Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның бейімделуі

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Биология
Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның бейімделуі (презентация)
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Адамның бейімделуі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Білімді игеру кезінде тірек ретінде пайдаланып, құрылымдық - қисындық сызбанұсқамен жұмысты дамыту
Тәрбиелік: Биология пәніне қызығушылығын арттыру.

● Антропологиялық деректер бойынша, осыдан 30 - 35 млн жыл бұрын өте ертедегі жәндікқоректі сүтқоректілерден жануарлардың бір тобы бөлініп, приматарға бастама берген. Приматтар жоғары сатыдағы сүтқоректілер болғандықтан, құрылыс ерекшеліктері едәуір күрделі, миы жақсы жетілген, көздері қатар орналасып, алға қарай бағытталған, аяқ башпайларында тырнақтары бар емшектері екеу болған. Приматтардың бір тармағынан адам тәрізді маймылдардың ата тегі - парапитектер шыққан.

Австралопитектер екі аяғымен тік жүрген, бойының биіктігі - 100 - 120 см, дене салмағы
20 - 50 кг шамасында болған. Олар біздің ежелгі арғы ата тегіміз болып есептеледі.
Австралопитек тер ашық далалы жерлерде тіршілік етіп, өсімдіктектес және жануартектес азықтармен қоректенген. Тістерінің құрылысы адамның тістеріне ұқсас. Еңбек құралы ретінде малтатастарды және ірі тұяқты жануарлардың болған.
ұзын сүйектерін өңдеп пайдаланған. Миыны массасы 550 - г - ға жуық

Питекантроптар бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 300 мың жыл бұрын өліп біткен. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамның таралу аймағын кеңейтіп, Еуропа және Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгеге және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Тік жүруге байланысты питекантроптардың қаңқасыныда маңызды өзгерістер болды. Аяқ басында күмбез пайда болды.
Жамбас пішіні табаққа көбірек ұқсас бола бастады. Питекантроптар шапшаң жүріп, алыстау қашықтыққа жете алады. Осыған орай питекантроптар тік жүретін адам деп аталды. Питекантроптар ұзақ орын ауыстыру кезінде уақытша үй - жай қоныс жасады. Бірақ әрқашан үңгірлерде тұрақты өмір сүрді. Олар аң аулап, өздеріңе қорек тапты. Питекантроптар отты ең алғаш пайдалана бастады. Бастапқыда олар табиғи отты пайдаланды.

Неандертальдық адамдар бұлар осыдан 300 мың жыл бұрын Еуропа, Африка және Азияның оңтүстік аймақтарында өмір сүрген. Неандертальдықтардың бойларының
биіктігі - 160 - 165 см, аяқ - қол бұлшық еттері жақсы жетілген, миының көлемі ұлғайып, 1400 см 3 шамасында болды. Олар бір - бірімен сөз арқылы қарым - қатынас жасап, қазіргі адамдарға
көбірек ұқсаған. Еңбек құралдары күрделеніп өзгерген. Топтасып өмір сүрген. Еркектері
бірігіп аң аулап, әйелдері мен балалары өсімдіктердің жемісін, тамырын жинап, тамақ пісірген, аң терілерінен киім тігіп киген. Қол өнерімен айналысқан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 831
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.
Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру;
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
1. Жер шарында тіршілік қашан пайда болды? 2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру; Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой - өрістерін арттыру;
Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшелігінің күрделенуі туралы түсінік бере отырып, салыстыру.
Адамның дамуы
Адамның дамуы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Талдысай ауылы, Новоукраин негізгі мектебінің биология пәні мұғалімі Қуандықова Гүлсан Алғабайқызы
Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Тұрмағанбет Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×