Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қарағым" Мағжан Жұмабаев

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарағым. Мағжан Жұмабаев.

Білімділік мақсаты: Автор туралы мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұнын терең түсінуге ықпал ету.
Сөздік қорын байыту. Мәнерлеп оқу машығын жетілдіру. Көркемдік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Өз бетімен жұмыстана білуге, қабылдаған ақпаратынан қорытынды шығара ілуге, дербес ойлай білуге үйрету. Шығармашылықпен жұмыс жасай білугедағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқу - білімнің өмірлік қажеттілігін түсіндіре отырып, білім алуға құштарлығын ояту. Өсиет сөздерден ғибрат алуға, оны өмір жолында
пайдалана білуге үйрету. Артына өшпестей із қалдырған тұлғаларды құрмет тұтуға тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың көрнекілігі: Автордың портреті, автордың өмір жолын көрсететін тірек - сызба, дидактикалық материалдар, шартты белгілер, «Ералаш» кинажурналы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: «Ақпараттық технология», «Сатылай комплексті талдау», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Шығармашылық ақыл - ойды дамыту» технологиялары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Өзімді таныстыру.
ә) Ы. Алтынсарин: Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылықІ
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табыларІ
Осы сабағымызда «Ана тілі» пәнінен оқығандарымызды, көңілге тоқығандарымызды ортаға саламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қадыр Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңін жатқа айтқызу.
2. Өлеңнің әрбір шумағының мағынасын түсіндіруді талап ету.
3. Өздері құрастырған өлеңдерін айтқызу.

Үй тапсырмасын қорытындылау.
Оқушыны дамыту сұрақтары:
А) Автор мұғалиманы неге анаға теңейді?
ә) Күнделікті өмірде апайдың сендерді өз баласындай көретінін дәлелдей аласыңдар ма?
Б) Мұғалімді қуанту үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
В) Мұғалімнің арманы не деп ойлайсыңдар?

Психологиялық дайындық (сыни тұрғыдан ойлау)
«Ералаш» киножурналынан үзінді көрсету.
Мұғалім: Отбасы мүшелерінің көңіл - күйі неге төмен?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау. (өздеріне қорытынды шығарту)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабаққа көпір кезеңі
- Балалар, мұғалімнің арманы орындалу үшін не істеу керек?
- Оқып, білім алу керек.
- Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз оқу, білім туралы болмақ.
Дәптермен жұмыс.

Тақырыбы: Қарағым. Мағжан Жұмабаев.
1. Автормен таныстыру. Оқушыда автор туралы бар ақпаратты алу (сатылай комплексті талдау технологиясының элементтерін талдау)
(1893 – 1938)
Әкесі - _____________? (Бекен)
Шешесі - ___________? (Гүлсім)
-Атасы - ____________? (Жұмабай)
Мұғалімі - ___________? (Ахметден)
Шығармалары: «Батыр Баян»
«Қорқыт»
«Оқжетпестің қиясында»
«Қойлыбайдың қобызы»
«Ертегі»

2. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Оқушылардың оқу сауаттылығын тексеру
- Іштей оқыту
- Мәнерлеп оқыту
- Тізбектей оқыту

Сөздік жұмысы:
қармаған (қармақ) – бір нәрсені ұстау
кемеңгер – дана, данышпан

Жаңа сабақты бекіту
Өлең - әдеби шығарма. Әдеби шығарманың негізгі ойы, идеясы болуы керек және өлең жолдары бір - бірімен байланысып тұрады.

1. Өлеңнің көркемдік ерекшеліктерін анықтау үшін Бүркіт Ысқақовтың «Отан»туралы өлеңінен үзіндіні үлгі ретінде ұсыну.
Үлгі: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін,
Достым, білгің келе ме?

Шығармашылық жұмыс (өз бетімен)
1 – нұсқа. Өлеңнің алғашқы бес жолының ұйқастарын шартты белгілермен көрсетіңдер.
2 - нұсқа. Өлеңнің соңғы бес жолының ұйқастарын шартты белгілермен көрсетіңдер.
Тексеру (кілті бойынша өзін - өзі тексеру)

Сергіту сәті «Жалғасын тап» ойыны.
Мен сіздерге өнер - білім туралы мақалдың алғашқы жолын айтамын, сендер жалғасын айтасыңдар.
Мысалы, 1. Мектеп - кеме ------------ (Білім - теңіз)
2. Білекті бірді жығады. -------------- (Білімді мыңды жығады)
3. Оқу - білім бұлағы.----------------- ( Білім - өмір шырағы)
4. Білімсіздің күні кәріп,-------------- (Білімдінің күні жарық)
5. Оқусыз білім жоқ------------------- (Білімсіз күнің жоқ)

Мақалдардың мағынасына назар аударту.

Бекіту сұрақтары: а) Мағжан атамыз жастарға қандай өсиет айтты?
ә) Өлеңнен мақалды кім тауып бере алады?
б) Осы мақалды мағынасы ұқсас қандай мақалмен алмастыруға болады?
(Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Талаптансаң, арманыңа жетесің)
в) Өлеңдегі негізгі ой не және ол қай жолда берілген?
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын ұйымдастыру.

«Тізбек құру» ойыны
Шарты: Оқушыларға 1 - ден 8 - ге дейінгі сандар таратылып беріледі. Мұғалім белгі берген кезде оқушылар рет - ретімен тақтаға жүгіріп шығады. Сандардың артында буындар жазылған. Олар сандарды өздеріне қаратып ұстағанда отырған оқушылар «Оқу - білім бұлағы» деген мақалды оқиды.
Оқушылардың ойын шарықтату:
Жасынан оқу оқып, білім, өнер қуған кімдерді білесіңдер?
--------------------------- (оқушы жауаптары)
Өскенде кім болғың келеді?
-------------------------- (оқушы жауаптары)

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Балалар, өздеріңе ұнаған мамандықтардың иесі болып, Отанымыздың белді азаматы болу үшін бізге не керек екен? Әрине, оқу мен терең білім қажет. 12 жылдық білім берудің артықшылығы сендер мектеп бітіргенде мамандық иесі болып шығасыңдар. Бірақ білім алуды М. Жұмабаев аталарың айтқандай босқа жүрмей жалғастыра бересіңдер.
Жақсы оқыған баланы Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев та жақсы көреді. Ол 3 - қыркүйек ҚР - ның балаларына осыны айтты.

Үйге тапсырма
37 - 38 бет. «Қарағым» өлеңін жаттап келу.
«Білімсіз күнің жоқ» тақырыбына шығарма жазып келу.
Өмірлік тапсырма
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Оқушыларды бағалау.
Сау - саламат болыңыздар!
7 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Мағжан Жұмабаев «Қарағым»
Мағжан Жұмабаев «Қарағым»
СҚО, Мамлют ауданы, Мамлют санаторлық орта мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Мағжан Жұмабаев "Қарағым"
Мағжан Жұмабаев "Қарағым"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Фарида
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×