Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балықтар жоғары класы

02 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Балықтар жоғары класы
Сабақтың мақсаты: балықтардың сыртқы және ішкі құрылысымен және олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерімен таныстыруға және шеміршекті балықтарға тән белгілерді оқып үйренуге жағдай жасау

Сабақтың әдістері: “Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, аквариумдағы балықтар, ылғалды препараттар, балық қаңқасы, балықтардың жеке мүшелері жүйесінің сызбанұсқалары, Қазақстанның Қызыл кітабы (1996), Т.Сұлтанқұлов «Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары»
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Жаңа білімді игеруге дайындық Оқушылардың қолдарындағы геометриялық фигураларға сәйкес топтарға бөлінеді.
1 – топ 2 – топ 3 – топ

4 – топ
4 оқушыдан 4 топқа бөліп отырғызылды.
Жаңа сабақ: Балықтар жоғары класы
І Қызығушылықты ояту сатысы.
Өлеңдегі жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алд
Қанаты бар ұшпайтын
Сусыз жерде тұрмайтын
Өзен жағалағанның өзегі талмас деген халық
Желбезекпен тыныс алатын ол
Оқушылар жасырын сөздің балық екенін айтады.
Видео фильм көрсетіледі.
“Топтастыру” стратегиясы
ІІ мағынаны ажырату

“ЖИГСО” стратегиясы
Тапсырма №1
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
2. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады.
3.Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, атқаратын қызметі қандай?
Тапсырма №2
1. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына қандай белгілер тән.
2. Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады.
3. Шеміршекті балықтардың асқорыту, тыныс алу жүйесін сипаттаңдар.

Тапсырма №3
Сәйкестендіру.
1. Акула. а.Электр қуатын шығаратын мүшесі болады.
2. Жұп балықтар. б. Баренц теңізінде мекендейді.
3. Тұтасбастылар. с. Субтропикалық, тропикалық белдеулердегі теңіздерде кездеседі.

Қандауырша мен шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктерін көрсететін кесте толтыру.
Төменде берілген белгілердің сәйкес келетін реттік санын әр жануарлардың астына жазыңдар.
№ Қандауыршаға тән белгілер Акулаға тән белгілер
1
1.Қанайналым шеңбері – біреу.
2.Терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы.
3. Таспа тәрізді жұп бүйрегі бар.
4. Қан тарату жүйесі тұйық.
5. Миы бес бөлімді.
6. Сырттай ұрықтанады.
Тапсырма №4
1. “Балықтың жаны - суда”, “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген халық мақал – мәтелдеріне талдау жасау.
2. Елімізде балық шаруашылығының маңызы қандай, өз ойыңды дәлелде.

ІІІ Ой толғаныс сатысы
Осы берілген тапсырмалар бойынша әрбір топ сызбанұсқа, жоба түрінде қорғайды.
Рефлексия
Төмендегі кестені толтыру
Нені білдім.
Нені үйрендім.
Нені білгім келеді.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Параграф 51 оқу, ізденіс жұмысы
11 874
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Cүйекті балықтар класы
Cүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Барлық балықтардың 99% (20 мың түр) осы сүйекті балықтар Құйрық қанаты
Сүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар класы
Атырау қаласы, Балықшы поселкесі, Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Ахмедьярова Курмангул
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н.С. Манаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Балықтар класы
Балықтар класы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінің биология пәні мұғалімі Шаманова Назгүл «Үздік презентация» номинациясы бойынша
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пән мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×