Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cүйекті балықтар класы

22 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Биология
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,
«Түркістан Ахмет Яссауи» кәсіби колледжінің
биология пән оқытушысы:
Бекболатова Назерке Бакытовна

Жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сүйекті балықтар класы
1. Шеміршекті балықтар құрылысы мен тіршілігі
2. Шеміршекті балықтар өкілдері
3. Тест тапсырмалары мен кеспе қағаздарға жауап беру
4. Суретпен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сүйекті балықтар құрылысы
2. Көбеюі
3. Миграциясы
ІV. Бекіту
1. Семантикалық карта
2. Зоологиялық диктант
3. «Балық аулау» ойыны
V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы
1. Сүйекті балықтар класының өкілдерімен танысу және бір - бірінен ажырата білу;
2. Балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мәліметтер біліп келу;
3. Тақырыпқа байланысты берілген кестені толтыру
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пәні: Зоология
Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың оқу қабілеттерін және білімдерін тереңдете отырып, сүйекті балықтар құрылысы, көбеюі, миграциясы және маңызы мен түрлері туралы түсіндіру.
2. Дамытушылығы. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, сүйекті балықтар құрылысы мен түрлерін нақты ажырата білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, интерактивті тақта
Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу; оқу құралдарын тексеру, аудитория тазалығына мән беру; журналды толтыру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Шеміршекті балықтар класы
1. Шеміршекті балықтар құрылысы мен тіршілігі
2. Шеміршекті балықтар өкілдері
1 - тапсырма. Тест тапсырмаларымен жұмыс
1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы
А) микология
Б) кардиология
В) ихтиология +
Г) орнитология
2. Балықтар неше класқа бөлінеді?
А) 1
Б) 2 +
В) 3
Г) 4
3. Шеміршекті балықтар класының түр саны
А) 22000
Б) 20000 +
В) 7500
Г) 750
4. Балықтардың жүрегі неше қуысты?
А) 1
Б) 2+
В) 3
Г) 4
5. Балықтарда қан айналым шеңбері қанша?
А) 4
Б) 2
В) 3
Г) 1+
6. Шеміршекті балықтар қалай ұрықтанады?
А) Сырттай
Б) іштей+
В) жынысты
Г) жыныссыз
7. Қара уылдырық алынатын балықтар тобы
А) Алабұғалар
Б) Албырттар
В) Бекірелер+
Г) Майшабақтар
8. Алғаш рет қуық пайда болған балықтар тобы:
А) Шеміршекті балықтар
Б) Сүйекті балықтар +
В) Скаттар
Г) Акулалар
Бағалау жүйесі: «5» - 7 - 8; «4» - 6 - 5; «3» - 4; «2» - 3.
2 - тапсырма. Кеспе қағаздармен жұмыс.
№1
1. Сүйекті балықтардың тері жабындысының ерекшелігі
2. Балықтардың миграцияға шығу себебі
№2
1. Баяу жүзетін балықтардың дене пішінінің ерекшеліктері
2. Балықтардың қан айналым жүйесі
№3
1. Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі
2. Су түбінде жүзетін балықтардың дене ерекшеліктері
№4
1. Балықтардың тыныс алу жүйесі
2. Балықтардың көбею жолдары
3 - тапсырма. Суретпен жұмыс. (Акуланың сыртқы және ішкі құрылысы көрсетілген, мүшелердің атын тауып, қаламмен жазу керек)

Жаңа сабақ
1. Сүйекті балықтар құрылысы
2. Көбеюі
3. Миграциясы
1. Сүйекті балықтар класы төменгі класс тармақтарына бөлінеді. Шеміршек сүйектілер класс тармағы – Chondrostei, өкілдері – бекіре, қорытпа, сүйрік, т. б. қауырсынқанаттылар класс тармағы – Sarcopterygii, өкілдері – латимерия, дипной.
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Барлық балықтардың 99% (20 мың түр) осы сүйекті балықтар Құйрық қанаты гомоцеркальды. Сүйекті балықтардың қаңқасы сүйек болғандықтан денесі ауыр болады. Осыған байланысты оларда торсылдақ жақсы дамыған. Бұл сүйекті балықтар тобына, кейбір белгілері арқылы шеміршекті балықтарға ұқсамайтын көне сүйекті балықтар да жатады.

Дене пішіні. Сүйекті балықтардың көпшілігінің дене пішіні тез, жылдам жүзуге бейімделген акулалардың денесіне ұқсас, ал баяу жүзетін балықтар (тұқы тәрізділер) немесе судың түбінде баяу қозғалатын (мысалы камбала) түрлері жалпақ скаттарға ұқсас болып келеді.

Қозғалу мүшелері. Сүйекті балықтарда шеміршекті балықтардікіндей тақ (арқа, аналь, құйрық) және жұп (кеуде, құрсақ) жүзу қанаттары болады. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады. Барлық қанаттарының да сүйекті қауысындары болады. Сүйекті балықтардың құйрық қанаттары кең, ашалы болып келеді. Осындай құрылысты құйрықты гомоцеркальды деп атайды.

Тері жабындысы. Сүйекті балықтарда денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып жатады. Жұқа пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті шығып жатады.
Қаңқасы. Сүйекті балықтардың қаңқасының бірте - бірте сүйектенуі балықтардың эволюциясында бейімделу қабілетін арттырды. Қаңқаның сүйектенуі тірек қимылының күшті болуына, еттердің бекуіне себебін тигізсе, нерв жүйесі мен ішкі мүшелерді сақтауды арттырды.

Сүйек қаңқасы балықтардың салмағын арттырды, олардың жүзуін баяулатады. Сондықтан олардың жүзуін жеңілдету үшін ішектің алдыңғы бөлімінен торсылдақ дамыған. Торсылдақтың іші азот, оттегі және көмірқышқыл газына толтырылған. Осы аралас газдардың арқасында балықтардың салмағы белгілі дәрежеде азаяды. Торсылдақтар тек балықтың салмағын ғана азайтып қоймайды,
гидростатикалық қызметте атқарады, демек балықтардың судың терең қабаты мен жоғарғы қабатына көтерілуге мүмкіндік береді. Балықтардың еттері әртүрлі қимылына, оған жұмсалатын күш - қуатына қарай жеке жіктерге бөлінген. Ең жақсы дамыған күшті еттері дененің ұзына бойы омыртқа жотасына бекінген. Сайып келгенде, балықтардың қаңқасы мен еттері қайталанып отыратын метамерлі құрылысты болады.

Нерв жүйесі. Миы шеміршекті балықтардың миына қарағанда қарапайым болады. Мысалы сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек. Олардың алдыңғы миы кішірек және шеміршекті – сүйекті, сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиимен қапталған сүйекті балықтарда ортаңғы ми мен мишық басқа балықтарға қарағанда көлемді болады.

Сезім мүшелері.
Көптеген түрлерінің иіс сезу, сезім, есту, көру мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе – теңдігін сақтау қызметін атқарады.
Тыныс алу жуйесі. Балықтарға тән ерекшеліктер - олардың желбезекпен тыныс алуы. Желбезектер бастың екі жағында болады. Аузын ашып - жауып, желбезек қақпақшаларын бір көтеріп, бір төмен түсіріп балықтар ауыз қуысына, жұтқыншаққа, бұлардың желбезек жапырақшаларына құйылатын су ағысына тудырып, оны желбезек тесіктер арқылы сыртқа шығарады. Нәтижесінде желбезек жапырақшалары сумен үнемі жуылып, суда еріген оттегі сіңіріледі. Сүйекті балықтарда төрт жұп жетілген желбезектері болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады. Олар желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балықтардың тыныс алуы суда ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады. Кейбір балықтар тыныс алу үшін ауадағы оттегін пайдаланады. Мысалы, судың түбінде тіршілік ететін шыра балықтар үнемі судың бетіне көтеріліп басын судан шығарып ауа жұтып отырады. Содан кейін ол ауаны қабырғасында қан тамырлары көп капиллярлары бар ішек арқылы жібереді. Тропикалық су жиі кеуіп қалатын жерлерде тіршілік ететін қостынысты балықтарда (протепторус, лепидосирен) желбезектерімен қоса қапшық тәрізді өкпелері де болады. Су кеуіп қалғанда қостынысты далықтар батпаққа кіріп алып, анабиотикалық күйде жатып ауамен тыныс алады.

Толық нұсқасын жүктеу
7 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Сүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар класы
Атырау қаласы, Балықшы поселкесі, Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Ахмедьярова Курмангул
Балықтан жасалатын тағамдар
Балықтан жасалатын тағамдар
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектебінің технология, бейнелеу өнері, сызу пәндері мұғалімі: Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызы
Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пән мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Балықтар жоғары класы
Балықтар жоғары класы
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің география, биология пәндерінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×