Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер елінде

07 маусым 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауыз әдебиетінің бір саласы ертегілер жайында ұғым беріп, ертегілер арқылы олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын, ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту. Суреттің мазмұнын түсінуге үйрету, қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қойылым сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Автор:
Ерте - ерте ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың балалары жоқ екен.
Мал мүлкі де жоқ қу тақыр кедей екен. Бар болғаны екі - ақ қазысы болыпты. Қыс өтіп көктем шыққанда қаз балапан басыпты. Күндер өтіп ай толғанда жұмыртқасынан балапан пайда болыпты. Кішкентай балапандарды шал мен кемпірі алма - кезек бағыпты. Ауыл сыртында жүрген балапандарды көрген өзге қаздар оларды бөтенсіп, қуа бастапты. Қашып келе жатқан балапандардың алдынан қоян шыға келеді. Қоянды көрген балапандар шошығаны сонша бір орнында тұрып қалды да, әрі қарай қаша жөнеледі.

Қоян: Тоқта, тоқта, тоқтаңдар! Менің қарным ашты сендерді жеймін.
Ав: Қоянда олардың неден қашып келе жатқанын білместен ол да бірге қорқып, жүгіреді. Қашып келе жатып, әндетеді
Балапандар: Ж о ооқ, қоянжан! Біз саған өлең айтып береміз.

Балапандар: (Әліппемен қоштасу әнінің әуенімен)
Біз балапан, балапан,
Серуен құрып, жүгірген
Ата менен әжені
Қайдан іздеп табамыз.
Ав: Есік алдынан көрінбеген балапандарын іздеп шыққан шал балапандарын көре алмайды. Жүріп келе жатып, ата қазға тап болады.
Үлкен ата қаз: шөжелерім балапаным, балаларым қайдасыңдар!
Қайда кетіп қалдыңдар? Үйде қалған ата менен әжеңе не бетімді айтамын.(қаз балапандарды іздейді)

Ав: Шал жүріп келе жатып, балаларға кездеседі.
Балалар, балалар қайырымды балалар маған көмектесе көріңдер менің де сендерге пайдам тиер сендерден көмек күтемін.

Қоян: Жоқ олай болмайды егер ата қазға көмектесер болсаңдар мына тапсырманы орындайсыңдар!
Қоянның тапсырмасы: Ана тілі сабағынан сұрақтар:
1. Пингвин қандай құс?
2. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
3. Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар?
4. Кәрім неге намыстанды?
5. Тиін қандай аң?
6. Кітап неге ескірмейді?
7. Тропикалық жерлерде өсетін қара ағашты не дейді?
8. Ата насихаты деген тақырыптың негізгі идеясы не?

Қоян: иә, сендер менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар бірақ мен сендерге үйреніп қалдым, мен кездескен адамдардан, аңдардың бәрінен қорқамын сондықтан балапандардың тек екеуін ғана жіберемін. (екеуін жібереді). Екі балапанды қоян қоя береді.

Ав: Балаларды көріп екі балапан шауып келеді. Балалар балапанды ертіп, үйіне әкеледі. Шал қатты қуанады. Кемпір жылай бастайды. Менің балапандарым түгел емес. Мен балапандарымды шақырып, тағы қарайын дейді.

Кемпір: Шөжелерім, балаларым, балапаным қайдасыңдар? Мен бұлай жүре бермейін оданда
1 «а» сыныбының қайырымды балаларына барып, көмек сұрайын. Маған көмектесе көріңдер, егер маған көмектерің тисе сендердің көңілдеріңді бір көтерермін.

Балалар:(Олай болса жақсы)
Балалар келе жатса бір жылан кездеседі. Жыланды көріп, балалар қорқып кетеді.
Жылан: Балалар, менен қорықпаңдар. Мен сендерге биылғы жылы табыс әкелемін, береке, бірлік әкелемін. Сендердің бәріңмен де дос боламын. Балапандардың қай жерде екенін көрдім. Бірақ, аң патшасы арыстан бізге есеп беріп еді, сол тапсырманың жауабын жазуға көмектесесіңдер ме? (математикалық тапсырма)
3+5 -------------- 5+5 -------------- 5+0
5+2 -------------- 10 - 4 ------------ 9 - 8
10 - 8 ------------ 6+4 -------------- 3 - 3
8 - 4 ------------- 10 - 9 ------------- 8 - 6

Жылан: Балалар, сендерге рахмет. Бірақ бір өкініштісі балапандарды түгел таба алмадым тек екеуі ғана беремін. Балаларды көріп екі балапан шауып келеді. Балалар балапанды ертіп, үйіне әкеледі.
Ав: Шал мен кемпір қуанады.

Шал: Балалар сендерге көп рахмет, балалар бізге тағы бір көмектеріңді бере көріңдер, енді екі балапанымызды үйге келуге көмектесесіңдер ме?
Балалар: иә, жарайды. Адам күні адаммен деген сіздердің де пайдаларыңыз тиер. Біз жолға шығайық.

Ав: Балалар қалған балапандарды іздеп келе жатқанда алдарынан түлкі шыға келеді.
Балалар: Ей, тоқта, түлкіжан! Орманды кезіп көп жүресің ғой. Енесінен адасып жүгіріп жүрген балапан көзіңе түспеді ме?
Түлкі ойланып, иә көрдім. Бірақ айтпаймын. Егер маған дүниетану пәнінен берген сұрақтарға көмектерің тиер болса мен де сендерге көмектесемін. (дүниетану сұрақтары)
1. Табиғат нешеге бөлінеді?
2. Тірі табиғатқа не жатады?
3. Иіс сезу мүшесіне не жатады?
4. Қыс айларын ата.
5. Қысқа аңдар қалай даярланады?
6. Өсімдіктердің неше тобы бар?
7. Адамға қажетті 5 нәрсені санамалап айт
8. Қысы жазы бір түсте болатын өсімдік аты.

Ав: Түлкі өз сұрағына толық жауап алған соң еш өкінбестен қалған балапандары да береді.
Бойларын қуаныш кернеген балалар шал мен кемпірге келеді. Олар жоғалған балапандарының түгел екенін көріп, қуаныштары қойындарына сыймай, кемпір өз уәдесі бойынша балаларды көңілдендіріп, әндетеді.
Кемпірдің орындауында ән: «Балапан»
Шал мен кемпір бірге: Қ. И. Сәтбаев мектебінің бастауыш сынып оқушыларына алғыстарымызды айта отырып, болашақта сабақтарыңды тек «5» деген бағаға оқып, еліміздің білім биігіне шығатын азамат, азаматша болуларыңа біз екеуміз шын жүректен тілектеспіз.
Олай болса, мен сендерге би билеп, берейін.
Би: «Шөжелер

Ав: Сонымен қонақтар, бүгінгі біздің ертегілер еліндегі саяхатымыз аяқталды. көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғысымызды білдіреміз. Сау болыңыздар!

Балапандар:
1 Диана
2 Мадина Е.
3 Аяулым
4 Әлия

Шал: Орынбасар Түлкі: Гүлнәз
Жылан: Арсен У. Кемпір: Кәмила
Қоян: Арсен А. Автор: Мадина Ө
14 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш жалқау
Үш жалқау
Ертеде бірінен - бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернат» КММ Камзабаева Лязат Орынбасаровна
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Ертегілер (білімді тиянақтау)
Ертегілер (білімді тиянақтау)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×