Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарышқа ұшу

04 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі. 1 сынып
С/тақырыбы: Ғарышқа ұшу. 203 - 204 жаттығу
С/мақсаты:
а) білімділік: Мәтін мазмұнын ұғындыру. Өз сөзімен әңгімелеп айтып беруге үйрету, сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: Дұрыс оқу дағдыларын, сөздік қорын молайту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тарбиелік: Білімге шақыру. Адамгершілікке, саналылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
С/типі: Саяхат сабақ.
С/әдісі: Сұрақ - жауап, ассоц., венн диаг., топ. б.
С/көрн: Ғарыш әлемінің суреті, «Ғарыш кемесі», «Ұшатын тарелка», «Сиқырлы кілем», суреттері, табиғат құбылыстарының суреттері, видиокассета.
С/барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Ғарышқа саяхат.
1. Оқушыларды 3 топқа бөлу
- Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы деп аталады. Бүгін ғарышқа саяхатқа шығамыз. Шыққыларың келе ме?
- Ал, балалар онда «ғарыш» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
- Енді балалар, сендерді ғарыш кемесіне отырғызайын.
1 - топ «Ғарыш кемесіне»
2 - топ «Сиқырлы кілемге»
3 - топ «Ұшатын тарелкаға» отырады.
- Ал, балалар, ғарышқа аттанайық.
Сонау ең биікте қып - қызыл жұлдыз тұр. Ең бірінші жеткен топ соны алады.
- Балалар, аспан бұлттана бастады. «Бұлт» патшасы мына тапсырмаларды орындасаңдар жолдарыңды ашамын дейді.

I. Үй тапсырмасы. «Геолог» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
II. – Алдымыздан қатты жел тұра бастады. Жел патшасы мына тапсырмаларды орындасаңдар жолдарыңды ашамын дейді.
Өткен сабақты еске түсіру.
1 - топқа: «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген мақалда заттың санын білдіретін сөзді табу және ережені айту.
2 - топқа: Менің қызыл көйлегім бар. Заттың сынын білдіретін сөздерді табу, ережесін айту.
3 - топқа: Ержан тақтайды кесті. Заттың сынын білдіретін сөзді табу, ережесін айту.
Слайд арқылы осы ережелерді көрсету.

III. – Балалар, енді жаңбыр патшасы да өз тапсырмасын орындамаса, жолды ашпайтынын айтады.
Жаңа сабақ. «Ғарышқа ұшу» 203 - 204 жаттығу.
1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2. Мазмұндауы.
3. Оқушылардың оқуы.
4. Сұрақ - жауап:
1 - топқа: Адамдар қайда ұшуды армандайды?
2 - топқа: Тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
3 - топқа: Қазақтан ғарышқа кім ұшты?
1. Кім маған осы мәтіннің мазмұнын айтып береді?

IV. Бейнеүзік (видеокассета) көрсету.

2. - Ю. Гагарин мен Т. Әубәкіров туралы не білдіңдер?
Венн диаграммасына салу.
Екеуі де ғарышкер
Ю. Гагарин - 1961ж 12 сәуір тұң. ғар. орыс
Т. Әубәкіров - 1992 ж. 2 қазан қаз. тұң. ғарышкер
V. Сергіту кезеңі:
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жаяйық.
Қалығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.

VI. Балалар, енді қар жауа бастады. Қар патшасы 203 - жаттығуды орындаңдар дейді.
203 - жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазыңдар.

Байқоңыр.
Ғарышкерлер мекені -
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай соған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!

VII. С/қорытындылау.
1. – Балалар, енді бұршақ жауа бастады. Бұршақ патшасы «Мен болашақ ғарышкермін» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңдар дейді.
2. Жұлдыз жеңімпаз топқа тапсырылады.
3. Балаларды бағалау.
4. Үйге: 1. «Ғарышқа ұшу» мәт. оқу. мазм.
9 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не?
Астрономия ғылымының ерекшеліктерін анықтайды. Астрономия ғылымы туралы әңгімелейді Қоршаған ортаны танып - білу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ғарышқа сапар
Ғарышқа сапар
Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Ғарышқа саяхат. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша  көбейту
Ғарышқа саяхат. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Құспанова Ләззат Рымғалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×