Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жіппен бейнелеу «Тұмар»

30 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Технология
Тақырыбы: Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Мақсаты: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу, эстетикалық талғамын арттыру, бұйымды әсем безендіре білуге, ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас, сарамандық
Пәнаралық байланыс; бейнелеу өнері, математика, сызу, тарих, қазақ тілі.
Құрал - жабдықтар: қайшы, ине, картон, циркуль, қарындаш, жіп мулине, өшіргіш..
Көрнекіліктер: үлгілер, схемалар, буклет, нұсқау
картасы, жіппен бейнеленген картиналар

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) мұғалімнің сабаққа дайындығы
б) оқушылардың сабаққа дайындығы
в) Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ. Кіріспе
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Әр топқа үлестірмелі нұсқау карталарын тарату.
Жұмыс бастамас бұрын оқушылармен еңбек қауіпсіздігі ережелерін.(инемен, қайшымен жұмыс) қайталау.
Жіппен бейнелеу.
Кесте тігу - халық өнерінің бір түрі. Ол ерте кезден белгілі. Оны киімді, үй жиһаздарын әсемдеу үшін пайдаланған. Әр халықтың өзіне тән ою - өрнек түрлері, кестелеу тәсілдері, өзіндік мәнерлеу ерекшеліктері қалыптасқан. Әдетте қарапайым маталар мен жіптерден иненің көмегімен әсем бұйымдар жасалады.
Кестені қатырма қағаз бетінде орындауға болады. Ол үшін қағаз бетіне инемен тесіктер тесіп, ине жіпті сол тесіктерден өткізу арқылы өрнек шығаруға болады. Мұндай қарапайым, әсем бұйымды - жіппен бейнелеу «изонить» деп атайды. Ол қымбат материалдарды қажет етпейді. Оған тек қатырма қағаз бен жіпті ғана қолданады.
Жіппен бейнелеуді орындаудың принципі өте қарапайым.
Оны шеңбер және бұрыш толтыру арқылы орындайды. Әр түрлі әсемдік бұйымдарын жасап шығаруға болады.
Жіппен бейнелеу техникасымен құттықтау ашық хат, кітаптың мұқабасын безендіруге және әр түрлі панно жасауға болады. Панно - қоғамдық мәдени орындарды, үй ішін көркемдеу үшін жасалатын өнер туындысы.

ІV. Ағымдағы жұмыстар.
Әр оқушымен қажеті болса жекелей жұмыс жүргіземін.
V. Қорытындылау.
Оқушылардың жасаған бұйымдарын жинап, көрме ұйымдастыру.
10 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас–үй жабдықтары
Ас–үй жабдықтары
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Жіппен бейнелеу өнері
Жіппен бейнелеу өнері
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі, еңбек пәнінің мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Панно түрлері
Панно түрлері
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×