Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер

18 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
С/ тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.
С/ мақсаты:
Білімділік: мемлекеттік рәміздерді білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: өз Отанын, туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
С/әдісі: топпен, жұппен жұмыс, диалогты оқу, жеке жұмыс, рефлексия.
к/құрал: интерактивті тақта, флипчарт, карточка.

С/барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Оқушылар шеңбер құрып, бір - біріне тілек тілейді. /әуен/

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен сабақтың тақырыбы қандай еді?/ тақтамен жұмыс/
Қандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар? /кластер жасау, өткен
сабақты қайталау/
«Егер мен Президент болсам» эссе оқиды.

ІІІ. Жаңа сабақ: Әр мемлекетте өзіне тән белгілері бар.
Олар нелер?
- Балалардың жауаптары.
Оларды қалай атаймыз?
- Балалардың жауаптары.
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер. Рәміздер туралы әңгімелесеміз.

"Инсерт" стратегиясын қолдану /1, 2 бағандарды толтыру/
Білемін ------ Білгім келеді? ------ Үйрендім

Топпен жұмыс
Оқушылар таңдап алған мақал - мәтелдерді топтастыру арқылы «Отан», «Еңбек», «Білім» тақырыптары бойынша 3 топқа бөлінеді.
І топ. «Отан»
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»
«Отан оттан да ыстық»
«Туған жердей – жер болмас
Туған елдей - ел болмас»
«Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық»
"Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын».

ІІ топ. «Еңбек»
«Еңбек ерлікке жеткізер»
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей»
«Еңбек түбі береке»
«Едің атын еңбек шығарады»

ІІІ топ. «Білім»
«Оқу - білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы»
«Күш – білімде»
«Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ»
«Оқы да, біл
Ойна да, күл»
«Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар»
3 топқа тапсырма беру. Мәтінді оқу, мазмұнын ашу, талдау, түсіну, дәлелдеу./кластер жасау/.

1-топ - «Ту» - туралы мәтін
Мемлекеттік Ту.
Мемлекеттік Ту Президент сарайының, Президент әкімшілігінің, Парламенттің, министрліктердің, әкімшіліктердің және Қазақстандағы шетел елшіліктерінің ғимараттарында тұрақты орнатылады.
Мемлекеттік Тудың алдында жауынгерлер Отанға қызмет етуге және оны қорғауға ант қабылдайды.
Мемлекеттік Ту ұлттық мерекелер және басқа іс - шаралар кезінде көтеріледі.

2-топ - «Мемлекеттік елтаңба» - туралы мәтін
Мемлекеттік Елтаңба.
Мемлекеттік Елтаңба мөрге, елтаңба қағазына, металл ақшаларға, мемлекеттік мекемелердің /әкімшілік, сот ғимараты, прокуратура, т. б./, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің ғимараттарына салынады. Мемлекеттік Елтаңба бейнесі Республика Президентінің кабинетінде, Парламент жиналысы өтетін залда орнатылады.
Мемлекет шекарасында Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген шекаралық бағана тұрады. Жеке басты куәландыратын құжаттарда /жеке бас куәлігі, туу туралы куәлігі, т. б./ Мемлекеттік Елтаңба болады.

3 топ - «Мемлекеттік әнұран» - туралы мәтін.
Мемлекеттік Әнұран.
Қазақ радиосының хабарлары таңсәріден Мемлекеттік Әнұран орындаудан басталады. Әнұран салтанатты жиналыста, ескерткішті ашу кезінде орындалады. Шетелдік қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Жиында Мемлекеттік Әнұран орындалғанда түрегеп, оң қолыңды жүрек тұсына қойып, қосыла айтып тұру керек. Онымен сен Отаныңа сүйіспеншілігіңді, құрметіңді көрсетесің. Елдің әр азаматы Мемлекеттік Әнұранның мәтінін білуі тиіс.

ІҮ. Бекіту: 1. «Білім аукционы» ойыны.
Ту
50 балл
Ту қай жерлерде ілінеді?
40 балл
Мемлекеттік тудың авторлары?
30 балл
Ту қай кезде көтеріледі?
20 балл
Мемлекеттік тудың символикасын түсіндіру?
10 балл
Қыран құс нені білдіреді?
Елтаңба:
50 балл
Мемлекеттік Елтаңба қай жерлерде ілінеді?
40 балл
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кім?
30 балл
Мемлекеттік Елтаңба қай құжаттарда бейнеленеді?
20 балл
Мемлекеттік Елтаңбадағы шаңырақ бейнесі нені білдіреді?
10 балл
Қанатты пырақ нені көрсетеді?
Әнұран:
50 балл
Мемлекеттік Әнұран қай кезде орындалады?
40 балл
Мемлекеттік Әнұранның авторлары?
30 балл
Мемлекеттік Әнұранның орындау тәртібі?
20 балл
Мемлекеттік Әнұранның екінші шумағын орындау?
10 балл
Мемлекеттік Әнұранды кімдер білу керек?

V. Сергіту сәті:
Менің Отаным - Қазақстан! /шапалақтау/
Менің Республикам - Қазақстан! /шапалақтау/

2. Қима – қағазбен жұмыс:

І нұсқа:
1. Мемлекеттік Туды сипатта.
2. Отан туралы мақал - мәтел жазу.
3. Рәміздер туралы 4 жолды өлең шығару.

ІІ нұсқа:
1. Мемлекеттік Әнұранның авторы кім?
2. Сөйлемді толықтыр. Елдің әр азаматы ------------.
3. Ребус құрастыру «Туған жер»

VІ. С/қорытындысы:
Үй жұмысы: мәтінді оқу, кроссворд құрастыру.
"Инсерт" стратегиясын жалғастыру. Кестенің 3 бөлігін толтыру.
Білемін -------- Білгім келеді? --------- Үйрендім

Бағалау.
Бағалау парағы бойынша оқушылар өздерінің білімдерін бағалайды
Рефлексия
Егер сабақ ұнаса күннің көзіне күннің сәулесін ілесіңдер. Әр сәуле бейнеленген парақтың артына сабақ немен ұнағанын жазасыңдар. Егер сабақ ұнамаса, кішкентай бұлттарды ілесіңдер. Бұлттардың артына не ұнамағанын жазасыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 153
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы, Күлетов атындағы № 92 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Избастова Алия Өмірзаққызы
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досмаганбетова Жумакул Абсаматовна Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы Жай сөйлемнің түрлері (8- сынып) Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×