Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған тренинг-жаттығулар

21 сәуір 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.

Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.
Ойынның өтілуі барысы:
Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.

«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.

«Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
27 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру.
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т. б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек.
Саяхат
Саяхат
Мақсаты: заттарды аз - көп, көлеміне қарай санау арқылы үйрету. Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, дөңгелек пішіннен көпір құрастыру. Ұсақ сезім моторика мүшелерін дамыта отырып, қыстырғышпен жұмыс жасауын қалыптастыру. Балаларды қызығушылыққа,
Балабақшада ағылшын тіліне арналған дидактикалық ойындар
Балабақшада ағылшын тіліне арналған дидактикалық ойындар
Педагог қолына карточкада сабақтың кейіпкерлерінің бейнеленген суреттерін балаларға көрсетіп ұстап, айтады. «Hello. I am Mum». Балалар көрсетілген кейіпкермен амандасады, танысады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×