Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай «Қыс»

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай «Қыс»
Сабақтың мақсаттары:
1) Ұлы ақын өмірінен мағлұмат бере отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушыға қыстың қатаң көріністерін түсіндіру.
2) Байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3) Ізденімпаздыққа, табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Әдісі: Ізденушілік, дамытушылық.
Түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Қыс суреттері. А. Құнанбаевтың суреті, тірексызбалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
Біз бақытты боламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз.
Оқып білім аламыз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
« Өткен өмірден» бөлімі бойынша дайындалған тест.

1. «Мың жылдан артық уақыт өтсе де» ұмытылмаған кім?
а) Бұқар жырау.
ә) Әбу Насыр әл - Фараби.
б) Т. Рысқұлов.

2. Әбу Насыр әл - Фараби: « Ассам дағы сексен жастан, сәбиіңмін, балаңмын» - деп кімге, неге қаратып айтқан.
а) Анасына
ә) Әкесіне
б) Отанына, туған жеріне.

3. Бөгенбай, Абылай хан, Қабанбай, Наурызбай батырлар туралы жырлардың авторы кім?
а) Төле би.
ә) Қазыбек би.
б) Бұқар жырау.
в) Әйтеке би

4. « Әлихан Бөкейханов» өлеңінің авторын көрсетіңдер?
а) Ж. Жабаев.
ә) Бұқар жырау.
б) М. Әлімбаев.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта « Қыс бейнесі» бөлімін бастаймыз. Сұраққа жауап алу.
- Жылда неше мезгіл бар?
- Төрт.
Әр мезгілді атау және ерекшеліктеріне көңіл бөлу.
- Балалар, біз Абайдың « Қыс» туралы өлеңін оқимыз.
Абай туралы не білеміз?
Оқушы ойын тыңдау.
Абай

Сазгер, ағартушы, ұлы ақын, шешен, тәрбиеші, ойшыл, аудармашы

1. Абай ақын. Оқу білімге шақырған өлеңдері:
«Ғылым таппай мақтанба», « Интернатта оқып жүр», « Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
2. Табиғат суретшісі: «Қансонарда», «Қыс», « Жаз», « Күз», «Жазғытұрым».
3. Аудармашы. « Шегіртке мен құмырсқа», « Қарға мен түлкі».
4. Сазгер. «Көзімнің қарасы», « Желсіз түнде жарық ай»,« Сегіз аяқ», «Бойы бұлған», т. б.
5. Данышпан. « Қара сөздері».
Абайдың 500 - ге тарта өлеңдері, 45 қара сөзі т. б. шығармалары бар. Абайды бүкіл дүние жүзі біледі. Дүние жүзіне таратушы - Мұхтар Әуезов.

ІV. Тақырыппен жұмыс.
а) «Қыс» өлеңін оқу.
ә) Өлеңді балаларға оқыту.
б) Мәнерлеп оқу минутын өткізу.

в) Сөздік жұмыс.
Алты - қанат - киіз үйге байланысты.
Долдану - ашу, ыза.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Оқшырайтып - бір шекесіне сәндеп кию.
Ұшпа - жеңіл, жұқа қар.

V. Ізденушілік әдіс.
Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеген сөзді тауып дәптерге жазу.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті басы ақ қырау, түсі суық.
- Шалдың киімдері қандай дейді?
- Киім деп отырғаны несі?
- Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
- Суық дегенді қадай түсінесіңдер?
- Соқыр - мылқау дейтін себебі не?
Бұл өлеңде Абай атамыз қыс мезгілінің қатал, суық көрінісін, қысқы табиғатты суреттеп жазған.

VІ. Логикалық тапсырма.
Қыс туралы жұмбақтар мен мақалдар айту, талдау.
«Қыс» сөзіне ассоциация құру. (актив студия)
Қыс

Не? ------------ Неге тәрбиелейді?
Ызғар -------- Несімен ----------------- төзімділікке
Суық --------- әдемі? ------------------- шыдамдылыққа
Аяз ------------ Ақша қарымен ------- денемізді шынықтыруға
Таза ауа ----- Ұлпа қарымен
----------------- Күмістей ақ
----------------- Шағылысқанымен

VІІ. Сергіту жаттығулары.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.

VІІІ. Топпен жұмыс.
І - қатар. Абай туралы шағын әңгіме жазу.
ІІ - қатар. Қыс туралы сурет салу және өлең оқу.
ІІІ - қатар. Қыс туралы сурет бойынша әңгіме жазу.

ІХ. Қорытынды кезең.
Сонымен біз нені білдік?
Нені білуші едік? (Қыс мезгілін, Абайды)
1. Абай туралы ойымызды кеңейттік.
2. Қыстың ерекшеліктері туралы білдік.

Х. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау. Қыс туралы сурет салу.
ХІ. Білімді бағалау.
5 551
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×