тең?

2. «Кім жылдам»
Қалып қойған амал таңбаларын ата. (3 қатарға, тек таңбаларды айтады)
9*1=10 9*0=9 8*1=9
8*0=8 7*1=8 7*0=7
9*5=4 10*6=4 8*4=4
30*20=50 40*30=70 70*20=90

3. «Кім тапқыр»
Тура теңдікті тап. (слайдтан оқыту)
Тура емес теңдікті тап.
Тура емес теңсіздікті тап.
Тура теңсіздікті тап.
5=5 8=7 89

4. Фигураларды ата
Шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, кесінді, қисық сызық, сынық сызық, тұйықталған қисық сызық, сәуле, түзу.

5. «Кім алғыр»
Мына ондықтардың ішінен
1. Ең үлкен ондықты ата.
2. Ең кіші ондықты ата.
3. 30 бен 50 - дің арасында болатын ондықты ата.
70 20 80 90 40

6. «Кім зерек»
Топтарға бөлу (өздеріне слайдтан оқыту).
Слайдтан әріпті өрнек, санды өрнек, теңдік, теңсіздік, теңдеуді оқытып, топтарға бөлу, ажырату. Мысалы: а мен 3 - тің қосындысы, 2 мен 0 - дің айырмасы, 6 - 6 - ға тең, 8 - 9 - дан кем, 3 пен 4 - тің қосындысы 7 - ге тең, т. с. с.
Теңдеудің мәнін таптыру: Мысылы: а - 2=6; а - ның мәні нешеге тең болады деп сұрау, а - ның мәні 8 - ге тең.

а+3 6=6 2 - 0 84
а+2=5 6 - а 2=2 6 - 5=1 3+1 а - 6=2

7. «Кім шапшаң»
Жұмбақ есептер
1. Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? (6)

2. Табақта 5 өрік,
Қолымда 4 өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік? (9)

3. Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы алдым екеуін,
Алдым сонда нешеуін? (7)

Сергітуге ойын түрінде
Тақтаға 5 шаршыны жапсырып қою. Осы шаршылардан «Г» тәріздес фигура құрастыру. Шаршының қасиеті: барлық қабырғалары бірдей. Неше төбесі, бұрышы, қабырғасы барын анықтау. Бұрыштары қандай?
Сергіту сәті
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

1. «Ойлан, тап» Жұмбақ шешу
Таусыла ма қараңдар,
Табиғаттың қызығы.
Суық жақта бір аң бар,
Бұтақ - бұтақ мүйізі. (бұғы)

Санымыз қанша білмейміз,
Түнімен көз ілмейміз. (жұлдыздар)

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (күн)
Балалар, бұлар неге жатады? Табиғатқа жатады.
Бізді қоршаған айнала, табиғат туралы қай пәннен оқып таныстық.
Олай болса келесі біздің ойынымыз «Мен саған, сен маған»

Сұрақ - жауап.
1. Аспан, ай, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, адам – осылардың барлығы нені құрайды? (табиғатты)
2. Күннің қандай пайдасы бар?
3. Жылдың қандай мезгілдері бар?
4. Біз табиғаттан нені үйрендік?
5. Қандай сезім мүшелері бар?
6. Дүниеде неше тұс бар?
7. Табиғат нешеге бөлінеді?
8. Өсімдіктердің неше тобы бар?
9. Өсімдік мүшелерін ата.
10. Жануарлар неше топқа бөлінеді?
11. Қандай бунақденелілерді білесің?
12. Тиіннің азық қоры не?
13. Отбасын кімдер құрайды?
14. Аурухана, дүкен, кітапхана, мектеп, шеберхана. Бұларды не деп атаймыз?
15. Отан дегеніміз не?
16. Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қорытынды:
Сендер еліміздің болашағысыңдар, тірегісіңдер. Елімізді дамыған елдердің қатарына қосу, биіктерден көріну, алда болу өз қолыңызда. Ол үшін көп оқып, білімді болу керек. Сабақ басында айтып өткендей, бар нәрсеге біліммен қол жеткізуге болады.
Бағалау: Сыныптың қызықты сәттерін тамашалайық (суреттер)
5 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Білімді біздер - баламыз
Білімді біздер - баламыз
Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Сынып дарабозы
Сынып дарабозы
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×