Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

01 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сан есімдерді сөйлем ішінен ажырата білу, жалғанатын қосымшаларға мән беру, түрлерін ажырата білу, сұрақ қоя білуге дағдыландыра отырып, өмірмен байланыстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сілтеме бойынша өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай туғызу, танымдық тапсырмаларды орындау кезінде, ой түйіндеуге, практикалық жұмыс кезінде өмірге қажеттілігін айыра білуге үйрету.
3. Тәрбиелік мәні: Көркем, сауатты жаза отырып, әсемдікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: талдау, салыстыру, жұптық, топтық жұмыстар, шағын зерттеу, дебат.
Сабақтың түрі: Тіл ұстарту.

Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Дебат
- Балалар, қазір қазақ тілі сабағы. Қазақ тілін тереңірек білу қажет пе?
1 - Топ Даттау:
- Қазақ тілін онсыз да білеміз, өйткені өз ана тіліміз ғой. Дегенмен қазір орыс тілі, ағылшын тіліне көбірек білу керек. Себебі оқу бітіріп, қалаға барсақ орыс тілі, шетелге барсақ, ағылшын тілі өте қажет. Сондықтан біздің топ орыс, ағылшын тілін көбірек білген деген ойдамыз.
2 – топ Жақтау: - Жоқ, біз алдымен өз тілімізді құрметтеуіміз керек. Мектебімізде, сыныпта кейбір балалар орыс тілін араластырып сөйлесе, оларға ескерту айтсақ өте орынды. Елбасымыз үш тұғырлы тілді біл деуде, сондықтан алдымен өз ана тілімізді, содан кейін басқа тілді меңгерсек болады.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар өздері алдын - ала даярлап келген тест жұмыстарын ұсынады. Тірек сызба арқылы өткен сабақты еске түсіреді.

Жаңа сабақ.
Не білу керек?
Сан есімді тереңірек түсініп, сөйлем ішінен таба біліп, байланыстыра сұрақ қоя білу.
Не істей білу керек?
Сан есім тұрлаусыз мүше ретінде басқа сөйлем мүшелерімен байланысқа түсуі, қолданылуы, атқаратын қызметін.
Әр оқушының алдына жадынама, тапсырмалар үлестіріледі. Оқушы жадынама бойынша, уақыт үнемдей отырып, әр тапсырманы әлі жеткенше орындайды.
1 - деңгей, жеке жұмыс
а). Оқулықтағы 34 - жаттығуды түсініп оқып, сан есімдерді тауып астын сыз. Сұрақ қой. Ой түйінде.
ә) Ережені еске түсір: Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді_________ дейміз. Сан есімдерге __________? ________?_________? деген сұрақтар қойылады. Сан есімдер сөйлемде ____________ мүшелер қызметін атқарады. Сан есімдер _______ түрге бөлінеді. Сан есімдерге мынадай____________ жұрнақтар жалғанады.
2 - деңгей, жеке жұмыс. Алдыңдағы сілтемені оқып
а) Осы ережені толықтыр. Тапсырмаларды орындау арқылы мұқият қарап шық: «Тізбектелген әрекеттер сызбасы» бойынша ой түйінде.

Тізбектелген әрекеттер сызбасына тұжырым жаса.

3 – деңгей, жеке жұмыс
А) Байланысты орнат:
Нәтиженің астына сәйкес әріптерді жазып қазақ ғарышкерінің тегін тап:

480 240 60 50 932 50 416 900

4 - деңгей, жеке жұмыс.
а) Санға байланысты мақалдар толықтыр:
1. Досыңды үш күн сынама, үш... сына.
2. Ат баспаймын деген жерді... басады.
3. Отыз тістен шыққан сөз,... рулы елге тарайды.
4. Дос егіз болса, дұшпан... болады.
ә) Жұмбақ
Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы.

б) Сандарға қатысты 5 сөз жаз.
Т ө р
О н т
Қ б о
С е ғ
А г ы
Н і з

в) «Кім тапқыр?» жоқ сөздердің орнына сан есімдер жаз.
а) Жаздың... (бір) күні, қыстың... (жүз) күнін асырайды.
ә)... (жеті) жұрттың тілін біл,
... (жеті) түрлі білім біл.
б)... (алтау) ала болса, ауыздағы кетеді,
... (төртеу) түгел болса төбедегі келеді.

5 - деңгей, жұппен жұмыс
а) берілген жұмбақ есепті оқып, талдаңыздар:
ә) жоспар жаса, мазмұнын түсін. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Жердің серігі - Ай. Ай бетінде 12 адам болды, олар ғарышта болған адамдардан 30 есе кем. Ғарышта неше адам болды?
б) шешімін ұсынып, дәлелдеп талдаңыздар.
_____________________________________________________________________________________
6 - деңгей, жеке жұмыс
а) Анықтамалықты түсіне отырып, дәлелде: Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы. 1994 жылы 1 маусымнан 4 қарашаға дейін ғарышта болды. Ол барлығы неше тәулік ғарышта болды, егер маусымда 30 тәулік, шілдеде 31 тәулік, тамызда 31 тәулік, қыркүйекте 30 тәулік екені белгілі болса?
_____________________________________________________________________________________
ә) Ғарышқа ұшудың қандай пайдасы бар деп ойлайсың, өз жауабыңды дәлелде
_____________________________________________________________________________________
7. Өз біліміңді бағала ___________________________
Схемалық бағалау.
5, 4, 3, 2
5 498
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Қарсылықты салалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Сын есім
Сын есім
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таджибаева Ақкенже Боранбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×