Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның қорықтарына саяхат

31 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сыныбы: 8 - 9
Тақырыбы: «Қазақстанның қорықтарына саяхат»
Мақсаты: Оқушылармен бірге Қазақстанның қорықтары туралы түсіндіре отырып мәліметтер алу. Оқушылардың өздігінен іздене білу қабілеттерін арттыру
Сабықтың түрі: сұхбат сабақ

Кіріспе сөз: Саламатсыздарма оқушылар. Бүгінгі сұхбат сабағымызды бастау үшін тақтада берілген слайдқа назар аударайық.

Ақсу - Жабағылы қорығы:
Бұл қорық 1926 жылы Қ Р Кеңес халық комитеті Ақсу - Жабағылы қорығы құрылғаны туралы қаулы қабылдады..
Қазіргі кезде Ақсу - Жабағылы қорығы көлемі 128118 га. Ақсу – Жабағылы қорығының территориясында жоғарғы және төмендегі сатыдағы өсімдіктердің 1465 түрі өсетін көрінеді. Соның ішіндегі, сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайың, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрты сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орман алқаптарын құрайды. Ал, тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 пайызы тиеді. Осы ормандар арасы мен ашық жерлер болса, олар жер бетінде тербелген әсем гүлдер мен көк майса шалғынды шөптерден түзілген жасыл кілеммен көмкерілген. Жасыл желекке оранған бұл өлке, хайуанаттар дүниесіне де өте бай.

Алакөл қорығы:
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы. Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін, табиғи бірлестіктерді, Алакөл көлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында орналасқан.

Алматы қорығы
Алматы қорығы 1931 жылы 15 мамырда көлемі 15000 га Кіші Алматы қорығы деп құрылды. 1935 жылы көлемі 40000 га, ал сонан соң 856680 га кеңейіп Алматы қорығы деп аталды. 1951 жылы қорық жабылды. Тек 1961 жылы 31 шілдеде Қазақ КСРО Министрлер Кеңесі №524 қаулысымен қайта құрылды. Қазіргі кезде қорық көлемі 71700 га. Орталығы Талғар қаласында орналасқан.
Қорықтың негізгі мақсаты Іле Алатауы орталық бөлігіндегі табиғи бірлестіктерді, жануарлар мен өсімдіктерді сақтау, және олардың табиғи даму заңдылықтарын зерттеу.

Барсакелмес қорығы
Барсакелмес қорығы тарихы 1929 жылы ұйымдастырылған Бағалы аң терілері Одағының аңшылық шаруашылығынан басталды. Аралға қарақұйрық, ақбөкен, орқоян, сұр шіл, Сырдария қырғауылы әкелініп қорық құрылды. Одан кейін ақбөкен, құландар әкелінді.
Қорық территориясы қазіргі уақытта екі бөлімнен «Барсакелмес», «Қасқақұланнан» тұрады.
Қорықтың жалпы көлемі 105879 га. Қорықтың әкімшілік мекен – жайы Қызылорда облысы Арал ауданы, Қазалы қаласынан батысқа 210 шақырым жерде.
Қорықтағы өсімдіктер флорасына 51 тұқымдас 174 туыстың 278 түрі жатады. Барсакелместе 253 түр, ал Қасқақұланда 101 түрі тіркелген. Қазақстанның эндемик түрлері - 14, өсімдік бірлестіктерінің алуан түрлігі жер бедері мен топырақ - су жағдайының ерекшелігімен анықталады.

Батыс Алтай қорығы
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Қазақстан Алтай тау жүйесіндегі биогеоценозды кешенді қорғау мақсатында 1992 жылдың 3 шілдесінде №1519 ХІІ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаулысымен құрылды.
Оның көлемі 56078 га, ол Шығыс Қазақстан облысының солтүстік - шығыс шекарасында Риддер және Зырян ауданы жерінде орналасқан

Қаратау қорығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы - еліміздегі қорықтардың ең жасы. Ол 2004 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №240 арнайы қаулысымен құрылған. Қорық территориясы Қаратау провинциясының Орталық аласа тау, орта тау аймағына жатады. Жер көлемі 34300 га. Қорық Сыр бойы Қаратауының эндемик түрлерін қорғау үшін құрылған. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында орналасқан, орталығы Түркістаннан 40 шақырым жердегі Кентау қаласында орналасқан.

Қорғалжың қорығы
Қорғалжың мемлекеттік қорығы 1968 жылы орман аңшылық шаруашылығы негізінде құрылды. Ол ақмола облысы қорғалжың ауданы мен қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында орналасқан, жер көлемі 258963 га. Оған Теңіз - Қорғалжың ойпатының ең төменгі бөлігінде орналасқан. Оған қазақ шоқылары мен Көкшетау қыраты арасындағы негізгі өзендер құяды. Қорық құрамына екі үлкен көл кіреді, оларға Нұра өзені құяды.

Марқакөл қорығы
Марқакөл мемлекеттік қорығы 1976 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы территориясында бірегей Марқакөл көлі мен оны қоршаған ландшафын қорғау мақсатында құрылды. Қорықтың қазіргі көлемі 75048 га, оның едәуір бөлігін Марқакөл су айдыны (46045 га) алып жатыр. Марқакөл көліне су 95 әр түрлі су көзінен келіп құйылады.
Марқакөл шұңқыры ландшафтысы флораға бай, жоғары өзекті өсімдіктердің 1000 – дай түрі, ағаштың 12 түрі мен бұтаның 22 түрі бар. Бұнда сирек кездесетін 15 өсімдік түрі кездеседі. Марқакөлдің су маңы, су өсімдіктерінің 30 түрі кездеседі. Сонымен қоса таулы тайга белдеуінде, жоталар баурайында Сібір балқарағайы, бұталар тоғайы - қызыл қарақат, таңқурай, алтай үшқаты, тобылғы итмұрын өседі. Бұнда дәрілік өсімдіктердің алуан түрі бар. қызыл тамыр, марал тамыры, алтын тамыр т б

Наурызым қорығы
Наурызым мемлекеттік қорығы 1931 жылы РСФСР Халық Кеңесі Комиссарының №826 Қаулысы қабылданып, ол бойынша Наурызым қорығының шекарасы анықталды. Қорық құрамына көлемі 250 мың га кең дала жерлері, көл жүйелері, көктеректі, қайыңды, қарағайлы Наурызым, Терсек, Сыпсын жерлері енгізілді. 1936 жылы қорық 320 мың га кеңейтілді. 1951 жылы қорық таратылып, 1966 жылы қайта қалпына келді. 2004 жылы 26 қаңтардағы №79 Қазақстан Республикасы Үкметі қаулысына сәйкес оның жер көлемі 103687 га кеңейтілді. Қазіргі кезде Наурызым қорығы жалпы көлемі 191381 га, Наурызым 139714 га, Терсек 12947 га және Сыпсын 38720 га деген үш ірі бөлімнен тұрады. Қорғалатын аймақтың жалпы біріккен көлемі 116726, 5 га. Қорық әкімшілік жағынан Қостанай облысының Наурызым және Әулиекөл аудандарының құрамына кіреді.

Үстірт қорығы
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде КСРО Министрлер Кеңесі Қаулысымен ұйымдастырылды, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Оның көлемі 223 300 га. Қорық жерінде үстірт 1 - 3 шақырым жолақ, ал солтүстігінде 5 - 10 шақырым болып орналасқан. Қорықтың негізгі орталығы Кендірлісор соры 50 мың га, оған жалғасып қарынжарық құмымен бірге Қарынжарық ойпатын түзеді. Үстіртің батыс бөлігі 70 шақырымдай жіңішке ұзын таспа болып қорық арқылы созылып жатыр.
Қорық ауданы флорасының 43 тұқымдас 163 туыстың өзекті өсімдіктерінің 250 түрі бар, Ірі тұқымдастардан айқышгүлділер, күрделігүлділер, астық тұқымдастар, айлауықтар және бұршақ тұқымдастар болып табылады. Мұнда талуан түрлігінен айқышгүлділер, күрделігүлділер, алабота тұқымдастар 30 түрден, бұршақ тұқымдастар 20 түр, астықтұқымдастар және айлауықтар 18 түрі кездеседі.

Қорытынды: Сонымен оқушылар біз бүгін Қазақстанның қорықтары туралы көптеген мәліметтер алдық. Осы алған білімдеріңді болашақта биология пәнінде пайдалана білесіңдер деп ойлаймын. Бұл сұхбат сабағымызда біз жануарлардың қай жерлерде тіршілік етіп жатқындығын білдік. Сонымен қатар қызыл кітапқа енген жануарлармен өсімдіктердің де түрлерімен таныстық. Келесі сұхбат сабағымызға дейін сау болыңыздар!
8 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Оқушыларға Мемлекеттік табиғи қорық қоры ұғымын қалыптастыру, қорықтардың мақсатын түсіндіру, Қазақстанның қорықтары мен таныстыру.
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Атырау қаласы, Балықшы поселкесі Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия Бастауыш сынып мұғалімі:Қалиева Айтолқын
Қазақстан қорықтары
Қазақстан қорықтары
“Абай атындағы орта” мектебінің география пәні мұғалімі Бисенова Жанат
Қазақстанның қорықтары
Қазақстанның қорықтары
Уайданова Жанна Муслимовна ШҚО, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ» КММ
Қазақстан қорықтары панорамалық сабақ
Қазақстан қорықтары панорамалық сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы мағлұмат алады; жаңа сөздермен танысады; сілтеу есімдігін септеуді үйренеді. Дамытушылық: өзін қоршаған орта жайлы еркін әңгімелей алады;грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×