Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Еңбекке баулу
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс. Құттықтау ашық хат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қағаз және қатырма қағаздың маңызы жайлы білім беру.
Дамытушылық: Қағазбен жұмыс істеулерін жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелік: Құттықтау хаттар арқылы оқушыларды сыйластыққа, әсемдікке, әрбір адаммен дұрыс қарым – қатынас жасауға, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: аппликацияның түрлі үлгілері, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, дәптер, қалам т. б, қатырма қағаз.
Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақты түсіндіру
Сыйлықты ұсыну да, қабылдау да — өнер
Сыйлықты дұрыстап ұсына біліңіз. Өйткені қаншалықты бағалы сыйлық болғанымен, жөн - жосықсыз бере салу ешқандай әсер қалдырмайды. Сыйлықтың бағасын еш айта көрмеңіз және кешіктірмей жеткізіңіз. Бір күнге кешіккен бағалы сыйлықтың да қадірі болмауы мүмкін. Сыйлықты шын көңілден, жадыраңқы көңілмен ұсыну сыйлық бағасын одан әрі асқақтатып, сыйлық алушыны шаттыққа бөлейді.
Ал сыйлықты алған кезде оны бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Алғыс айту – көңіл білдіру мен сыйласымдық белгісі. Сыйлықты қабылдар кезде сыйлық берушінің қолына емес, өзі мен көзіне қарау керек. Сыйлық талғамыңыздан шықпаса да, оған ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, алғыс айтуға тиіссіз.

III. Сарамандық жұмыс. Кіріспе нұсқау.
Құттықтау ашық хатын жасау технологиясы:
1. Пішінді сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Қағаздың түр түсінің үйлесімділігін анықтап таңдап аламыз.
3. Жүрек пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Жүрекшенің сыртқы бөлігіне гүл күлтелерін жапсырып сәндейміз.
5. Ішкі бөлігіне жақындарымызға тілек жазамыз.
Нәтижесінде түрлі - түсті әсем құттықтау ашық хаты пайда болады.

IV. Сабақты бекіту: оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау, бағалау.
V. Үйге тапсырма
26 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнбағыс панносы
Күнбағыс панносы
Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия технология пәні мұғалімі Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Қатырма қағаздан қуыршақ қию
Қатырма қағаздан қуыршақ қию
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Қағаздан жалауша жасау
Қағаздан жалауша жасау
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смайлова Ақкенже Жылқыбайқызы
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×