Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ибн-Сина. Сусын ішу тәртібі

17 қыркүйек 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оқушыларды салауатты өмірге, денсаулығы мықты болуға тиіс су туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, сөздік қорын молайтып, байлығын дамыту.
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге, суға шомылу арқылы дені сау адам, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ, аралас сабақ.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, көрнекілік, болжау, ой түйіндеу, шығармашылық тапсырмалар беру.
Пәнаралақ байланысы: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Ибн - Синаның суреттері, деректер, су туралы бейнебаян, слайдтар, интерактивті тақта, музыка.
1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық слайдтар № 4 - 5
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қасиетті бейсенбі күні
Сәттілікке толсын. Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік болсын. «Бүгінгі күніміз жарқын болсын»- деп сабағымызды бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру слайдтар №6 - 7 Сәйкестендіру.
1. І. Жансүгіровтың өлеңі қалай аталады?
А) Табиғат Ә) Жазғытұрым Б) Жер - ана
2 «Мақтаншақ бұлақ» әңгімесіндегі оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
А) Көктем Ә) Жаз Б) Қыс
3 Үлкенмін ғой мен енді
Жудым бүгін еденді... сөздері қай өлеңнен алынған?
А) Кел, балалар, оқылық Ә) Сегізінші наурыз күні Б) Жер - ана
4. «Табиғатты бүлдірмейік» өлеңінде не туралы айтылған?
А) ауыл көрінісі Ә) табиғатты қорғау Б) көктем мезгілі туралы
5. «Қарлығаштың қасиеті» деп аталған мәтіннен үзіндіні тап.
А)... Бұл сонда ұя лас болмасын дегені ме?
Әлде, адамдардың басына түсіп, үстін бүлдіреді дегені ме екен?...
Ә)... Ұйықтап, демалып келген Арман оның үстіне сырғанақ тепті....
Б)... Жаңбыр толассыз жауып тұр....
3. Жаңа сабақ слайд №. 8
а) Жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
б) Су туралы бейнебаян.
в) Су туралы ассоциация құру және жазу слайд №.- 9. Оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетінін деп төмендегідей интерактивті тақтада жазады:

Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін слайд № 10. Топтастыру №- 11 - 13 слайдтар топтардың аттары. 4. Кіріспе әңгіме слайдтар №14 - 15 - 16. Әбу Әли ибн - Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн - Синаның аты - жөні Әбу Әли Құсайн ибн - Абдолла ибн - Сина. Ол 980 жылы Бұқар қаласының маңындағы Афшана қыстағында тәжіктің отбасында дүниеге келген. Бұл тұста Бұқар Орта Азиядағы аса ірі мәдени орталықтардың бірі болатын. Әбу Әлиді бес жасында Бұқардағы мектепке оқуға береді. Әбу Әли он жасында құранды түгел жатқа айтатын болады, грамматика, стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Осыдан кейін бүкіл Бұқарға белгілі философ Натилиден логика, философия, математика, заң ғылымдары бойынша дәріс (сабақ) алады. Геометрияны Евклид бойынша, ал астрономияны Птоломей бойынша өздігінен оқып - үйренуге кіріседі. Ол, әсіресе, медицинамен қатты әуестенеді. Ежелгі гректің ұлы дәрігерлері Гиппократ, Гален, Шығыс медицина білгірлерінің еңбектерін оқуға үлкен зейін қояды. Сонымен Әбу Әли 18 жасқа жетпей - ақ білгін, зерделі оқымысты атанады. Он сегіз жасында Әбу Әли Аристотельдің данышпандық мұраларын игеруге кіріседі. Хорезмнің саяси жағдайы, Махмұд Ғазнауидің озбырлықтары Әбу Әлиді Хорезмнен де кетуге мәжбүр етеді. Тарихшылардың айтуынша, Әбу Әли өзінің ғылыми - философиялық трактаттарының басым көпшілігін осы кезеңде жазған. Олар – «Медицина негіздері», «Сауығу кітабы» т. б. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата - анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп - мактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, оның ана тілі парсы - дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геометрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды. Өзінің күш - жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 57 жасында 18 маусымда қайтыс болды. Әлемге аты әйгілі ғалымдардың ішінде Ибн - Синаның орны ерекше. Өйткені ол кемеңгер ойшыл, асқан ақын болуымен қатар дәрігер де еді. Ұлы дәрігер Ибн - Сина денсаулық туралы кейбір еңбектерін өлеңмен де жазған.
5. Оқулықпен жұмыс слайд №17. (Өлеңді мәнерлеп оқу - әр топтан 1 оқушы).
6. Жаңа білімді бекіту.
1 - топ. - Өлеңде не туралы айтылған?
2 - топ - Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
3 - топ - Таза судың пайдасы туралы айтып бер.
Су туралы білетін өлеңдеріңді жатқа айту.
Сергіту сәті.- слайд №18
7. Су туралы мақал - мәтел айту.- жетон беріліп отырылады. Слайд №19 - 20
8. Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін: Дәптермен жұмыс. Слайд №21
I топ - эссе жазады авторлық орындыққа ие болып 1 - оқушы оқиды.
II топ - сурет салады - суретін қорғайды
III топ - өлең шығарады - өлеңін оқиды
9. Тапсырманы орындағанда музыкасымен слайд көрсету. «Су - өмір көзі»
ЭССЕ «Су - өмір көзі»
5 жолды өлең:
Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын
10. Бағалау. Слайд №22 Оқушыларды бағалау - жетондарын санау, бағалау парағына енгізу, ортаға шығып, әр оқушының қолына әріптерден құралған «Жарайсыңдар!» деген сөзбен оқушыларды мадақтау және сусынның түр - түрін сыйға тарту.
11. Үй тапсырмасы. Слайд №23 - 24
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Су, денсаулық туралы мақал - мәтел жинау.
10 060
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Аюдың әулеті
Аюдың әулеті
Өлеңді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, табиғаттың құпия сырлары туралы түсінік беру. Оқушыларды салауатты өмірге, денсаулығы мықты болуға, табиғатты қорғауға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдік - тірі ағза
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылы, «Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша» КММ - сінің бастауыш сынып мұғалімі Сейсекенова Лаура Байкенжеқызы
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байсүгірова Рахат Жақсымұратқызы
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
Бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Ж. Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×