Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандық түрлері

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Пәні: технология
Сабақтың тақырыбы: Мамандық түрлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, мамандық таңдай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың маман иелеріне қызығушылығын және сыни ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың икемділікке, талғампаздыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО технологиясы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар және жаттығулар.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суретте, слайд.
Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет т. б.
Үй тапсырмасын тексеру:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу;

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе: Алдымызда тұрған «Алма ағашына» әркім өзіміздің болашақ мамандықтарымызға немесе болашақтарымызға байланысты армандарымызды ойлап «алмаларды» ілеміз.

ІІ. Жаңа сабақ
«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

«Әріптерден басталатын мамандық» жаттығуы. Бұл жаттығудағы негізгі мақсат оқушыларға мамандық түрлерін таныстыру. Класты 2 - топқа бөлемін. Топтарға әріптер беріледі. Оқушылар міндеті сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазып, сол мамандықтар туралы өз пікірлерін айту керек.

А, Д, Ж, И, С, З, Ш, Т, М, Э

Агроном
Аспаз
Археолог
Артист
Аудармашы
Архитектор
Аудитор
Дәрігер
Дизайнер
Даяшы
Діни қызметкер
Дәнекерлеуші
Жазушы
Матрос
Мұғалім
Менеджер
Металлург
Машинист
Мүсінші
Сатушы
Слесарь
Спортшы
Инженер
Тәрбиеші
Тракторист
Тігінші
Таксист
Тілші
Инспектор
Информатик
Шекарашы
Шаштараз
Шахтер
Шофер
Эколог
Электрик
Заңгер
Зоотехник
Журналист
Экономист

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Төртбұрыш: Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңдағы адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш: Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
ІІІ. Қорытынды:
«Болашақта мен.... мамандығын таңдаймын, себебі...»
Тақтадағы күн сәулесіне өздеріңіздің болашақ таңдаған мамандықтарыңызды жазып, не себепті сол мамандықты таңданыңыз, сол мамандықтың бір күнін сипаттап беріңіздер.
Суретті тест:
Оқушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір - біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті ------- жақсы, көңілді.
Бұлттың суреті ----- орташа.
Гүл ------------- төмен.
Бағалау: «Алма ағашы» арқылы бағалау.
Үйге тапсырма беру: Мамандық туралы эссе жазып келу.
71 662
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Мың түрлі мамандық
Мың түрлі мамандық
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Енсегенова Гулжамал
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×