Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – көктем жаршысы!

28 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы
Биология пәнінің мұғалімі Нұржанова Айдана Айшуаққызы

Тақырыбы: «Құстар – көктем жаршысы!»
Мақсаты:
А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс - ойын
Әдіс - тәсілдері: мақал - мәтелдерді жатқа айту, баяндау, түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – көктем жаршысы!», нақыл сөздер.
Көрініс: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата - аналар! Қадірменді қонақтар! Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерді құстар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - көктем жаршысы!» атты тәрбиелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер! Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Би: «Көктем вальсі»
Орындайтын: «Нұр» бишілер тобы

Сайыс бағдарламасы:

1. Таныстыру. Әр топ басшысы өз топтарын таныстырады.
2.«Құстар сайрайды» айдары. Бұл ойынның шарты бойынша жасырылған құстардың дауысын қандай құстың дауысы екенін тауып, сол құсқа сипаттама беру.
3.«Тапқыр болсаң, тауып көр» мақал - мәтелдер сайысы. Үй тапсырмасы.
4.«Сен құстарды білесің бе?» жұмбақтар сайысы.
5.«Құстар – біздің досымыз» көрініс. Құстарға қамқор болу, аялау, қорғау мақсатында қойылған қойылымға әр топ өз ойларын айту.
6. «Кім жылдам?» ойыны. Оқушыларға белгілі бір құстың суреті беріледі, сол суретті жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын байқата отырып, қиылған құс бейнесін құрастыру.
7. Қорытынды.
Бұл сайыста «Қарлығаш» тобы мен «Көгершін» тобы жарысқалы отыр. «Қарлығаш» тобы: Ақнұр, Бекарыс, Бақберген, Марта, Аружан, Данияр, Мәдениет, Ерасыл.
«Көгершін» тобы: Гүлден, Тұрлыхан, Асылай, Алтынбек, Аружан, Гүлдана, Гүлбаршын, Диана.
Олай болса әділқазылар алқасымен таныс болайық!
М. Сиранов орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі: Үмбетова Құралай, Тұрымбетова Жапырақ.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сүйінішқалиева Жеңісгүл, Бексұлтанова Жанар.

Жүру барысы:
I. Таныстыру.
Қарлығаш - адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Оны «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген ертегіден ұғынуға болады. Қарлығаш өте пайдалы құс. Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды. Қарлығаш құсына ән шығармаған, өлең жазбаған ақын кемде кем. Қарлығаш әдеміліктің де символы. «Қасың бар қанатындай қарлығаштың, болсайшы бәрі сендей қарындастың» деген қара өлең - соның дәлелі. Қарлығаш адамға ең жақын, киелі құс болып табылады. Сондықтан тобымыздың атын қарлығаш деп атадық.
Көгершін: Дана қазақ аққуды - махаббаттың, қарлығашты - мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, танымал әннің қаһарманы - көгершін құсы. Көгершін – бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Қазақ халқы көгершінді қастерлейді.
Бейбітшілік құсы көгершін
Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін
Аспан тұнық, шат көңілді болайық
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін – деген мақсатта біз көгершінді алып отырмыз.

II. Жүргізуші:
Оянып бар табиғат ұйқысынан
Жадырап құтылғандай құс қамынан
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан дей отырып, «Құстар сайрайды» айдарына кезек береміз. Оқушыларға құстардың дауысы жасырылды. Оны оқушылар тауып, сол құсқа сипаттама берді.

«Қарлығаш» тобы:
Аққу - сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды.
Бұлбұл - әнші құс. Бұлбұлдың дауысы адамды жақсы әсерге бөлейді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді.

«Көгершін» тобы:
Бүркіт - киелі, қастерлі құс. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Бүркіттің қанат, құйрық қауырсынын, бас терісін, тұяғын, аяғын алып үйдің төріне түс киізге, жас баланың бесігінің басына іліп қояды. Мұның себебі, қасиетті құс адамды пәле - жаладан, көз - сұқтан, қатерден сақтайды, баланы шошынудан қорғайды дейді. Бүркіт әбден қартайған кезде өзін - өзі аспаннан тастап өлтіреді екен.
Көкек – жыл құсы. Жылы жақтан сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты. Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар қайтып келеді!
Құстар қайтып келеді!
Балаларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×