Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапырақтың құрылысы

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың құрылысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Жапырақ жайында жалпы түсінік қалыптастыру.
Жапырақтың өсімдіктің өсу мүшесі екенін дәлелдей отырып, жапырақтың құрылысы, бөлімдері, жүйкеленуі, сабаққа орналасуы жайында түсінік беру.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, еске сақтау қабілетін дамыту.
3. Кез келген түрлі өсімдіктер жапырақтарына сипаттама беруге үйрету. Табиғаттағы өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, жапырақтың суреттері, кеппе шөптер.
Сабақтың әдісі: тірек – сызба, әр түрлі тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Танымжорық – саяхат сабағы: « жол жетпеген жерге ой жетеді»

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты үш топқа бөлу:
1. Ақ желкен.
2. Алқызыл желкен.
3. Жасыл желкен.
Әр топқа басшы тағайындаймын. Басшылардың бас киімі ретінде аттарына сәйкес ақ лента, қызыл лента, жасыл лента байлаймын.

1. Негізгі бөлім:
2. Бағыт жалаушаларымен көрсетілген. Кеденнен өткен сайын жалаушаларды алып отырамыз. Ақтау қаласында бізді үш кеме күтіп тұр. Сол үш кемеге мініп, үш материкке жетуіміз керек. Ақтау портының суреті бар плакатқа үш кемені жапсырып қою керек.
Ал балалар, біз шет мемлекетке шығу үшін жол құжаттарын дайындап, тиісті ұйымдардан өтуіміз керек. Сондықтан ең алдымен біз « Анықтама қызметіне» барамыз.
1 – топтың сұрақтары:
1. Жапырақ дегеніміз не?
2. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
3. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай?

2 – топтың сұрақтары:
1. Қынап дегеніміз не?
2. Жапырақ тақтасының қызметі қандай?
3. Жапырақтың жүйкеленуі қандай?

3 – топтың сұрақтары:
1. Жай және күрделі жапырақтар дегеніміз не?
2. Жапырақ сабаққа қалай орналасқан?
3. Жапырақтың жүйкесі қандай қызмет атқарады?

Анықтама қызметінен өтіп, Каспий теңізіне жеттік. Волга өзенінің сағасына да келдік. Рессейдің жері басталды. Біз енді бірнеше кеденнен өтуіміз керек.

1 – кеден. «Орнын тап және сандар сыры»
1 – топ
Жапырақтың суреттері санмен белгіленген бөлімдердің аттарын жазу керек.
2 – топ
Суретте көрсетілген жапырақтар қай топқа жатады, бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?
3 – топ
Жай жапырақтардың пішіндері қандай нәрсеге ұқсайды, реттік сандары бойынша аттарын жазыңдар.

2 – кеден. « Жер қойнауы» кедені.
1. Тірек – сызбамен жұмыс.

1 – топ
1. Жапырақтың сыртқы құрылысын сызу.
2. Жапырақтың қызметін сызу
2 – топ
1. Жапырақ тақтасының пішіндерін сызу.
2. Жапырақтың жүйкеленуін сызу.
3 – топ
1. Жапырақ саны.
2. Жапырақтың сабаққа бекінуі.

3 – кеден. «метеорологиялық орталық кедені»
Әр топтан биологиялық диктант аламын.
1 – топ
1. Жапырақтың кеңейген жалпақ бөлімі...........
2. Жапырақ сағағының орнына түтік тәрізді өсетін бөлімі.........
3. Жапырақша саны жұп болса........
4. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуы..........

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері
Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері
Оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстырып, жапырақтың ішкі құрылысындағы бөлімдерімен олардың атқаратын қызметтерімен таныстыру.
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесі/жасыл өсімдік) → қант (глюкоза) + оттегі ═ фотосинтез. Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп атайды. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Жапырақ
Жапырақ
Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Жапырақ
Жапырақ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Аяпбергенова Жаңагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×