Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан қорықтары панорамалық сабақ

19 қазан 2012, Жұма
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы мағлұмат алады; жаңа сөздермен танысады; сілтеу есімдігін септеуді үйренеді.
Дамытушылық: Өзін қоршаған орта жайлы еркін әңгімелей алады; грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлем құрайды; ой - өрісін кеңейтеді.
Тәрбиелік:
қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, туған жерін қадірлеуге тәрбиеленеді.
Пәнаралық байланыс: География, биология, орыс тілі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Өткен материалды қайталау.
Қазақстандағы қандай тауларды білесіңдер?
Алматы қаласы қай таудың баурайында орналасқан?
Тау биіктеген сайын ауа райы қалай өзгереді?
Өздерің барған тау туралы айтып беріңдер.

Фонетикалық жаттығу
Қ - дыбысы
Жарда қарға қарқылдады,
Қарға жарда қарқылдады.
Расында жарда,
Қара қарға қарқылдады.

Сөздікпен жұмыс.
ағады - течет
шіл - куропатка
тіркелу - регистрировать
ұлар - улар
сілеусін - рысь
қорғау - защищать
лашын - коршун
қарақұс - могильник

Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сілтеу есімдігінің септелуін түсіндіру
Септік --------- бұл ---------- мына
Атау с. --------- бұл ---------- мына
Ілік с. ---------- бұның ------- мынаның
Барыс с. ------- бұған -------- мынаған
Табыс с. ------- бұны --------- мынаны
Жатыс с. ------- бұнда -------- мынада
Шығыс с. ------ бұдан -------- мынадан
Көмектес с. --- бұнымен ---- мынамен

Қазақстан қорықтарына саяхат жасау.

Грамматикалық жаттығулар
Осы, сол есімдіктерін септеңдер.
Мәтіннің ішіндегі жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігін бөліп жаз.
Ішіне Сыртына

Ой түйіндеу. (Карта)
1. Үстірт қ.
2. Барсакелмес қ.
3. Наурызым қ.
4. Қорғалжын қ.
5. Ақсу - Жабағылы қ.
6. Алматы қ.
7. Алакөл қ.
8. Батыс Алтай қ.
9. Марқакөл қ.

Тілдесім.
- Сен Ақсу - Жабағылы қорығында болдың ба?
- Иә, мен Ақсу - Жабағылы қорығына биыл жазда бардым.

Қорытынды. Сөзжұмбақ
А Қ С У Ж А Б А Ғ А Л Ы
А Л А К Ө Л
М А Р Қ А К Ө Л
Қ О Р Ғ А Л Ж Ы Н
Ү С Т І Р Т
Н А У Р Ы З Ы М

Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау
Мәтіннің мазмұнын айту
Анау, бұған, осымен есімдіктерін қатыстырып сөйлем құру
Бағалау

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді. Жер аумағы 258, 9 мың га. Атақты қоқиқаздар мекендейтін жер.

Батыс Алтай қорығы – Шығыс Қазақстан облысында Батыс Алтай тау жоталарындағы таулы орманды альпі, субальпі, шалғындықтарының табиғат байлықтарын қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1992 жылы құрылған мемлекеттік қорық. Жер аумағы 56 мың га.

Ақсу Жабағылы – Қазақстан жерінде 1926 жылы ең алғаш ашылған қорық. Оңтүстік Қазақстан обылысы Түлкібас ауданында орналасқан. Жер аумағы 75 мың га. Бұл қорық – сан алуан өсімдіктер мен жануарлар мекені. Қорықта аю, арқар, барыс, кекілік, шіл, елік сияқты қорғауға алынған жануарлардың бірнеше түрі мекендейді.

Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан жерінде орналасқан. Марқакөл - теңіз деңгейінен 1445 м. биіктікте жатқан көл. Қорықтың көптеген жануарлары мен өсімдіктері Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.

Үстірт қорығы – Маңғыстау облысында орналасқан. Жер аумағы – 70 мың га. Қорық өзінің көптеген археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленеді.

Слайдты жүктеу
19 608
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш
Бастауыш
Бастауыш туралы түсінік беру, оның грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Қыс. Сын есім
Қыс. Сын есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Маншук
Қорықтар
Қорықтар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Атам мен әжем
Атам мен әжем
Атам мен әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×