Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем қарбаласы

30 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Көктем қарбаласы.

Мақсаты:
1. Көктемнің жануарлар тіршілігіне өте елеулі өзгерістер әкелетінін ұғындыру.
2. Өлі табиғаттың көктемгі өзгерістерінің тірі табиғатқа тигізер әсері жайлы түсінік бере отырып, оқушы ойын дамыту.
3. Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Суреттер, кодоскоп, таратпа материалдар.
Әдісі: Проблемалап оқыту, сұрақ – жауап әдісі, СТО элементтері

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап әдісі:
1. Үйге не берілді? (Құралай желі)
2. Құралай дегеніміз не?
3. Құралайдың көзіндей дегенді естулерің бар ма?
4. Құралайдың түсі қандай?
5. Құралайдың жауларын ата.
6. Құралайды анасы шөп арасына тастап кеткенде қайда кетеді деп
ойлайсыңдар? (проблемалық сұрақ)
7. Көктем ортасында жауын-шашындатып, қатты соғатын желді неге «Құралай желі» дейді?
Мәтіннің мазмұнын айту.
«Топтастыру» ойыны
Жануарлар тіршілігіне не қажет?
Ауа, жарық, қорек, су, жылу

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мағынаны ашу
«Аю туралы» ертегі
/Жаңа сабақ пен үй тапсырмасын жалғайтын көпір/
- Балалар, қыста аю қайда болады деп ойлайсыңдар?
- Неге ол қарды білмейді? /проблемалық сұрақ/
Неге ол ұйқыға кетеді?
Қорегі жеміс – жидек, шөп тамырлары. Оның барлығы қыста қардың астында қалады. Қатты аязда аршып жеу қиынға соғады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.
Сондықтан күзде семіріп денесіне май жинамаса, аю апанда жатпайды. Қыс бойы долданып аш құрсақ күн кешеді. Мұндай аюлар өте қауіпті.

2. Қызығушылығын ояту.
Әлемде талай қызық бар. /қосымша түсінік/

Жануарлар әр түрлі қалыпта ұйықтайды. Жарқанаттар, сайсақтармен бұтақты бүріп, аяқтарына асыла, басын төмен салбыратып ұйықтаса, үй жануарлары көпшілік жағдайда түрегеп тұрып, ал түлкі болса, өзінің үлпілдеген құйрығын басына жастық етіп, бұйығып ұйықтайды.
Ал ақ аю /күн жылы болса/ бауырын жерге төсеп ұйықтайды. Күн салқында бір жақ бүйірінен жатып аяқтарын бауырына жинап алады.
Қоңыр аю ұйықтағанда шалқасынан жатады. Кейбіреулері отырып та ұйықтайды.
Ал қаңтар, ақпан айларында балалайды. Оның баласы әдетте екеу болады.
- Аюдың баласын қалай атаймыз? /Қонжық/
- Аю ұйқыда. Баласы қалай күн көреді? /Емеді/
- Ендеше жануарлардың қай тобына жатқызамыз? /Сүтқоректілер/

3. Ой қозғау.
- Қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан аюды апанның төбесіне сырт – сырт етіп денесіне тамған тамшы оятып жіберді. Ояна бастаған аю не болғанын түсінбестен апаннан сыртқа шықса, айнала қаптаған су. Маңай тіпті өзгерген.
- Бұл су қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? /Күн жылынды. Қар еріді. Топырақ жібіді. Бәйшешек гүл атты. т. б./
- Расында да күзде ұйықтап, қар кеткенде оянған аю қарды көрді ме?

♦ Оқулықпен жұмыс. / оқыту/
- Егер аю баласын қыс ортасында туса, оның ұйқысы қандай деп ойлайсыңдар? /Сергек. әлсін - әлсін оянып тұрады./
♦ Мұғалімнің беретін қосымша түсінігі.
Көктемде сонымен жан – жануарлар төлдейді. Көбінің қалың ескі жүні түсіп, орнына жұқа, жаңа жүн шығады. Мұны «түлеу» дейді.
♦ Сабақтың мазмұнын жергілікті табиғатпен байланыстыру.
- Өз жерімізде ұйқыға кеткен қандай жануарларды білесіңдер?
/саршұнақ, борсық, кесіртке, жылан, бақа./

IV. Ой қорыту.
♦ Тірек сөздермен жұмыс.
Оянды. Балалады. Түлейді. Пайдалы.

4. Топтастыру стратегиясы.
АЮ
Тірі
Пайдалы жануар
Сүтқоректі

Пайдасы: еті өте құнды дәрі, етін туберкулез (өкпе), іш аурулары, сары ауру, көз қарығуы, қатерлі жаралар емдеуге пайдаланады.
Қорғауға алынған.

V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, тақпақ, ертегі, жұмбақ жаттау.
VІ. Бағалау.
8 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін дәлелдеу тәсілдерін қалыптастыру
Көктем қарбаласы
Көктем қарбаласы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
С.Сейфуллин "Ақсақ  киік"
С.Сейфуллин "Ақсақ киік"
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті,№3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Көктем қарбаласы
Көктем қарбаласы
Ақтөбе қаласындағы №34 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусипова Тлектес Муханбеджановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×