Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

31 тамыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сыни тұрысынан ойлау стратегиясы, деңгейлеп саралау технологиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, Венн диаграмасы.
Көрнекілігі: Портреттер, саяси карта, ойын «Сиқырлы сандар», «Сиқырлы балықтар»
Сабақтың пән аралық байланысы: Жаратылыстану, қазақ әдебиеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Миға шабуыл (Сұрақтар)

1.Ұлы Жібек жолы дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2.Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы өтті?
3.Ұлы Жібек жолы қай кезеңдерде өмір сүрді?
4.Ұлы Жібек жолында тасымалданған тауардың ең бағалысы?
5.Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алып, қай жерден аяқталған екен?
Оқушыларды үш топқа бөліп, сайыс сабақ түрінде өткізу.
«Сиқырлы сандар» ойыны

Тақтадағы 16 сыйқырлы сандар сыныбымыздағы 16 оқушыға арналған. Әр топ бір - бір оқушыдан шығып, сұрақтарға жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсек, санды керісінше айналдырып ретімен қойсақ, сыйқырлы сандардан портрет құрай аламыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
- Біз тақтада кімнің портретін құрастырдық?
- Әбу Насыр әл - Фарабидің

Сабағымызды қорытындылайтын болсақ, Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Тараз, Созақ, Отырар қалалары арқылы өткен екен. Осы Отырар қаласында Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл - Фараби дүниеге келген екен.
Отырар Әл - Фараби туған қала
Таң қалған ол туғанда барша дала
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да
Дәрігер өз халқына болған шипа
Осы өлең шумақтарынан қай қаланың атын естідік?
Отырар қаласында кім дүниеге келген екен?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл - Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Сиқырлы балықтар» ойыны.
Отырар қаласы орналасқан Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзеніне саяхат жасайық. Арыс өзеніне сыйқырлы балықтар бар екен, ол балықтарда деңгейлік сұрақтар жасырылған. Алтын балықтағы сұрақтар күрделі, ал күміс балықтағы сұрақтар сәл жеңілдеу. Ал, ол балықтарды мына алтын қармақтар арқылы ұстайық. Бірақ бұл ойынға топ басшылары қатыспайды.

1-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби кім?
2-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби өмірі жайлы әңгімеле.
3-тапсырма: Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
4-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби замандастары:
5-тапсырма: Отырар қаласы жайлы не білесің?
6-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы:
7-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді?
8-тапсырма: Әл - Фарабидің толық аты - жөні

9-тапсырма: Отырар қаласын кезінде қалай атаған?
10-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай тілдерді меңгерген?
11-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?
12-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы
ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
VІ. Жаңа сабақты бекіту.

Әрине балалар, Әбу Насыр әл - Фарабидің көзқарасы Абай Құнанбаевпен үндеседі. Ендеше топ басшылары шығып, Венн диаграммасы арқылы Әбу Насыр әл - Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындасын
1-қатар: Әбу Насыр әл - Фарабидің ерекшелігін
2-қатар: Абайдың ерекшелігін
3-қатар: Екеуінің ұқсастығын жазады
Балалар, Әл - Фараби, Абай аталарымыздың тарих, жаратылыстану, әдебиет салаларына сіңірген еңбектері зор. Міне сол себепті де, олардың аттарын мәңгілік жадымызда ұстау үшін, қазіргі таңда мектеп, лицей, тіпті жоғарғы оқу орындарына Әл- Фараби, Абай аталарымыздың аттары берілген. Және де ауыл, қалаларда осы кісілердің есімдерімен аталатын көшелер бар
VІІ.Жаңа сабақты қорыту.

Олай болса балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.
Кәне, балалар, кім өнер - білім туралы мақал - мәтел біледі?
Әл - Фараби бабамыздың аты 1150 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңықы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.
VІІІ. Үйге тапсырма.

Әбу Насыр әл- Фараби туралы шағын әңгіме құрастыру.
Оқушыларды бағалап, жеңіске жеткен топқа білім кілтін табыстау.

Абжаппарқызы Мира
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы.
Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке
дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі
47 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы Конспект 10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл - Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған.
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен"
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен"
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен" Топтық жұмыс арқылы оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз - Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру;
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі
Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Өнерлі жігіт
Өнерлі жігіт
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Динара
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×