Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер әлемінде

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
"№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - нің
биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІНДЕ (слайд)

Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған –
дей келе, «Өсімдіктер әлемінде» атты сыныптан тыс іс - шарамызды бастаймыз.

Мақсаты: Оқушылардың өсімдіктер әлемі туралы білімдерін нығайта отырып, табиғатты сүюге, берекелі тіршілігін қорғауға, отан сүйгіштікке тәрбиелей отыра, оқушыларды топпен жұмыс жүргізу арқылы бірлікке тәрбиелеу.
Бұл сыныптан тыс іс - шара сайыс түрінде өтіледі. Сайысқа үш топ қатысып отыр. Бірінші топ «Қызғалдақтар» тобы, екінші – «Бәйшешек» тобы, үшінші – «итмұрын» тобы. Сайыс болған соң әділқазыларсыз болмайды. Енді әділқазылармен таныстырып өтейін:
-----------------------
Бұл топтардың арасындағы сайыс мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Сергіту (сұрақ - жауап, әрбір сұрақ 1 балл)
2. Кім жылдам? (5 балл)
3. Ол кім? Бұл не? (1 балл)
4. Жеміс теру (1 балл)
5. Сөзжұмбақ (1 балл)
6. Өсімдік – өмір кілті (5 балл)
7. Ағаш егіп, гүл егіп, қамқор болып жүрелік (5 балл)

Сайысымызды бастамас бұрын
Табиғаттың ажары көркемі бір
Шежіресі секілді ертегі - жыр
Ал тыңдаңдар гүлдерге сөз береміз
Өзі жайлы өздері шертеді сыр.

«Қызғалдақ»
Кім білмес қыз аруы қызғалдақты
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты
Сәні деп өміріңнің көңіліңнің
Сый етіп бізді жігіт қызға арнапты.

«Бәйшешек»
Мен болам қырларында текеметтің
Көктемде алғаш көрік әперетін
Бәйшешекпін көмектесем қар астында
Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.

«Итмұрын»
Мен болам қырларында жайраңдаған
Айналама шуақ көрік әперетін
Итмұрынды емге сен пайдалансаң
Жадырап жаздай күліп, ауырмассың.

Өте жақсы, сонымен сайысымыздың 1 бөлімі «Сергітуді» бастаймыз.
1. Дүниедегі ең биік ағаш (Эвкалипт)
2. Жапырағынан көбейетін қандай өсімдіктер (фикус, бегония)
3. Барометр - гүл (акация)
4. Суықтан да, биіктен де қорықпай, таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік (эдельвейс)
5. Өте ертеде барлық гүлдерден бұрын белгілі болған қандай гүл (хризантема)
6. Дүниедегі ең алып гүл (раффлезия Арнольд 10 кг)
7. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады (жапырақ)
8. Ағаш неше жыл жасайды (300 - 500 жыл)
9. Қар астында қандай гүлдер қыстайды (қоғажай, шытыр)
10. Ең тез өсетін өсімдік (бамбук)
11. Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» нешінші жылы шықты (1981 ж.)
12. Т2К2+2А∞Ж∞ (көкнәр)
13. Т(5) К5А20Ж1 (алхоры)
14. Т(5) К5А∞Ж(5) (алма)
15. Т(5) К5А∞Ж (итмұрын)
Енді, екінші сайысымызды бастаймыз. Ол «Кім жылдам?» деп аталады. Қазір үш топқа өсімдіктердің аттары жазылған үлестірмелерді таратамын. Сонымен бірге белгілі бір өсімдік тұқымдастары жазылған конвертке таратылған үлестірмелерді қайсысы қай тұқымдасқа жататының шатыспай салу керек. Оған 50 секунд беріледі. Жылдам және дұрыс салып болған соң әділқазылар алқасына бересіздер. Ал ендеше бастайық.
Келесі сайысымыз «Ол кім? Бұл не?». Сендерге жаратылыстану ғылымына еңбегі сіңген адамдардың аты - жөнін айтып, «Ол кім?» деген сұрақ қоям. Сендер қысқаша ол адамның кім екенін ашып айтасыздар екі ауыз сөйлеммен. Одан кейін өсімдіктің суретін көрсетіп, «Ол не?» деген сұрақ қоямын. Сендер суреттегі қандай өсімдік екенін айтып, сол өсімдік туралы екі - ақ сөйлеммен қысқаша түсінік бересіздер.
1. Күдерин Жұмақан – ол кім? (ол қазақтан шыққан тұңғыш биолог ғалым)
2. Ыбырай Жақаев – ол кім? (ол – ақ күріштің атасы)
3. В. Вавилов – ол кім? (ол – мәдени өсімдіктерді жүйелеп, топтарға бөлді)
4. Бокарев Денис – ол кім? (ол күнбағыстан алғаш рет өсімдік майын алған орыс шаруасы)
5. Мұсақұлов Тәліп – ол кім? (ол биология терминдерінің орысша - қазақша сөздігінің авторы)
6. Тарабаева Гүлбахрам – ол кім? (ол дәрмене өсімдігінің дәрілік қасиетін ашқан қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы)
7. Теофраст – ол кім? (ол грек ғалымы, өсімдіктің 500 түрін алғаш рет ғылыми түрде анықтаған)
Енді «Бұл не?» деген сұраққа көшеміз.
1. Бұл не? – Бүлдірген (елімізде барлық жерде тараған көп жылдық өсімдік, мамыр айында гүлдейді)
2. Бұл не? – Шырғанақ (Орта Азияда, Батыс және Шығыс Сібірде, қазақстанда кездеседі, В, Е дәрумендеріне бай)
3. Бұл не? – Өрік (өрік Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстік - шығысында кездеседі, дәндерінен май алады)
4. Бұл не? – Қызыл қарақат (Қазақстанның барлық жерінде кездеседі, жапырақтарын емдік мақсатта пайдаланады)
5. Бұл не? – Долана (Орта Азия мен Қазақстанның таулы жерлерінде кездеседі, гүлін емге пайдаланады)
6. Бұл не? – Алмұрт (раушангүл тұқымдасқа жатады, құрамында А, В дәрумені бар)
Жарайсыңдар! Сайысты жалғастырмақ бұрын
Табиғаттың көркімен талантымды ашамын
Әсем сұлу жерімді әніме мен қосамын –
деп табиғат сұлулығын жырлай келе келесі кезекті әнге береміз. Ән «Саржайлауым» орындайтын Көшкінбаева Гүлмира.
Енді әділқазылардан үш сайыстың балдарымен таныстырып кетсеңіздер.

Енді төртінші сайыс «Жеміс теру» деп аталады. Мұнда оқушылар кәрзеңкеге салынған жеміс - жидектердің суреттерін алып, суреттің артқы бетіндегі жұмбақтарды шешеді.
1. «Қызғалдақ» тобының бір мүшесін шақырамыз.
2. «Бәйшешек» тобының бір мүшесін шақырамыз.
3. «Итмұрын» тобының бір мүшесін шақырамыз.

1. Қар астында қыстайды, ақпен бөркін тыстайды (бәйшешек)
2. Өзіне шап - шақ, киген қалпағы аппақ, балалар тұр қаптап (бақ - бақ)
3. Бек тұрған белін буып тек тұрған (бидай)
4. Бауыздасаң қан орнына су ағар (қауын)
5. Арбиған әкесі бар, тарбиған шешесі бар (шие ағашы)
6. Түсі бар ақты - көкті қызылала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа,
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала - шаға (алма ағашы)
7. Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан (бидайдың масағы)
8. Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім (қауын)
9. Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)
10. Пішіні бар домалақ, көріп қойдым сығалап, жақсы болса тұрмысы, шығады екен қоғалап, бес ай уақыт өткенде қаптап алдым құмалақ (картоп)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік – өмір өзегі
Өсімдік – өмір өзегі
Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Жасыл желек - жердің сәні саялы, Қамқор болсаң жапырағын жаяды. Мейіріммен жылуын арна жүректің, Соған қоса алақан керек аялы
Табиғат – тіршілік аясы
Табиғат – тіршілік аясы
Оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін мектеп - интернаты КММ география пәні мұғалімі: Тулендина Эльвира Нукербековна
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×