Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қатқан нан (2 сынып)

04 сәуір 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қатқан нан (2 сынып)
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік:Оқушылардың білім алуға деген
құштарлығын арттыру.Нақтылыққа үйрету.
ә)Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен
жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу
мәдениетін үйрету.
б)Тәрбиелік :Балардың туған жеріне еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,еңбекті сүюге,нан қадірін
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,мақал-мәтел,сөз жұмбақ т.б
Сабақтың түрі:Аралас.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ:Үй тапсырмасын сұрау.
Егінші мен қасқыр ертегісінің мазмұнын 2-3 баладан сұрау.содан соң сол ертегіге сүйене отырып көрініс көрсету.Сыныптан 3-оқушыны шығарып бірін автор,бірін егінші,бірін қасқыр етіп,ертегі бойынша сөйлету.

Жаңа сабақ:Қатқан нан
Жаңа сабақ тақырыбын бастамас бұрын көрсетілген көрініс бойынша нанның дастарханға оңайлықпен келмейтінін айта келіп, қандай дәнді дақылдарды білетінін сұрау. Тор көздер бойынша балаларға дәнді дақылдардың атын жазғызу.
БИДАЙ
АРПА
ТАРЫ
СҰЛЫ
КҮРІШ
Бидай – жер бетіндегі астық дақыл. Біздің еліміздегі бидайдың түсі алтын реңдес болады. Бізде қазір аяздан да, ыстықтан да қорықпайтын, сабағы мықты, масағы ірі сорттарын шығаруда.

Арпа – бұл да астық тұқымдасы. Ұнынан нан, дәнінен көже жасалады. Қазірде азық-түлік мал жеміне пайдаланады. Арпаның 2 сорты бар жаздық, күздік.

Тары – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Ақтөбе, Қызылорда, Орал облыстарында өседі. Тарыдан мол өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсиев деген аталарың бар. Қауызынан тазартылған, ақталған тарыны сөк деп атайды.

Сөк – қабығынан тазартылған тары.

Сұлы – ауыл шаруашылығында бидай қара бидайдан кейін 3 орында сұлы ұнынан шелпек, құймақ, тоқаш пісіреді, кисель және тәтті печеньелер жасайды.
Міне, балалар бұл айтқандарымыздың барлығы дәнді дақылдар деп аталады екен. Енді мына өлең жолдарына құлақ салыңдаршы.

«Жерден асқан жоқ, тақсыр ұлы,
Жақсылықтың жүз есе жақсылығы.
Түйір дәнге береді тұтас масақ
Оралады орман боп ақ шыбығы»

- Осы өлең жолдарында мазмұны не туралы айтылып тұр?
- Бұл өлеңді «Жер Ана»деп атаймыз.
- Себебі, біз өскен жердің бізге беретін астығы мол.Сондықтан анамыздай болғандықтан біз Жер Ана деп атаймыз.
- Біз Жер Анамызға дән ексек нан аламыз өткен сабақ бойынша
Тісініп жеттік. Олай болса нан дегеніміз не?

өмір
дән-------------------тамақ
ақша--------------------күш

- Міне балалар біз сол үшін қадірлеп,қастерлеуге тиіспіз.Нанға тиісті тыйым сөздерді ұмытпаңдар:
1.Дүкенге барғанда нанды қолмен ұстап көру - мәдениетсіздік
2.Нанды таза пакетке сал.
3.Нанды таза тақтайға қойып тураған жөн.
4.Нанмен ойнауға, лақтыруға болмайды.

Жалпы балалар бүгінгі күні біз нан туралы айтып тұрған себебіміз, бізге оқулықта Қатқан нан тақырыбы беріліпті. Бүгін сонымен танысамыз. Бұл әңгімені орыстың ұлы ғалымы Сухомменский жазған екен. Енді тақырыпты оқып мазмұнын түсініп алайық. Содан соң сұрақтарға жауап алу.енді нан туралы мақал мәтелдер.

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
Өлеңнің мағынасын балаларға айтқызу.

Мақал-мәтелдер.
Еңбек етсей ерінбей,.............
Нан болса........
Арпа бидай ас екен,..........
Кім еңбек етсе...............

Сөз жұмбақ
1.Қойда бар,лақта жоқ,ойда бар, сайда жоқ. (о)
2.Мемлекеттік рәміздің бірі.(ту)
3.Ең жақын адам (ана)
4.Қасиетті тағам (нан)

Қорытынды:

- Міне, балалар бүгін біз нанның қасиетін біліп жатырмыз.
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Бұл әңгімені кім жазған?
- Неге үстелге қатқан нан алып келеді?

Енді мына ұйқас сөздерден өлең шығарып көріңдерші:
Мен мұғалімді сыйлаймын
Айтқанын тыңдаймын
Бәрін ұғып аламын
Мен ақылды баламын
Үйге тапсырма:Әңгімені оқып мазмұнын айтып беру.
16 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Егінші мен қасқыр
Егінші мен қасқыр
Ас атасы - нан, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы, Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Маусим Хамзеевна
Егінші мен қасқыр
Егінші мен қасқыр
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №32 орта мектеп-гимназиясының Бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жәңгірқызы
Сабақ жоспарлары
Сабақ жоспарлары
Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін жинақтай, тексере отырып, нанның жасалу жолы, қандай еңбекпен келетіндігі туралы түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×