Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Модульдық оқытудың жүйесі

11 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Модульдық оқыту технологиясында білім мазмұнын жетілдіру. Себебі, біз біртұтастық деңгейде беруіміз керек. Ал біртұтастықты қамтамасыз ететін технология болу керек. Мақсат, әдістер, тәсілдер, құралдар яғни нәтиже болу керек. Модульдық оқытуда да а) ұжымдық оқыту, ә) топтық оқыту, б) оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін арттыру. (ол үшін белгілі бір жағдай жасау) Оқыту әрекетіне ерекше мән беру керек. 1. талдау (не бар, не жоқ) 2. мақсат қою. 3. актуализация (тапсырманы орындауға қажетті өткен материалдарды еске түсіру) 4. жоспарлау (орындалатын әрекеттердің реттілігі) 5. орындау 6. тексеру 7. өзін - өзі бағалау. Әрекет үш тармақтан тұрады: 1. мазмұндық 2. амалдық 3. қажеттілік – себеп. Тақырыпты оқушыларға жеңіл түрде жеткізу. Дамыта оқыту: а) теориялық білім беру, б) теориялық ойлауын қалыптастыру (ғылыми ойлау) в) оқу әрекеті (абстрактылыдан нақтыға) г) оқушы – оқулық – мұғалім (мұғалім – бағыт беруші, жетекші)

Білімді бергенде: 1. ғылыми түрде жүйесін сақтап беру. 2. білім мазмұнын түбегейлі өзгерту. 3. танымды ойша айқындау. 4. ой байланыстарының жүйесін құра білу. 5. баланың ойын мұғалім жүйеге келтіру. Жалпының жекеге, жекенің жалпыға қатынасын ұғындыру. 6. баланың сезімін оята отырып, әсер ету болмаса, ғылыми ойлау қалыптаспайды. Оқу әрекеті базалық бағдарламада, берілген тапсырмалар, берілген ережелер бойынша жүзеге асады. Ал модульдық оқыту бойынша, оқу танымдық, мотив. (іштей талпыну, бұл не? деген сұрақ болады)
2. мотивті шешуге бағытталған жұмыс.
3. Нақты тапсырманы шешу үшін шартын жасау (алдыңғы әрекетті бақылайды)
4. Баланың өзі оқу әрекетіне ой жүгірту.
5. балада қарапайым ойлау емес, ғылыми ойлау пайда болады.

Схеманы береміз, сол бойынша балада ойлау, қорытынды шығару, өз ойлауы, өз бақылауы, мазмұндық талдауы болады. Оқу әрекетінсіз теориялық ойлау болмайды. Даму балада тежеледі, егер мұғалім өзі қарапайым ойлауда болса. Кім ізденіп жұмыс жасағысы келеді, кім жаңаша жасағысы келеді – ол жасайды. Модульдық оқыту жүйесіндегі негізгі мақсат баланы табандылыққа, шыдамдылыққа үйрету. (дұрыс емес деген сөзді айтпау) 1. Балаларды алғашқы іріктеу. Ол тек – шарт. 2. Баланың қабілетінің кеш ашылуы мүмкін.

Неге дайынды көшіртеміз? Жазу механизмін үйретуіміз керек. (мәтін бойынша сурет салдыру) Бала тежелмей ішкі ойын сыртқа шығара білу керек. Сол бойынша сөздік қоры дамиды. Балада ішкі талдау болады. Қиналғаннан оқушы кемімейді. Әр оқушы жеке тұлға болатын болса, ол ұжымда тәрбиеленеді. Әр баланың қарым – қатынас, тіл, іс - әрекет, зейін, түйсік, қабылдауы, ес, ойлау және қиялы, сезім, ерігі әр түрлі. Баланы объект ретінде қарамай, субъект ретінде қарауымыз керек. Білімді дайын күйінде бермей, баланың өзін ойланту, нақтылату, қорытынды шығару, салыстырту, қарапайымнан күрделіге көшу. Бала берілген жұмыстың жауабын тапқанша, үндемеу. Сабақтарда тірек сигналдарын пайдалану. Кітапты жапқызып, әр оқушыға ақ қағаз таратып, соған сыздырып, тексеру.

Түрлі жұмыстарды бастамас бұрын, М. Жанпейісованың тұжырымдамасы бойынша баланы зерттеуден өткізу керек. Оның бірнеше кезеңі бар: 1. Дайындық кезеңі. 2. баламен танысу. 3. зерттеу әдістемені құрастыру. Анықтау материалдарын жинау. 4. Жиналған материалдың саны, сапасы.

Тест жүргізу. Оның үш түрі бар: 1. Қабілетін анықтау. 2. Жетістік тест. 3. Проективтік тест (қандай мүмкіншілігі бар) Оқушылардың бағыт – бағдарын (қоғамдық, жеке, іскерлік) орындау мүмкіндігін, деңгейін (өзіне - өзі сенімді ме, істеген жұмысына қанағаттана ма, белсенділік, жігерлілік бар ма?) айқындау.
Оқушылардың зейін қойып оқитын және жете мән бермейтін пәндерін анықтап, себебін нақтылау. Ізденген мұғалімге әдістеменің түрлері көп. Оларды оқушылардың жас ерекшелігіне, оқушылардың құрамына қарай іріктеу қажет.

Дәстүрлі емес сабақтар: жұптасып оқыту, топтық жұмыстар т. б. Қорыта келгенде, теорияны оқушыларға жеңіл түрде жеткізу. Оларды ойландыру, іздендіру, жұмыс жасату, жеңілден күрделіге ауысу.
Мұғалімдерге қойылып отырған талаптың бірі – үздіксіз іздену. Мұғалімнің шеберлігі – озық тәжірибелерді, ғылыми жаңалықтарды, әр түрлі технологияларды сабақта қолдана білуінде.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. 1. Ой - өрістің жоғарылығы. 2. Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту. 3. Көркемдік әрекет. 4. Қатынас және белсенділік. 5. Қозғалғыштық.

Балалармен жұмыс істеуді мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1. бала бойындағы қабілеттерді бақылау. 2. потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. 3. есте сақтауы. 4. көзбен шолып анализ – синтез жасау. 5. сөзден тікелей анализ – синтез жасау. 6. пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік.
«Оқу мен жазу арқылы түрлі технологияны пайдалана отырып, ойлауды дамыту» - ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, толғанып жүрген мәселелерді шешуге бағыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын сәуле деп ойлаймын.
Осыған орай оқушыларымның жұмыстарын ұсынып отырмын. 4 - сыныпта «Ауыл – аймақ, көрші – көлем, аралас – құралас, ағайын – туған, дәстүр, әдет – ғұрып, тату – тәтті» тірек сөздерімен оқушылар түрлі тақырыпта әңгімелер жазды.

Ауыл – аймақ.
Біздің ауыл Қаратас ауылымен жақсы қарым – қатынас жасайды. Үйді – үйге шақырып аралас құралас болып, сый – құрмет көрсетеді. Бірімен – бірі өте жақсы қатынаста. Бәрі бір анадан туған ағайын сияқты. Осы халықтың бір ерекшелігі – дәстүрі, салты, әдет – ғұрпы өзгеше. Біз тату – тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Көктемнің бір күні.
Алақай! Көктем келді! Күн ашық. Аспанда бұлт жоқ. Желде жоқ. Ғабит орманның ішінде рақаттанып, таза ауа жұтып, серуендеп жүр. Айнала қалың орман. Қайың, қарағай, кішкене теректер де жайқалып өсіп тұр.
Орманда Наурыз тойы басталды. Бұлбұлдар сайрай жөнелді. Оларға жануарлар, құстар, құрт – құмырсқалар қосылып, тамаша оркестр құрды. Кішкентай балапандар ұяларынан мойнын созып қарап тұр. Ормандағы барлық жануарлар мен жәндіктер оянып, көктемді қарсы алып, тойлап жатыр. Бұл – көктем күнінің бір сәті.
Көшербаев Сәбит

Жазғытұрым.
Қаһарлы қыстан кейін жылы шырайлы көктем келді. Ал ұйқышыл жер болса, ұйқысын қимай енді ғана оянып жатыр. Сәби жерді оятқан – нұры мол Күн – ана! Қар болса жылаған баладай күнге өкпелеп, көктемге ренішін білдіріп, жерге бірте – бірте сіңіп кетіп жатыр. Жерге шөптер қылтиып шапшаң өсе бастады. Ағаштар да Күн құшағына еніп, бүршік ата бастады. Осыншама қысқа уақытта жер жасыл жібекке оранды. Құстар жер бетін, ана баласын сүйіп жатқандай жерді шоқып жүр. Қуаныштары қойнына сыймаған қарғалар, жерді қанаттарымен қағып, көктемді қарсы алды. Бұл кезеңде өзен де тыныш жатқан жоқ. Үстіндегі сеңдер сұлу аққудай байсалды жүзіп бара жатыр. Осы сәтте күн күркіреді, бұлттар күнді қызғанып түнеріп кетті. Бірақ күн нұрымен қара бұлттар аппақ мамық бұлтқа айналды.
Бөлекова Әйгерім

Өтірік өлең.
Түлкіменен дос болдым
Арыстанмен шөп ордым
Қасқырменен мал бағып
Балықпенен ән салдым

Сан есім. Өтірік өлең.
Екі маймыл үрді
Білектерін түрді
Жанжалдасып жоққа
Бірін – бірі сүйді

Құмырсқа болады екен өте мықты
Он бес аюды бірден жықты
Барлық аңды тең көрмей, жеңіп тастап
Ермаханмен жекпе – жек шықты мықты.

Жаңылтпаш.
Сабаққа мен кеше бардым,
Кеш барсам да «бес» алды
Шым – шытырық есепті
Ойланбастан шеше алдым.

Шылау. Көктем.
Жайма шуақ жылы көктем келді ме?
- Келді.
- Балалар ойнап, шоқ гүлдерді терді ме?
- Терді.
- Көктем саған ұнады ма?
- Ұнады.
- Неге?
- Жапырақтар күнде жайнап тұрады.

«Даму мен білім ешбір адамға беріле немесе айтыла салатын нәрсе емес, оған қол жеткізгісі келген әрбір жан өзі күш салуы тиіс» деген екен Дистерверг. Сондықтан, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа тәсілдері, түрлі технология, идеялар қажет. Мұғалімнің рөлі хабарлаушыдан ұйымдастырушыға өзгеріп, оқушыларға бағытталған қазіргі технологияларды пайдалана білуі тиіс.
4 438
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқаны жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Ақтау қаласы, Ж. Мыңбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Тарихи оқиғаларды ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету
Тарихи оқиғаларды ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймурзина Гүлназ Асқарқызы
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×