Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құлақ есту мүшесі

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құлақ
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: адам ағзасының сезім мүшелерінің ішіндегі есту мүшесіне түсінік бере отырып, адам ағзасы туралы алған білімдерін тиянақтап, тақырыптың мазмұнын меңгерту.
2) Балалардың ой - өрісін, сөздік қорын, түсініктерін жеткізе білуге қалыптастыра отырып дамыту.
3) Оқушыларға сезім мүшелерін күтуге, сақтауға салауаттылыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: ақпараттық технологиясын пайдалану, сұрақ – жауап, проблемалық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, көз муляжы, сызба жемістер, ұлғайтқыш (лупа ) суреттер
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, бейнелеу өнері.
Сабақтағы педагогикалық технология дамыта оқыту.

I Сабақтың барысы:
II. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қазір бізде қай сабақ?
- Сабаққа керекті құрал - жабдықтарымызды алдық па?
Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше. Себебі біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Біздің білімімізді, тәртібімізді көрмекші. Олай болса сабаққа қатысып отырамыз.

5) Психологиялық дайындық.
Екі көз не үшін керек?
Бір жақсылық көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін керек
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін керек
Екі аяқ не үшін керек?
- Шетте жүрсең
Туған жерге жету үшін.
III. Үй тапсырмасын сұрау.

IV. Өткен сабақты бекіту.
Көру арқылы заттың несін білеміз?
Адам затты қолмен ұстап несін біледі?
Көзді көру мүмкіндігін күшейтетін құралдар?
Жемістер муляжы: банан, алма, апорт көрсету.
Осы жемістерді көру арқылы заттың несін білеміз?
Адам заттарды көзбен көреді, көру арқылы заттың түсін, мөлшерін, пішіні, түрін, қозғалысын ажыратады.
- Сезім мүшелері адамның қай бөлігінде орналасқан?
- Бас
Сезім мүшелері адамның өзін қоршап тұрған дүниені қабылдауына мүмкіндік береді. Көз көреді, құлақ естиді, мұрын иісті, тіл дәмді, тері бір нәрсенің тигенін сезеді.
- Сонымен адам айналадағы заттарын, құбылыстарын тани біледі, бағдарлайды.

3.«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
Мүшелерді заттарға сәйкестендіру.
4. Сергіту сәті. «Сұр қоян»

V Жаңа сабаққа даярлық
6«Ойнайық та, ойлайық» ойын
Мына суда тұрған жануарларды дыбыстап судан алып шығуға көмектесейік.
Осы дыбыстарды қабылдайтын қандай мүше?
Құлақ
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз құлақ..
Олай болса құлақ - есту мүшесі. Ол барлық дыбысты, естиді.
Шапалақ дыбысын естіген кезде адам дыбыс шыққан жаққа басын бұрып, дыбысты қабылдайды.
Құлақ дыбыстарды қабылдап, миға жеткізіп тұратын сезім мүшесі құлақты.
Қандай дыбыс түрлерін білесіңдер?
- Құстар, үй жануарлары, өлі табиғат құбылыстарының дыбыстары.
- Құстардың дыбысын ата.
- Үй жануарларының дыбысы.
- Өлі табиғат (жел, боран, нөсер, дүрсіл шу,)

7. Көрнекілікпен жұмыс: Құлақтың сурет.
– Біз көретін құлақ тек нағыз құлаққа кіретін есік. Оны құлақ қалқан деп аталады.
Сыртқы есту жолы, сырғалық, қалқаны, дабыл жарғағы.

8. Оқулықпен жұмыс: Құлақ - есту мүшесі.
а) Мұғалім оқу. Сурет бойынша жұмыс.
ә) Балаларға тізбектеп оқу.
б) Серуендеп орманға бара қалсақ ненің дыбысын естиміз?
Құлағыңды алақанмен жауып көр. Не сездіңдер?
Құлақты қалай күту керек?
в) Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық,- деп отырып, бүгінгі күн, ай атын жазайық
Құлақ.- есту мүшесі.
Қалқа, дабыл жарғағы, сырғалық.
«9. Жаңа сабақты бекіту
в) Дәрігермен кеңес.
10. Құлаққа зиян келтіретін жағдайлар.
VI Қорытынды.
11. Венн диаграммасы.
Жағымды: ән, нәзік үн, көтеріңкі күлкі
Жағымсыз: Дүрсіл, шу, жел, боран, нөсер.

Осы дыбыстарды немен естиміз?
12. «Дыбыс таны» ойыны

VII. Бағалау
Жүйрік екен аты.
Аңдамай келеді,
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді. (5)

Білмей қалған жерлерін
Мықтап миға тоқиды
Бүгін, 4 - ке оқыса
Ертең, 5 - ке оқиды (4)

Айтқанына
Көңіліміз толмады
Сабаққа дайындалмай келіпті
Онысы дұрыс болмады (3)
Үйге тапсырма: жұмбақ құрау, құлақтың суретін салу, оқу, мазмұндау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 500
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргул
Құлақ - есту мүшесі
Құлақ - есту мүшесі
Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтап, олардың жұмыс істеу қызметін жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×