Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түліктің төресі

28 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Төрт түліктің төресі
Мақсаты: Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын ұғындыру, оның еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін және халқымыздың жылқыға деген ерекше құрметі мен киелі жануар екендігі туралы түсініктерін толықтыру.
Түрі: танымдық сабақ

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Жылқы тарихы - қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/
2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/
3. «Жылқы – қасиетті жануар» /жылқы қасиеттері туралы/
4. «Жылқы – киелі жануар» /жылқы түрлерімен таныстыру/

ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ атаулары туралы айтады. Не себепті аталғаны, қандай әдеби шығармамен байланысты екені туралы түсінік береді.
1 - топ: «Маңмаңгер»
2 - топ: «Құлагер»

Кіріспе сөз:
Қазаққа қасиетті жылқы малы,
Төгілген сала құлаш құйрық, жалы
Баласындай мәпелеп күткен қазақ
Жорғасын майда жүріс, майталманы.
- Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына балаған қасиетті түлігінің бірі - жылқы. Жылқы - қазақтың ең қадірлі малы, басты байлығы. Ол – қазақ тұрмысында тек байлықтың ғана емес, сән - салтанаттың, сұлулық пен көркемдіктің идеалы. Жылқы - қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір - біріне етене
Көрік берген қазақтың даласына,
Жылқыға көз тоқтатпай қаласың ба?
Әжетке де жарады деген қазақ
Ат жалын тартып мінген баласына.
- Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана - сезім, рухани болмыс, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез - құлық, бітім - болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ.

1. «Жылқы тарихы - қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/
Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердін, әсіресе, қазаққа тән қасиет. Ата - ана баласын «құлыным», «құлыншағым» деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі. Ал қазақ баласы болса құлын болып кісінеп, тай - құнан боп тулап, асау болып алысып, ат болып жарысып ойнап, тарпаң болып ер жетеді.
Біз жылқы туралы не білеміз?
• Дүние жүзінде жылқының 250 - дей түрі бар. Қазақстанда 16 түрі өсіріледі.
• Жылқы тұқымына қарай, арғымақ, қазанат, абы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, жырақ, дүлдүл деп бөлінеді.
• Шабыс аттар: жүйрік, тұлпар, сәйгүлік, саңлақ, бәйге ат
• Салтанатқа мінетін жорға аттар: су жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалма жорға
• Жай мініс аттар: аяқылау, жетек ат, қосақ ат, жұп ат, көсем ат
Жылқыны жасына қарай атау
• 1 жас - жабағы
• 2 жас - тай
• 3 жас - құнан
• 4 жас - дөнен
• 5 жас - бесті
• 5 жастан құлындаған аналық жылқы - бие
• 2 - 3 жастағы аналық жылқы - байтал

2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/
Көрік берген қазақтың даласына
Жылқыға көз тоқтатпай қаласың ба?
Әжетке де жарады деген қазақ
Ат жалын тартып мінген баласына.
3. «Жылқы – қасиетті жануар» /жылқы қасиеттері туралы/
Қымыз түрлері:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Төрт түлігім - ырысым
Төрт түлігім - ырысым
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия
Жылқы - малдың патшасы
Жылқы - малдың патшасы
Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы "Алға мектеп-бақшасы"ММ 4 сынып оқушысы Миратұлы Темірлан
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×