Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саңырауқұлақтар тарауын қайталау

11 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты.
Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бірін - бірі құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Сайыс сабағы
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, микроскоп, суреттер, карточка
Типі: білімді тексеру, сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: география, математика, информатика, химия,
қазақ тілі пәндерімен.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу
Мұғалім: себетке топ аттарын жазып орманда жүргендей оқушыларға таратады қай оқушыға қайсы төсбелгісі келсе сол оқушылар екі топқа бөлініп отырғызылады да топ аттары жарияланады.
Ой шақыру: бұдан кейін саңырауқұлақтар жайында бейне фильм көрсетіледі.
Бірнеше бала өз ойын айтқаннан кейін

Сайыстың өтілу кезеңі таныстырылады.
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Қызықты алтау
4. Мені танисың ба?
5. Шығармашылық жұмыс
І кезең Таныстыру әр топқа 3 минуттан беріліп әр топ өздерінің төс белнгілерімен таныстырылады. Осы кезде оқушылардың ұшқырлығы мен сөз байлығы байқалады.
Білімділер Зерделілер
ІІ кезең Бәйге тақтадан сұрақтар тығылады жауап берілгеннен кейін дұрыс жауап экраннан көрсетіледі. Қай топқа сұрақ қойылса сол топ жауап беру керек егер бере алмаса келесі топ жауап беруге мүмкінді алады.

Сұрақтар: Білімділерге
1. Саңырауқұлақтың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымдық жасуша
2. Дәнді дақылдарды зақымдайтын паразит саңырауқұлақ?
3. Халықтық медицинада “жер майы” деген атаумен құздама ауруына қарсы дәрі дәрмек ретінде пайдасы мол саңырауқұлақ?
4. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат...
5. Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын зат....
6. Саңырауқұлақтардың құрамы неге бай?
7. Пенициллин антибиотигі қай саңырауқұлақтан алынады?
8. Лимон қышқылы қайдан алынады?
9. Саңырауқұлақтардың споралары түзілетін орын?
10. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің жіпшелері орталықтан шетке қарап
өсіп, шетіндегі түзілген жемістік денелері шеңбер бойында орналасуы не деп аталады?

Сұрақтар: «Зерделілерге»
1. Саңырауқұлақтан уланудың белгілері...
2. Екі ағзаның пайдалы селбесуі не деп аталады?
3. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән белгілері?
4. Саңырауқұлақтардың жануарларға тән белгілері...
5. Саңырауқұлақтар қандай жолмен көбейеді?
6. Жіпшелері үзіліп, әрқайсысынан жіпшумақтар бүртіктер пайда болады. немесе бүршіктенеді ол қандай көбею?
7. Көбею кезінде екі өсімді жасушалары қосылады?
8. Ашытқы саңырауқұлағының ғылыми аты?
9. Қоректенудің неше жолы бар?
10. Өсімдіктер мен жануарлар қалдығымен қоректену?

Терминдер.
5 ұпай. «Микология» сөзінің анықтамасын айтыңыз?
10 ұпай « Конидий» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз?
15 ұпай. « Гликоген» сөзінің анықтамасын айтыңыз?

Өлең жырлар
5 ұпай. Қазақтың бас ақыны А. Құнанбаевтың табиғат туралы жазған өлеңдерінен үзінді оқып беріңіздер?
10 ұпай. Табиғатқа байланысты жазылған ақындардың өлеңдерінен үзінді оқып беріңіздер?
15 ұпай. Мына әннің аты қалай аталады?

Мақал – мәтелдер
5 ұпай. Білімі жоқ ұл -
10 ұпай. Қорада малың болсын,
15 ұпай...... тасқа бітеді,
................. басқа бітеді

Жұмбақтар
5 ұпай. Ол өспейді орманда,
оның орны - қамыр, айран, сырада.
10 ұпай. Микроскоппен қарасаң,
Көкшіл - жасыл түсті саусақ дерсің,
Медицинада одан дәрі жасайтынын білерсің.
15 ұпай. Орманда бір сұлу құлақ тұрады
Телпегі қызыл, түймелері ақ, бойы сұңғақ.
Анадайдан өзіне елді шақырады.
Қасына ешкім жоламайды бірақ.

Сандар
5 ұпай. - 1766 ж.
10 ұпай. - 2кг 720 грамм.
15 ұпай. 10 - 12күн.
Өсімдіктер
5 ұпай. Ең тез, жылдам өсетін өсімдік
10 ұпай. Ең ұзақ жасайтын ағаш
15 ұпай. Дүниедегі ең биік ағаш

Жануарлар
5 ұпай. Құрлықтағы ең үлкен саңырауқұлақты атаңыз
10 ұпай. Жануар тектес атты саңырауқұлақты атаңыз
15 ұпай. Ең биік сүтқоректі.

Келесі кезең: Мені танисың ба? деп аталады тақтада саңырауқұлақтардың суреті көрсетіледі суретке қарап оқушылар оның атын айтып сол саңырауқұлақ туралы сипаттап береді.
Әр топ 3 суреттен алады.

Келесі кезең Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға тақтада суретпен бейнеленген қоршаған орта, саңырауқұлақ суреті және міндет, қорғау, байлық, парыз, табиғат, жануар сөздерін байланыстырып оқушылардың шығармашылығын арттыратын эссе жазу берілді.

Тест №1 жұмысы
1. Жеуге жарамды саңырауқұлақты ата?
А) Майқұлақ
В). Ойысқұлақ
С) Түлкіжем
Д). Арышқұлақ

2. Микоризаны алғаш анықтап, зерттеген ғалым.
А) Зелинский
В) Сеченев
С) Павлов
Д) Каменский

3. Зең саңырауқұлағы
А) Мукор
В) Түлкіжем
С) Микоиза
Д) Симбиоз
4. Шаң түріндегі спора
А) Конидий
В) Симбиоз
С) Зооспора
Д) Спора

5. Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар
А) Жалған түлкіжем
В) Кәдімгі түлкіжем
С) Боз арамқұлақ
Д) Жерқұлақ

6. Ашытқы саңырауқұлағы қамырдағы қантты ыдыратып не түзеді?
А) аспергилл және спирт
В) глицерин және көмірқышқыл газын
С) Спирт және көмірқышыл газын
Д) пенициллин және су

7. Аспергилл саңырауқұлақтағы құстардың өкпесінде қандай ауру тудырады?
А) Өкпе ауруы
В) Құрт ауруы
С) Аспергиллез ауруы
Д) Құс тұмауы

8. Пеницилл мен аспергилл қай саңырауқұлаққа жатады?
А) Улы саңырауқұлақтар
В) Жеуге жарамды
С) Зең саңырауқұлағы
Д) Қантты саңырауқұлақ
9. Лимон қышқылы қай зең саңырауқұлағынан алынады?
А) Терекқұлақ
В) Қозықұйрық
С) Діңқұлақ
Д) Аспергилл.

10. Сыраның құрамында...
А) спирт
В ) қант
С) нәруыз
Д) таблетка

1. а б. с
2. а
3. а
4. а
5. а б с
6. с
7 с
8 с
9 с
10 а б с
Үйге тапсырма: қосымша ақпараттық тапсырма жинақтап келу
20 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Химиядан сабақтар топтамасы
Химиядан сабақтар топтамасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1қазақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Бисембаева Зоя Жексембайқызы
Геометрияның негізгі ұғымдары тарауын қорытындылау
Геометрияның негізгі ұғымдары тарауын қорытындылау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,№9 орта мектебінің математика мен информатика пәні мұғалімі Некесова Бағила Исламқызы
Квадраттық функция тарауын қайталау
Квадраттық функция тарауын қайталау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің математика пән мұғалімі: Нұрымбетова Инкар Атымтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×