Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суды қорғау

09 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өтілгенді пысықтау
Дүниетану
Тақырыбы: Суды қорғау
Мақсаты: а) Халық фольклорына жалпы шолу арқылы табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың табиғаттағы айналысын, айналыстың бірі жер асты суы, оның пайдасын, Қазақстандағы ірі өзендер, олардың географиялық орны, шаруашылық мәні және экологиялық тәрбие беру және қорғаудағы мүддеміз екенін білу, қорытындылау. Өтілген сабақ бойынша білімдерін тиянақтау. ә) Оқушының сөз қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Халық фольклорына шолу сабағы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.
Көрнекілік: Табиғаттағы су айналымы суреті, ұлағатты сөздер, Асанқайғы өлеңі, тақырыпқа сай буклет (Асанқайғы, Қабанбай батыр жорығының картасы, Бұқар жырау, Құрманғазы мен Дина суреттері, бесік тербеткен ана суреті, Барлық - Арасан санаторийі, Алакөл суреттері)
«Көбік шашқан» күйін ойнату.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығы. Бүгінгі ашық сабақ су тақырыбына байланысты екенін айту. Құрманғазының «Көбік шашқан «күйін» ойнату. Оқушылар күйді тыңдайды. Күйдің сазына мән беру. Құрманғазы мен кішкене қыз Динаның кездесуіне жасалған суретіне назар аударта отырып оқушыларға сұрақ қою:
1/Ана тілінен оқыған қай аңыз еске түседі?
2/Әңгіме желісін айтып беріңдер. Кәрі Атырау әлденеге ашуланғандай арындап, ақ бас толқындарын шыңға соғып жатты. Қария салалы саусақтарымен перне қуып, ақ үкілі домбырасын шертіп қояды. Оның домбырасынан теңіз толқынындай арындап асау күй төгіледі. Арындаған асау күй екпіндеп соққан дауылмен дүниені шарлап бақты. Қолына кішкене домбыра ұстаған жас өспірім қыз бала қарияның жанына келіп отыра кетті. Қария күйін доғарды да жас гүлге көз тікті. Тек осыны күтіп тұрғандай жас қызғалдақ қарияның әлгі күйін ала жөнелді. Сөйтіп асау толқын күй Дина мен Құрманғазыны осылай кездестірді дейді халық.
Су, сенде тіл үйіретін дәм де жоқ, қолқаңды қытықтайтын хош иісің де жоқ. Сені суреттеп жазудың өзі қиын. Солай бола тұра, саған сүйсініп, сенен табиғатта, адамдар да, жан - жануарлар да ләззат алады. Сенің өмір, тіршілік үшін керек екеніңді айтпауға болмайды. Себебі, сенде тірі өмірсің.
Міне, балалар әңгімеміз бір су екенін және оны қорғау, өтілгенді пысықтап, сабақты жалғасты өткізе береміз.

/Сұрақ - жауап арқылы пысықтау жұмысын жүргізу/.
1. Судың үш күйін ата
2. Булану, жауын - шашын. Табиғаттағы су айналымы
3. Судың қасиеттерін ата.
4. Адамдар неліктен жер бетіндегі судан гөрі, құдық,, бұлақ суын пайдаланады?
5Жер асты сулары қалай пайда болады?
6. Арасан суы қалай пайда болды?
Ауданымыздың /ШҚО, Ұржар ауданы/ Барлық Арасаны жайлы не білесің? Қандай ауру - сырқауларға ем екен?/Қосымша сұраққа дайындалған оқушы айтады
Бұл суды 1741 жылдары қалмақ ханы Қалданның баласы Хонтайшы хан аң аулап жүргенде тапқан екен. Оң жағалауындағы төбеге орналасқан пұт құдайының бейнесін көреді. Етегінде ыстық суды көріп, шипалық емі бар екенін сезіп, жаралы әскерлерін емдеген деген зерттелген тарих ізі бар./Емделетін сырқат түрлері аталады/.
Судың құрамы: хлорлы сульфатты, кальцийлі минералды су көздері құрамында азоты бар газдың бөлінетіндігімен ерекшеленеді.
7. Өзен қалай пайда болады? Ауыл өзенінің бастауы қайдан? Оның өзіндік ерекшелігі қандай?
Таудан басталады. Тау ішімен, жазықтау жерлермен де ағып өтеді. Біздің өзенде «Форель»балығымен ерекшеленеді.

8. Шығыс Қазақстан өзен, көлдерін ата.
- Балалар, бұлақ, өзен жайлы айтып шықтыңдар. Тіршіліктің өзі де сол бұлақ жылғаларының маңайында пайда болатынын білесіңдер, тамырланып өркен жаяды, гүл жарады. Ендеше тіршілікке нәр берген сол бұлақ, жылғалар, өзендердің бастауы екенін нақ айттыңдар. Ата бабамыз Қабанбай батырды бұлаққа теңеген екен. Оны Қабанбай атамыз өлер алдында Бұқар жыраудың жоқтауынан байқайсыңдар/Оқушы тұрып оқып береді/
Айналайын Қабанбай,
Жау тигенде жарағым.
Алыстап асып дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым.
Жақыннан жарым жау шықса,
Белдеудегі пырағым.
Мың жылқыны суарған,
Төскейден аққан бұлағым,- деген Бұқар жырау.
Қабанбай қанаты болған Қубас аттың тұяғы тимеген бұрыш Қазақстан өңірінде кемде - кем шығар. Қабанбай жүрген жердің картасын сызсақ, Сыр бойы, Түркістан, Кіші жүз, Есіл, Нұра, Көкшетау, Ертістің жоғарғы, төменгі бойы, Еміл, Барлық, Тарбағатай, Іле, Балқаш болып кете барады емес пе! Міне, батыр бабамыз өзен, көл бойларын бойлай жүрген екен.

9. Қазақстан көлдерін атаңдар
Арал - Балқаш зардабы. Өз ауданымыздағы Алакөл жайлы не білесіңдер?
Оқушылар жауап берген соң, сөз Алакөл жайлы дайындалған оқушыға беріледі.
Жарбұлақ өңірі тұла бойы тұнып тұрған тарих, шежіре. Төрткүл дүниені шарлаған Асан қайғы Жарбұлақ өлкесіне аяқ тірегенде тотияйындай толқыған Алакөлге, кербез тауға, кең далаға көзі тұнып «Тоқта!»деген екен. Содан бері теріскейдегі құздарды «Тоқта тауы» деп атайды.
- Жер - ақ шіркін, бірақ»ұрыс» иісі шығып тұр екен - деп мұңайыпты. Жоңғарлар найза ұшын алдымен Тоқтаның бауырындағы Лаңкөлге тіреген екен. Иә, атынан заты мәлім көлдің, қазір орны қазан
шұңқыр. Бір кезде көздің жасындай мөлдіреп тұрған көлдің жоғалып кеткен көне көз қариялар жыр ғып айтады.
Ежелден Жарбұлақтың жұты да Ебі, құты да Ебі деген мәтел бар.
Асанқайғының өсиеті, нақыл сөздері өте көп. Соны есте сақтап, үлгі тұта жүріңдер.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Жыр толқытса шығады.
Балалар хормен оқып, мәнісін ашады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 229
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Табиғаттағы су айналымы
Су. Табиғаттағы су айналымы
Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Су қоймаларын қорғау
Су қоймаларын қорғау
Су қоймаларын қорғау туралы толық мағлұмат беру, өз білімін жетілдіре түсуге машықтандыру.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Суды қорғау
Суды қорғау
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Судың пайдасын білу. Суды қорғауға, судың тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×