Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лепті сөйлем. Қос сөздер (кіріктірілген ашық сабақ)

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Кіріктірілген ашық сабақ жоспары
Сыныбы: 2 сынып, 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем. Қос сөздер

а) білімділік: сөйлем түрлерін қайталау; лепті сөйлеммен танысу;
- оқушыларға қос сөз туралы түсіндіріп, жазылу емлесін меңгерту, біріккен сөздерден ажырата білуге дағдыландыру;
ә) дамытушылық: зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту; іздену, талпыну, арқылы шығармашылық дағдысының дамуына жағдай жасау;
б) тәрбиелік: үлгі ету, ұжым болып жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаз,, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың әзірлігін тексеріп, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн құрбым!
Сәрсенбі күнің бүгін,
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!

2. Үй тапсырмасын тексеру. Әр сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.
а) Тақтада төмендегі сөздер жазылған.
Көктөбе, Жақыпбек, Көкшетау.
2 – сынып оқушылары осы сөздерді қатыстырып (1 - топ хабарлы, 2 – топ сұраулы ) сөйлем құрастырады.

4 – сынып оқушылары осы сөздерді сөз құрамына талдайды.
Бұл қандай сөздер?
- Біріккен сөз дегеніміз не?
- Біріккен сөз қалай жасалады?

ә) «Сен маған, мен саған» айдары бойынша 2 – сынып 2 топ бір брінен хабарлы сұраулы сөйлем ережерін сұрайды.
4 – сынып. Әр топқа тапсырма беріледі.
1 – топқа: Сөздерді толықтырып жаз. Бұл қанда йсөздер?
______қорған, сайқы_________, ғалам_________, еңбек________, тас_____.

2 - топқа: Сөздерді толықтырып жаз. Бұл қандай сөздер?
Жеті_______, _______бақан, шаң______,________бақа,________мұздақ.

Өткен сабақты бекіту.

3. Жаңа сабақ.
2 – сынып. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 84 – беті 1 – жаттығу. Сурет бойынша тірек сөздерді қолданып, әңгіме құрастыру. Спорттың пайдасы туралы айту.
Оқушылар жұмысын тексеру. Кейбір сөйлемдердің көңіл күйді, қуану, ренжуді білдіріп тұрғанына назар аударту.
- Жеңіске жетсең қандай көңіл күйде боласың?
- Жеңіліс тапсаң ше?
4 – сынып. Слайдпен жұмыс. Оқушыларға суреттерді талдау арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Балалар, берілген суретке қарайық, алуан – алуан құстар, түрлі – түрлі ойыншықтар. Алуан – алуан, түрлі – түрлі сөздері қалай айтылып тұр? Яғни қосарланып тұр.
Бүгінгі тақырыбымыз қос сөздер деп аталады. Мысалы, жалт - жұлт, алуан - алуан, тасыр – тұсыр, гүрс – гүрс, т. б.
4. Оқулықпен жұмыс:
240 - жаттығу. Өлеңді оқы. Күрделі сөздерді тап.
Қора-қора қой жатыр
Қарын-қарын май жатыр
Түйе-түйе жүк жатыр
Ауыл-ауыл ел жатыр.
241 – жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді салыстырып, мағыналарына назар аудар.
2 – сынып. 2 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп, дауыстап оқып беру. Соңғы сөйлем қандай дауыспен оқылды? – Қандай көңіл – күймен оқыдым? Қандай тыныс белгісі қойылған? Ендеше, бұл – сөйлемнің үшінші түрі, ол лепті сөйлем деп аталады. Адамның көтеріңкі көңіл күйімен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейді. Лепті сөйлемнің соңына леп (!) белгісі қойылады. Қуану, өкіну, бұйыру, тіле, ұран, таңдану, сескену, өтіну. Бұлар көтеріңкі дауыспен оқылады.
Ережені оқу: Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі(!) қойылады.
3 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы, дәптеріңе көшіріп жаз. Лепті сөйлемдерді тауып оқы.
4 – сынып. 241 - жаттығуда нені байқадыңдар?
Бүгін біздер күрделі сөздің бір түрі қос сөздермен танысамыз.

Қос сөз дегеніміз екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздерді айтамыз. Қос сөздер арасына дефис қойылып жазылады. Мысалы: дүркін - дүркін, үп - үлкен.
5. Сергіту сәті ретінде халық өлеңін дауыстап оқытып шығу.
Оқып болған соң 4 – сынып осы өлеңнің ішіндегі қос сөздердің есте қалғандарын дәптерлеріне жаздырту. 2 – сынып лепті сөйлемдерді табу.
Жымың – жымың күлдірген,
Жып – жылмағай малта ғой.
Малта – малта малта қой,
Қайдан шықтың айта ғой.
Тентек піспек түскені – ай,
Күлдір – күлдір піскені – ай!
Пісіп – пісіп толқыды,
Бетіне май көлкіді.

4 – сынып. 242 жаттығудағы қос сөздерді теріп жазу, салыстыру, жасалу жолын байқату.
Мысалға: буып – түйіп, ыдыс – аяқ, шығар – шықпас, айқұш - ұйқыш, әлсін – әлсін, бес - алты, ойдым – ойдым, саз – батпақ, ара – арасы, тура – тура.
Айқұш – ұйқыш қос сөзіне назар аударту.
Алдыңғы (айқыш) сыңарының мағынасы түсінікті, бірақ соңғы сыңары жеке түрде қолданылмайтын, әрі мағынасы түсініксіз қос сөздер болатындығын, олар мағынасы көнерген, немесе басқа тілден енген синонимдес сөздер екенін айтып ашу.
2 – сынып.
Алақай, қандай, тамашасөздерінқатыстырыпсызбағасүйенеотырыплептісөйлемдерқұрайық.

6. «Сиқырлы ағаш» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауапб ере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. (қызыл аламаларды 4 – сынып оқушылары алады, Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса (Тарс-тұрс, пыс - пыс, лып - лып, қарш-құрш, Сарт - сұрт, сып - сып, сылп - сылп, сыр – сыр. Сары алмаларды 2 – сынып оқушылары алады, берілген сөздерге сөйлем құрау, сөйлемнің үш түрін қатыстырып) Алмалардың сыртында бір – бір сөз жазылған. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, тапсырманы орындайды. Егер оқушы дұрыс орындаса, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін ағалайды.

7. Шығармашылық жұмыс.
Тапсырма: Берілген бір – біріне еш ұйқасы, қатысы жоқ сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыру. ( Екі сынып оқушылары да)
Тапсырма:
Домбыра, бұзау; Доп, қар.

8. Сабақты бекіту.
2 – сынып семантикалық картамен жұмыс
Сөйлем түрлері ------------------------------------------- Хабарлы ------Сұраулы ----Лепті
Бүгін мұз айдынына барасың ба?
Ертең шахматтан жарыс болады.
Алақай, бүгін менің туған күнім!
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді... дейміз.
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді ... дейміз.
Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған ... дейміз.

4 – сынып, төменде берілген сөйлемдерді оқу, қос сөздерді табу.
Мөлдір аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Жол шетінен анда – санда шоқ – шоқ қайың кездеседі.

Үйрендік.
Қос сөздер. Ережесін айту. Мысалы:
Қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс–жақын.
9. Үйге тапсырма:
10. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Сөйлем түрлері (хабарлы, лепті, сұраулы)
Сөйлем түрлері (хабарлы, лепті, сұраулы)
Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету, дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту, табиғатты сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу, мнемокестемен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету; сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау. Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдістерін, формаларын енгізу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×