Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтар достығы

27 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: "Халықтар достығы"
Мақсаты: А) Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен принциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.
Ә) Қазақ халқының салт - дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой бөлісу. Танымдық тапсырмалары арқылы балалардың ойлау қабілет -
терін дамыту.
Б) Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым - қатынас пен келісімде, өмір сүре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, оқулық,
Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, скрепки, ақ қағаз,
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, кластер, іздену, бес жол өлең, топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотия әдісі

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
А)- Қазір кімнің көңіл - күйі өте тамаша, қол көтерсін!
Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!
- Кім өз - өзіне сенімді, қол көтерсін!
- Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
- Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!
Б) Қазір қандай мезгіл? (көктем мезгілі) Оның ерекшелігі неде? (күн жылына бастап, құстар ұшып келеді)
Біздер де құстар тезірек ұшып келуіне көмектесейік
Сергіту сәті. Мейірімді торғай, қараторғай,
Тезірек бізге келе ғой ұшып,
Сендер үшін жатырмыз үйшік салып,
Кішкентай емес ол үп - үлкен сарай.
Осы көктем мезгілінің және бір ерекшелігін атаңдаршы.
(мерекелер көп, наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз)

В) Үй жұмысына шолу.
Қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық тағамы туралы аналарымыздан сұхбат алу.
(бірнеше оқушыны тыңдау)
Бауырсақ
Бауырсақ халқымыздың ертеден келе жатқан ұлттық тамағы. оны бидай ұнынан ашытып барып ұзынша немесе домалақ етіп үлгіде дайындап алып майға пісіреді.
Құймақ
Құймаққа ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық күйінде қазан сияқты ыдысқа майға пісіреді.
Наурыз көже
Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынып пісіріледі.
Тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр сияқты жеті дәмнен құралуы тиіс. Наурыз көжеге арнап, соғымның жамбасы мен жая, қазы - қарта сақталады. Оған құрт езіліп, уыз да құяды.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері
1. Отау көтеру дәстүрі
2. Тәрбие дәстүрлері:
Атқою (ғұрып) Бесікке салу (салт) Тұсаукесу (салт)
3. Отбасы, тұрмыс дәстүрлері:
Бата (дәстүр) Көрімдік (салт) Шашу (ғұрып)
4. Еңбек дәстүрлері:
Асар (салт) Көген той (дәстүр) Сабан той (дәстүр)
5. Наурыз дәстүрлері:
Наурыз көже Наурыз бата Наурыз тілек

В) Наурызға тілектері:
1. Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Көк тәңірі нұрыңды аяма,
Жер тәңірі ырысыңды аяма,
Әділжанды тағынан тайдырма,
Әз халықты бағынан айырма!
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Әңгімедегі халықтар достығы
Әңгімедегі халықтар достығы
Әңгімедегі ұлттар арасындағы қарым - қатынасты түсіне білуге, ұлтына, дініне, салтына қарамастан бір - бірінің арасындағы байланысты ұғына білуге үйрету, өз ойын жүйелі жеткізуге, өзінше ой түйіп, ой - қиялына ерік беру, іздендіру, шығармашылық
Татулығы жарасқан ұлттар
Татулығы жарасқан ұлттар
Қазақ халқының салт - дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой бөлісу. Танымдық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы
Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Қаймолла Айнұр Төлеуғазықызы
Халықтар достығы
Халықтар достығы
Мақсаты: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының Музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×