Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

29 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы.
Биология 6 сынып
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің өсімді мүшелерінің түрлерін атқаратын қызметін түсіндіру
Білімділігі: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығының дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, плакат, қосымша әдебиет.
Пән аралық байланыс: география, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Ә) Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
I. Ой қозғау
1. Тұқым дегеніміз не?
2. Тұқымның қызметі қандай қызмет атқарады?
3. Екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қалай аталады?
4. Қос жарнақты тұқымның құрылысы қандай?
5. Эндосперм дегеніміз не?
6. Дара жарнақты тұқымның құрылысын ата?

II Биологиялық диктант
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
1. Өне бастаған тұқымға ауа жетіспесе.......................
2. Асқабақ, қауын, мақта, тұқымдары........... өнеді
3. Тұқымның ісініп жарылуына................................... қажет
4. Тұқым өну үшін.................................... қажет
5. Өне бастаған тұқымның тыныс алуын.......................... күшейтеді
Қалып қойған сөздер
Ашып шіриді, 15 0 С та, су, жылу, ауа.

III. Топтық тапсырма Постер қорғау
I топ
Қос жарнақты өсімдіктер
II топ
Дара жарнақты өсімдіктер

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тірек сызба
Мүше өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі.
Өсімдік мүшелері

● Өсімді мүшесі – тамыр, сабақ, жапырақ, өркен,
● Көбею мүшесі – гүл, жеміс, тұқым
Тамыр – топырақ арқылы өсімдікті минералды тұздармен және сумен қамтамасыз ететін вегетативті мүше.
Тамырдың қызметі:
1. Су мен минералды тұздарды топырақтан алады.
2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
3. Қоректік заттар қорын жинайды.
4. Көбеюге қатысады.
Тамыр шығу тегіне қарай үшке бөлінеді.
1. Негізгі тамыр – ұрық тамыршасынан дамиды.
2. Жанама тамыр – тамырдың жан - жағынан таралады.
3. Қосалқы тамыр – сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Тамыр жүйесі: Кіндік тамыр және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы дамыған. Мысалы: асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс. Олар қосжарнақты өсімдіктерге тән.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы: пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ.
Даражарнақты өсімдіктерге тән.
Тамырдың ішкі құрылысы:
Тамыр оймақшасы, бөліну, созылу, сору, өткізгіш деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы: тамыр бөліміне кірмейді, тамыр оймақшасы бөліну аймағының сыртын қаптап жатады.
Бөліну аймағы: атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі, болып үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабатындағы жасушалар мен оймақшасын түзеді, ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан ортаңғы цилиндр түзеді.

Биология пәні мұғалімі: Қайрбулатова Г. Б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 948
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен оқу бағдарламасы
Биология пәнінен оқу бағдарламасы
Негізгі орта білім деңгейіндегі биология курсы «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманкелді Аскерхан
Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері
Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Абай орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарсенова Айнаш
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×