Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

18 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Биология
Биология пәні мұғалімі Куанбекова Жупар

Сабақтың тақырыбы: Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға типтің ішекқуыстылар деп аталу себебін, денесі екі қабаттан
тұратындығы, олардың атқаратын қызметін, қайда тіршілік ететіндігі, ішекқуысты жәндіктер типінің кластарға жіктелуі, олардың өкілдерін салыстырмалы түрде түсінік беру.
б) Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығуын, белсенділігін, олардың өздігінен ізденуін арттыру.
в) Оқушылардың табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Зерттеу.
Сабақ көрнекілігі: 1. Электрондық оқулық.
2. Интерактивті тақта.
3. Флипчарт.
4. Түрлі - түсті суреттер
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша баяндау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Көпжасушалы жәндіктер дегеніміз не?
2. Жануар әлемінің дүние тармағы нешеге бөлінеді.

Жаңа сабақ
Ішекқуыстылар типі
Денесі өте көп жасушалардан тұратын жәндіктер мен жануарлар көпжасушалылар деп аталады. Жасушадан - мүше, мүшеден - мүшелер жүйесі, мүшелер жүйесінен - тірі ағза (тіршілік иесі) түзіледі. Біз көпжасушалы жәндіктер (яғни омыртқасыз жануарлар) тобына тақталамыз. Ішекқуыстылар типі - көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип 3 класқа жіктеледі: гидратәріздестер, табақшатәріздестер және көпқармалауышты маржандар. Бір затқа бекініп, отырықшы қалыпта өмір сүретін ішекқуыстылар - көпқармалаушылар, ал суда еркін жүзетіндер - медузалар. Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Олар жеке дара да, шоғырланып та өмір сүреді. Денесінде бір ғана қуыс - ішек қуысы болғандықтан, ішекқуыстылар аталған. Бұлар сәулелі симметриялы жәндіктер. Жүйке жасушалары жүйке торын түзеді. Ішек қуыстылардың барлығында атпа жасушалары болады. Олар - жыртқыш, суда, көбінесе теңізде өмір сүреді. Бүршіктену арқылы - жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.

Көпқармалауышты маржандар дүниежүзілік теңіздерде кең таралған. Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісініен жартас - риф және шеңберлі жартас - аттол түзіледі. Бұлардың үш түрі бар: тосқауыл риф, жағалық риф және шеңберлі риф немесе атолл. Рифтерде түзілген қалың әкті қаңқа кемелердің жүзуіне кедергі келтіреді. Әк алуға көбінесе рифтегі көпқармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланылады. Көпқармалауышты маржандардан түзілген рифте мұхит мақұлықтарының сан алуан түрлері мекен етеді. Теңіздердегі терең суларда ішекқуыстылардың жарық шығаратын түрлері де тіршілік етеді.
Ғалымдар мезузаларды дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеді. Соның негізінде теңіз дауылын алдын ала болжайтын «мезуза құлағы» деген аспап жасалды.

Табақшатәрізді ішекқуыстылардың құлақты медуза (аурелия) деген түрі теңіз суында еркін жүзеді. Оның қолшатыр пішінді денесінің диаметрі 25 - 40 сантиметрге дейін жетеді. Қолшатыр пішінді денесінің астынғы жағына ауыз орналасады. Төрт бұрышты ауызының әр бұрышында бір - біріне төрт қалақша бар. Қорек ауыздан жұтқыншаққа, одан қарынға жылжып барады. Ас қарында қорытыла бастайды. Өзекше түтікшесі жыбырлауық кірпікшесі бар жасушалармен астарланады. Қорек тармақталған өзекшелерде қорытылып, денеге сіңеді. Ал тармақталған өзекшемен қарындағы сұйықтық кері қайтады. Қорытылмаған ас тармақталған өзекшемен ауызға барып, сыртқа шығарылады. Құлақты медуза - дара жынысты. Аналықтың пісіп жетілген жұмыртқасы мен аталықтың сперматозоид өзекшелер жүйесіне және қарынға түседі. Жұмыртқа мен сперматозоид ауыз арқылы суға шығарылады. Жұмыртқаның ұрықтануы суда жалғасын табады. Ұрықтанған жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі планула деп аталады. Планула біраз уақыттан соң су түбіне батып, төсемікке бекінеді. Плануладан төсемікте кішкене полип пайда болады. Одан әрі жыныссыз көбею басталады. Кішкене полип бүршіктену арқылы бөлініп, бірнеше табақшадан тұратын бүрлемеге айналады. Кейінірек бүрлемеден табақша жеке бөлініп, жас медуза қалпына келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулардың құрылысы мен биологиялық ерекшеліктері туралы білім беру. Маңызды кластарының өкілдерімен таныстыру Бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар жөніндегі деректерді талдау, жинақтау.
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Асем Нартаевна Шалгымбаева Биология пәнінің мұғалімі Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ЖОББМ
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Тұрмағанбет Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
«Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі: Куанбекова Ж. Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×