Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: «Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, түрлерін, маңызын түсіндіріп, тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білімдерін нығайту, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығының дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, перфокарта, суреттер, слайттар, плакат, қосымша әдебиет.
Пән аралық байланыс: география, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Ә) Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Зымыран сұрақтар.
1. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар.(әкелі балалы Янсендер 1590 - 1610ж)
2. Жасушаны ашқан ғалым.(1665ж Роберт Гук)
3. Өсімдік жасушасының құрлысы. (жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер, вакуоль)
4. Ұлпалар дегеніміз не?
5. Өсімдік ұлпаларының неше түрлері бар? (6 - түрі бар)
6. Микроскоптың құрлысын ата (окуляр, көру түтігі, объектив, заттық үстелше, айна, табан, тұтқа, бұранда)
7. Жабын ұлпасының қызметі мен түрлері.(өң, тоз, қыртыс)
8. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі.(вакуоль)
9. Өсімдіктерге түрлі түс беретін пластидтерді ата?
10. Қазақстанда қызыл кітап тұңғыш рет қай жылы шықты.?(1978ж)
11. Бізде неше қорық бар.(9)
12. Қызыл кітаптың маңызы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тамыр – топырақ арқылы өсімдікті минералды тұздармен және сумен қамтамасыз ететін вегетативті мүше.
Тамырдың қызметі:
Су мен минералды тұздарды топырақтан алады.
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
Қоректік заттар қорын жинайды.
Көбеюге қатысады.
Органикалық заттарды синтездейді.
Тамырдың түрлері:
Негізгі тамыр – ұрық тамыршасынан дамиды.
Жанама тамыр – тамырдың жан - жағынан таралады.
Қосалқы тамыр – сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.

Тамыр жүйесі:
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы дамыған. Олар қосжарнақты өсімдіктерге тән.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады.
Даражарнақты өсімдіктерге тән.

Тамырдың тыныс алатынын дәлелдейтін тәжірибе

ІV – Бекіту.
Зертханалық жұмыс № 5:

«Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.»
1. Берілген өсімдіктердің кеппешөбінен тамыр жүйесін қарап, олардың негізгі, жанама және қосалқы тамырларың табыңдар. Суретін салып, аттарын жазыңдар.
2. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері, арпа кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.
3. Сәбіздің кіндік тамыр жүйесін қарап негізгі, жанама тамырларын ажыратыңдар.
4. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтағы суреттерін салыстырыңдар.
5. Кестені толтырыңдар: (берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар)

Кіндік тамыр жүйесі-----------
Шашақ тамыр жүйесі---------
Сәбіз 2. бақбақ 3. күнбағыс 4. Бұршақ 5 қайын 6. пияз 7. қызғалдақ 8. Құртқашаш 9. итмұрын 10. бидай 11. арпа 12. күріш
Қай пікір дұрыс?

Бейорганикалық заттарға нәруыз, май, қрахмал жатады.
Ашықтәрізді өсімдіктердің жапырағы ине тәрізді болады

Сүт тәрізді сұйықтыққа йод құйса су көгереді. Демек, сұйықтықта нәруыз бар
Тамырда кейбір витаминдер түзіледі.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамыры болмайды.
Ағаштардың барлығы көпжылдық өсімдіктер.

Биологиялық диктант.
Өсімдік.............. арқылы көбейеді.
Барлық тұқымда болады: нәруыз,.............................
Тұқымның өнуіне қажет:.........................................
Тамыр түрлері болады:.....................................................
................................- негізгі тамыр жүйесі нашар дамиды, көптеген тамыр шоғы пайда болады.
Қосалқы тамырлар тез өсу үшін өсімдікті............... керек.

V – Қорытындылау.
Ойлан, тап.
Көз алмай күнге алыс, қарайды........(күнбағыс)
Төменге қарамай көкке өрлер.............(қарағай)
Уылжыған албырт, дәмі тәтті..........(алмұрт)
Қара жерге енгелі, батырады шеңгелін. (тамыр)
Жезге ұқсас сабағы, дәні – халық тағамы. (бидай)
Қос құлағы қалқайып, су ішкен сайын марқайып. Күн ысыса тон жинайды, доп болғанда ел жинайды. (орамжапырақ)

Сен білесің бе?
…. бидайдың тамыр жүйесі 1, 5м - ге дейінгі аумақты қамтиды, тереңдігі 2 м - ге жетеді, ұзындығы 600м - ге жетеді.
….. арпаның тамыр түктері 15 млрд. – қа дейін жетеді, ал ұзындығы 10000 км. жетеді
……1 мм тамыр өскенде 200 ден 400 ге дейін тамыр түктері түзіледі

Ойлан, тап.
Негізгі тамырдың ұшын кесіп тастаса не болады?
Гүл ыдысының түбінде неге тесік болады?
Қораптың ішінде өсімдіктің екі түрлі мүшесі бар. Екеуі де тәтті, қызыл, шырынды. Біреуі күнді жақсы көреді, екіншісі түнді жақсы көреді. Ол не?
Бөлме өсімдіктеріне ұзақ салқын су құйса, ол тіршілігін жояды. Неге?

Тамырдың өсімдік өмірінде маңызы қандай?
Кестені толтыр.

VІ – Үйге тапсырма. § 7, 27 беттегі А, В, С сұрақтарына жауап беру.
VІІ – Бағалау.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
41 752
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×