Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

07 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру. Ж дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: Ж әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, қаздың макеті, Жолбарыстың, жұлдыздың, жүгерінің суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн»деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз.
- Күніміз көңілді өту үшін не істеу керек?
Бәрі: Бәріміз күндей жарқырайық? Бәріміз дос болайық,- деп бір - біріне лебіздерін білдіреді.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Балалар бүгін біздерге қонаққа нелер келіп отыр?
- Қаздар
- Дұрыс, енді осы қаздар деген сөздің ең басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Қ» дыбысы бізге таныс па?
- Таныс. Өткен сабақта «Қ» дыбысымен әрпімен танысқан болатынбыз.
- Бұл қаздар бізден көмек сұрап келіпті. Олар түлкіден қашып келеді екен.
- Ендеше, балалар, қаздарға көмек көрсетіп, түлкіден құтқарайық.
1 - қазды құтқару үшін өткен сабақтағы дыбыс пен әріпті еске түсірейік.
Сергіту сәті:

ІV. Жаңа сабақ
- 2 - қазды құтқару үшін мен жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін табайық.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
(Жұлдыз)
«Жұлдыз» сөзінде қандай дыбысты естіп тұрмыз?
Олай болса, біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз «Ж» дыбысы мен әрпімен танысамыз.
«Ж» дыбысын хормен айтқызу
«Ж» дыбысының таңбасын көрсетіп, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады.

V. Сурет бойынша оқушыларды сөйлету
Тақтадағы ілінген сурет аттарын атату, буынға бөлдіру
Жапырақ, жолбарыс, көжек, жүрек

Сергіту сәті.
- Ал, балалар, Ж дыбысымен, әрпімен таныстық, енді осыны дәптерге көркем етіп жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
1, 2, 3
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
4 пен 5 - ке жазамыз
VI. Дәптермен жұмыс
3 - қазды құтқару үшін «Ж» әрпін жазып үйренейік. Ауада жазу. Жазу жолындағы әріптерді жазу. Ж ж әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.
VII. Ойын. «Сөз ойла, тез ойла»
4 - қазды құтқару үшін.
1. Ж дыбысына байланысты сөздер айту
Ж

жолбарыс, жұлдыз, жапырақ, жүзім, жүгері, жуа

2. «Әріпті жұмбақ» шешу
Жайлауда бар.
Қыстауда жоқ.
Жасылда бар
Қызылда жоқ. (Ж)

VIIІ. Сабақты қорытындылау
- Қандай дыбыспен таныстық?
Ж дыбысы қандай дыбыс?
Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Міне балалар, біз нелерге көмектестік?
- Қаздар сендерге риза болып, көп рахмет айтып жатыр. Әрқашан осындай қайырымды болыңдар!
ІХ. Бағалау
- Балалар, өздерін күнмен бағалау.
Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық,
Бірімізге - біріміз.
Күн шуағын сыйлайық.

- Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қандай жұмыс түрлері ұнады?
Сұрақ - жауап арқылы сабақтың өту барысы талқыланып, сабақ аяқталды.
Қуанышты хабарлама. Сабақта «Күліп тұрған күн» алған балаларды мадақтау.
3 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, “К” әрпінің баспа түрінің жазу түрін үйрету, сөз құрату
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Ұ әрпі мен дыбысы
Ұ әрпі мен дыбысы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Ғилымғалиева Раушан Муслимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×