Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы

04 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Биология 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: “Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы”
Мақсаты:
Білімділік: Қосмекенділер класы бойынша алған білімдерін естеріне түсіре отырып, толықтай жорғалаушылар класына сипаттама беруге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жорғалаушылардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызымен танысып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, аппликация.
Әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: “ЖИГСО”, “Ассоциация”, “Миға шабуыл”, “Ой шақыру”, “Жеңіл – ауыр сұрақтар”, тірек – сызба, сатылай комплексті талдау технологиясының әдістері
Сабақ көрнекілігі: таблица “Желілер типі. Жорғалаушылар класы”, «Желілер типі, Қосмекенділер класы», кесіртке моделі, ылғалды препараттар.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру. Ой шақыру
Кіріспе. Саламатсыздар ма, оқушылар. Мен бүгінгі сабағымыз жаңа ашылулар бастамасы болатынына және жаңалықтарға толы болатынына сенімдімін.
Актуалдау. Өткен сабағымызда біздер қосмекенділердің ерекшеліктерімен, құрылысымен таныстақ.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ қоюдан бастаймыз.
1. Алдарыңыздағы бағалау парағына егер дайынмын деп есептесеңіздер «+» таңбасын қойыңыздар. Тексерейік. Тақтаға...
2. Белсенділер сұрағы. Сіз үй тапсырмасы бойынша сұрақ қоясыз, ал оқушы жауап береді. Әрбір сұрақ қоюшы өзінің бағалау парағына «+» таңбасын қойып отырады.
3. Өзара тексеру. Жұптар жұмысы. Мен сұрақ қоямын, оған І нұсқа оқушысы жауап берсе, ІІ нұсқа оқушысы тыңдап, жауап дұрыстығын тексеріп «+» таңбасын қояды. Жауапқа 30 секунд, сыбырмен тыңдалады.
1 - сұрақ.
Қанайналым жүйесінің ерекшелігі (жүрегі үш бөлімді, екі қанайналым шеңбері, ағзасына аралас қан таратылады)
2 - сұрақ.
Тыныс алу жүйесінің ерекшелігі (құрылықта өкпе арқылы, суда терідегі тері бездері арқылы)
3 - сұрақ.
Асқорыту жүйесінің ерекшелігі (тісі жоқ, тілінің ұшы ойыс, клоакасы бар)
4 - сұрақ
Зәршығару жүйесі (екі бүйрек, ек несепағар түтігі, бір қуығы)
5 - сұрақ
Көбею ерекшелігі (дара жынысты, сырттай ұрықтанады, дернәсілі итшабақ)
6 - сұрақ
Қосмекенділер отряды (құйрықсыз, құйрықты, аяқсыз)

4. Дәлелденген диктант. Дәптермен жұмыс. (10 сек.) тез орындалады.
1. Алғаш құрылыққа шыққан қосмекенді (стегоцефал)
2. Неше отрядқа бөлінеді(үш)
3. Мойын омыртқа саны (бір)
4. Ортаңғы құлақ қуысындағы сүйек (үзеңгі)
5. Тік ішектің кеңейген бөлігі (клоака)
Сіздер тапсырманы жақсы орындадыңыздар.

Жаңа тақырып.
Бүгінгі әңгімеміз жануарлар дүниесінің ерекше түрлерімен танысамыз. Олар туралы аңыздар мен ертегілер көп жазылған. Олар:
- көзінде гипноздық қасиет бар (жылан)
- ұзақ жасаушылар(тасбақалар)
- шапшаң қимылдайды(кесірткелер)
- тез құбылғыштар(хамелион)
- кейбіреулері медицина символы(жылан)
- Бұл қай жануарлар?(жорғалаушылар)
Бүгінгі тақырыбымыз: Жорғалаушылар.
Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?
Жорғалаушылар туралы не білесіздер?
Жақсы, сабақта білімдеріңізді әрі қарай толықтырасыздар.
- Бүгінгі сөз болғалы отырған жануарлар тобы жорғалаушылар деп аталады?
Проблемалық ситуация туғызу..
290 млн. жыл бұрын қосмекенділер өмір сүрген ылғалды таскөмір кезеңінен кейін қуаңшылықты перьм және юра кезеңі басталады.
- Бұған қалай бейімделу керек және неге? (Тақырыпты ашудың негізгі сұрағы)
Сіздерге сабақ соңында шешімін табуға тиіс сұрақ туындады: Жорғалаушылар қандай сыртқы және ішкі құрылысы арқылы құрлық жануарлары бола алады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрылысының ерекшелігі.
Жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрылысының ерекшелігі.
Жорғалаушылардың сыртқы, ішкі құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшелігін көрсете отырып, толықтай жорғалаушылар класына сипаттама беру.
Қауырсын жабынды жануарлар
Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар класына жататын жануарларға жалпы сипаттама беріп, құстар класына жататын жануарлардың негізгі ерекшеліктеріне түсінік беру Білімін жинақтап, жүйелеу арқылы ой - өрісін, қаблеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.
Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан
Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жуманазарова Жанияания
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н.С. Манаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектебінің биология пән мұғалімі Нсанова Гүлсім Меллятқызы.
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектеп Абдуллаева Маржан Алдонгарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×