Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Тәнекеев. Қажымұқан

25 шілде 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушының әр ойын жинақтап айта білуін және тарихи танымын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сызба, слайдтар, шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
1. Оқушы қызығушылығын ояту.
Сабаққа әркез қатысып
Білімді шыңдап көрейік
Әрбір атқан таңменен
Бөленіп нұрға жүрейік.
2. Үй тапсырмасын тексеру;
А) Комбаттың әңгімесінің мазмұнын айту
Ә) Әлия кім? Оның ұқыптылығы неден байқалды?
3. Бекіту;
Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелден «Әлия» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру және шешу.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.
4. Жаңа сабақ: Бейнесөз шешу: Қажымұқан
Бұл кім? Ол жөнінде не білесіңдер?
2 кл «Алып бала» әңгімесімен таныстық.

Ірі денелі, балуан, дәу, қайратты,төзімді, күрескер

Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.

5. Оқулықпен жұмыс:
1. Оқушыларға тізбектей оқыту
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Мәтіннің әр бөлігіне ат қою
а) Күрес алаңында
ә) Батыл шабуыл

6. Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме жазу.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?
7. Сергіту сәті: Спорт туралы өз ойларын ортаға салу.
Денсаулық, өнер, ептілік, сұлулық, батырлық, шымырлық күштілік, шапшаңдық
8. Слайдпен жұмыс:
1. Қажымұқанның жетістігі
2. Қажымұқанның ескерткіші
3. Қажымұқан атындағы стадион
4. Лондон олимпиадасының чемпиондарымен таныстыру
5. Жерлесіміз Б. Қисықов туралы айту
9. Шығармашылық тапсырма:
Кім?
Қандай?
Не істеді?

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
Салауатты өмір салтын ұстану. Денің сау болу үшін не істеу керек?
- Ерте тұру
- Спортпен шұғылдану
- Денені таза ұстау керек
- Таза ауада серуендеу.
10. Сабақты бекіту: Қажымұқан туралы не білдік?
11. Үйге тапсырма: Қажымұқан мәтінін оқу, баяндау
«Спорт әлемі» тақырыбына әңгіме жазу.
12. Бағалау
17 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қажымұқан Н. Есенов
Қажымұқан Н. Есенов
Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың берген ойын, идеясын түсіндіру.
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Алып Қажымұқан палуан өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету. Есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Қажымұқан Н. Есенов.
Қажымұқан Н. Есенов.
Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың берген ойын, идеясын түсіндіру. Сөздік қорларын дамыту, тіл байлығын молайту.
Ғажайып адам
Ғажайып адам
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі
Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі
Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т. Б.
Қажымұқан
Қажымұқан
«Балқаш қаласы лингвистикалық бағытта жалпы білім беретін №16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Амандыкова Сагыныш Абдрахмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×