Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосу және азайту (26+34; 60 - 26)

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту (26+34; 60 - 26)
Сабақтың мақсаты:
1. Разрядтан аттап қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін таныстыру;
2. Дидактикалық материалдар, логикалық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін, зейінін дамыту;
3. Достыққа, татулыққа, бір - біріне көмектесуге, сандарды әдемілеп жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа тақырып
Көрнекілігі: сандар, сюжетті суреттер, слайдтар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу - құралдарының толық алынуын қадағалау.
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі біздерді ----------------- Ал төбеде көк шалғын
Жаттығуға тұрғызды. --------------- Сыбдырлайды көңілді
«Бір» дегенде қолымыз ------------«Екі» деген кезде сен
Көтерілсін қолымыз. --------------- Түсіре ғой қолыңды.

Үй тапсырмасын тексеру. Слайд.
1 қатар 2 - қатар 3 - қатар
63+21=84
24+65=89
72+17=89
84 - 21=63
89 - 24= 65
89 - 72=17
Көркем жазу.

Математикалық диктант.
1. 30 - бен 13 - тің айырмасынан 8 - ді азайт. (30 - 13)- 8=9
2. 7 мен 6 - ның қосындысына 9 - қос. (7+6) +9=22
3. 33 - ке 16 мен 9 - дың айырмасын қос. 33+ (16 - 9)=40
«Жоғалған саны тап» ойыны.
20+50 =70
80 - 20 =60
20+60=80
60 - 20= 40
90 - 30 =30

Жаңа тақырып.
1. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
20+30=50
6+4=10
50+10=60

№2. Жазуларды пайдаланып, қосудың тәсілдерін түсіндіру.
26+34= (26+30)+4 = 56+4=60
26+34= (26+4)+30= 30+30=60
26+34= (20+30) +(6+4)=50+10=60

№3. «Гүлдер теру» ойны. Слайд.
50 - 20=30
10 - 6=4
30+4=34

№4. Азайтудың тәсілдерін түсіндіру. Тақтаға әр қатардан 4 оқушы шығып түсіндіреді.
60 - 24 =(60 - 20) - 4 = 40 - 4=36
60 - 24 =(60 - 20) +(10 - 4)=30+6=36
60 - 24= (60 - 4)- 20=56 - 20=36
60 - 24= (50 - 20)+(10 - 4)=30+6=36

Сергіту сәті:
Буратино керілді,
Бір - иілді, екі – иілді.
Қолын жанға созғаны,
Кілтті таппай қойғаны.
Жету үшін сол кілтке,
Көтерейік өкшені.

№5. Өзіндік жұмыс.
64+16= (60+10)+ (4+6)=70 +10=80
90 - 23=(90 - 20)- 3=70 - 3=67
70 - 24= (70 - 20)- 4=46
35+35= (30+30)+(5+5)=60+10=70

37+43= (30+40)+(7+3)=70+10=80
90 - 68= (90 - 60)- 8= 30 - 8=22
Шығармашылық тапсырма. (8+5)- 10=3
Кел, ойнайық! «Аялдаманы хабарла» слайд.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережені ұғынуын, шығармашылық ойын дамыту.
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Шахта орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×