Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаулы мүшелер

17 тамыз 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Білімділік мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, жалаң, жайылма сөйлемдер туралы білімдерін кеңейту, сөйлем мүшелеріне талдау, сөйлем мүшелерінің байланысын анықтай білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Сөйлемді жүйелі құра біліп, өздігінен қорытынды жасай білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ізденімпаздыққа, зерделілікке, мақсатына жетер жолдағы қиындықты жеңе білетін батылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу, топтау
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, қима суреттер, аспан денелерінің макеттері

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Түсті таңдау арқылы үш топқа бөліну, оқушыларға сәттілік тілеу.
2. Психологиялық дайындық.
Түстер арқылы көңіл - күйлерін анықтау. Шаттық шеңберін құру. Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасау.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге өскен жандаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!

3. Көркем жазу.
Ғарыш әлеміне шолу жасау. Ғарышқа саяхат жасау үшін дайындықты тексеру.
1) Ұқсайды өзі шалғыға,
Елестет көз алдыңа.
Қане, ойланып табайық,
Болды екен бұл қай әріп? (Ғ әрпі) Ғ әрпінің артикуляциясы.
Ғ әрпін бір жол жазу.
2) Жұптық жұмыс. Қима қағаздар тарату. Әр топ қима қағаздарды біріктіріп, тұтас бір бейне құрастырады. Осы бейне суреттерден ғ дыбысы бар сөздердің атауларын дәптерге жазу.

4. Үй тапсырмасын тексеру. Жерге саяхат жасау.
Зер – зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем.(Жер)
Жер туралы қосымша дерек айту.
1) Мақалдарды жалғастыру: Жер -?, Су -?, Мал -?.
Ережені еске түсіру.
2) Суретті сызбамен жұмыс. Сөйлем ойлау, талдау.
1 - топ: Бастауыш -?
2 – топ:? - баяндауыш.
3 - топ: Зат есім -?.

5. Жаңа сабақ. Марсқа саяхат жасау.
Жарқырайды, қызыл шоқтай жанады,
Бұрқырайды құмды дауыл бораны.(Марс)
Марс туралы қосымша дерек айту.
Диаграмма бойынша жұмыс. Үш топқа болжам жұмыстары таратылады. Оқушылар осы тіршілік ортасына бейім жануарды табады. Сөйлем құрастырады, ережені өздері қорытындылап шығарады.
6. Сергіту сәті. Құйрықты жұлдызға саяхат жасау. (музыка әуенімен)
Санаймыз қанша, білмейміз,
Түнімен көз ілмейміз.(Жұлдыздар)

7. Кітаппен жұмыс. Шолпанға саяхат жасау.
Шығыстан туады,
Шашырап шуағы.
Батыстан шығады,
Аспанның сұлу шырағы.(Шолпан)
Шолпан туралы дерек айту.
69 - бет. 172 - жаттығу. Дәптерге көшіріп жазу, сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табу
Тұрлаулы мүшелер туралы ұғымдарын тиянақтау, ұқсастығын, айырмашылықтарын табу.

8. Бекіту. Күнге саяхат жасау.
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.(Күн)
Күн туралы қосымша дерек айту.
Венн диаграммасы.

9. Қорытынды.
Мұғалім: Балалар, «Талапты бала – талпынған құстай, Құмары қанбас аспанға ұшпай»- дегендей, сендер өздеріңді нағыз ғарышкерлерше ұстадыңдар. Ғарыш әлемі жұмбаққа толы. Ертеңгі күні ғарышкерлердің жолын қуып, аспан денелерін зерттеп, жаңалық ашып, ғылымға зор үлес қосарсыңдар. Мен сендерге сенемін!
Топтардың әр түсті дөңгелекті таңдауларына қарай бағалау.

10. Үй тапсырмасын беру. Халық болжамдарын іздестіру.
4 894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Теректі ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Нурпеисова Маркаба Болатовна
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×