Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтар шеруі

12 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Мамандықтар шеруі
Мақсаты: Мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгерту;
Көрнекілігі: Проектор, слайд, видео, мамандықтар туралы суреттер

Барысы:
Сынып жетекшісі: «Мамандық туралы» мағлұмат. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеулері бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%- ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателеспепті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін таба аламыз деген сенімдеміз.

• Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Сұрақ - жауап:
Сен қандай мамандық иелерін білесің?
«Қандай мамандық» ойыны: Оқушылар мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді.
Би: «Қара жорға». Орындайтын сыныптың ер балалары

Тестік тапсырмалар: Ең ақшасы көп мамандық қандай?
• а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист
• Ең “жасыл” мамандық қандай?
• а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш
• Ең “тәтті” мамандық қандай?
• а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер
• Ең “күлкілі” мамандық қандай?
• а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш
• Ең жауапты мамандық қандай?
• а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер
• Ең салмақты мамандық қандай?
• Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер
• Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?
• а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

Ендігі кезекті әнге береміз. Сарыбай Гаухардың орындауында
«Домбыра туралы баллада»
• Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
• “Мен таңдайтын мамандақ

Шіркін - ай, күйші болсам, Шіркін - ай, әнші болсам, Шіркін - ай ғалым болсам,
Бал тамған бармағынан! Кәдімгі күміс таңдай! Тілдескен даналықпен!
Шіркін - ай, биші болсам, Шіркін - ай, батыр болсам, Әлемге мәлім болсам,
Шығып бір арманымнан! Айбаты арыстандай! Ашқан көп жаңалықпен!
Дәрігер: Мен дәрігер боламын
Үлкеннің де баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын
Ұшқыш: Ар - намысын сақтаған
Жүректе сыр жаттаған
Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді

Инженер: Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын
Жолын қуған әйгілі
Академик ағаның

Ақын: Ал мен ақын боламын
Сусылдаған қаламым
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын

Аграном: Нан беремін баршаға
Жер маманы болам мен
Барып жүрмін бақшаға
Аграном ағаммен

Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын
Сонда өзіміздің осы ауылдың
Бөбектерін оқытып үйретіп
Мұғалима боламын

Ән: «Сарбаздар әні» орындайтын Көптілеуова Жанасыл
Қорытынды: Мамандықтар шеруі

Сынып жетекшісі:
• Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.
• “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 919
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мамандық түрлері
Мамандық түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, мамандық таңдай білуге үйрету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұматтар беру. Дамытушылық: Оқушылардың маман иелеріне қызығушылығын және сыни
Менің мамандығым - менің болашағым
Менің мамандығым - менің болашағым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Алдабергенова Торгай Пралиевна
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Енсегенова Гулжамал
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×