Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы

04 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 36.
Тақырыбы: §38. Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы
Сабақтың мақсаты: көпжасушалы омыртқасыз жануарлардағы газ алмасу үдерісі жүретін тыныс алу мүшесі жайлы сипаттама бере отырып, әрбір ағзаның өзіндік ерекшеліктерін атап көрсету; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі
Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесіндегі бәріне ортақ белгілердің (мүшелердің) атауларын тізіп, дәптерге жазыңдар.
Күйіс қайыратын жануар қарнының қандай ерекшелігі бар?
Сүтқоректілер мен құстардың асқорыту жүйесіндегі сұлбаларында көрініп тұрған, ең негізгі бір айырмашылық қандай? Ол немен байланысты?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Тыныс алудың мәні және маңызы
2. Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу.
Тыныс алудың мәні және маңызы. Астың қорытылуы кезінде органикалық заттардың жай заттарға ыдырауы және олардан ағза жасушаларына, ұлпаларына, әр түрлі мүшелеріне тән органикалық заттардың қайтадан түзілуі үшін оттегі керек.
Ағзада үздіксіз жүріп жататын тіршілік процестері өте күрделі құбылыс. Бір заттар түзіліп жатса, екіншілері ыдырап жатады. Түзілген заттардың ішінде көп түзіліп немесе сырттан келіп ағза үшін қажетсіз, тіпті зиянды боп келетіндері де бар. Мысалы, көмірқышқыл газы. Ағзалардың басым көпшілігі оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Осы құбылысты тірі ағзаның тыныс алуы немесе ағзадағы газалмасу дейді.
Ағзада тынысалу үздіксіз жүреді. Белгілі бір себептен тынысалу тоқтаса, ағза тұншығып, тіршілігін тоқтатады. Мұны сендер бастауыш сыныптан білесіңдер, күнделікті өз тәжірибелеріңнен де жақсы сезінесіңдер. Адам 1 минутта 15 - 18 рет тыныс алып, дем шығарады.
Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзаларды аэробты тыныс алатын ағзалар дейді. Ал басқа жануарлардың ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразит жануарларды анаэробты, яғни оттегісіз тыныс алатын ағзалар дейді. Мұндай ағзаның тыныс алуының негізгі мәні аэробтылардың тыныс алуы мәнімен бірдей. Тек ыдырау, синтез процестері оттегінің қатысынсыз жүреді.
Оттегі ағзаға екі түрлі жағдайда сіңеді. Ауадағы оттегін құрлық жануарлары газ күйінде, ал суда тіршілік ететіндердің көпшілігі оттегін суда еріген күйде сіңіреді.
Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу. Гидрада тынысалу мүшесі жоқ. Суда еріген оттегін бүкіл денесімен сіңіреді. Көмірқышқыл газы дене жабындысы арқылы сыртқа шығарылады. Газалмасу гидра денесінің әр жасушасында өтеді.

Ал шұбалшаңда (жауынқұрты) оттегі дене сыртының сілемейленіп тұратын жұқа тері жабыны арқылы қанға сіңіріледі де, қанмен денедегі барлық жасушаларға тасымалданады. Қанмен келген оттегі жасушаға өтеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы қанға сіңіп, сыртқы тері жабыны арқылы сыртқа шығарылады.
Көпжасушалы жануарлардың ішінде ұлудың да тыныс алуды қамтамасыз ететін арнайы мүшелер жүйесі бар. Құрлық ұлуындағы (жүзім ұлуы), сол сияқты суда тіршілік ететін тоспаұлу денесінің бақалшақ жиегімен түйісетін алдыңғы арқа жағында орналасқан тыныс саңылауы – сондай мүше. Осы саңылау арқылы шапанша (мантия) қуысына ауа кіріп, осы қуыстағы қантамырларымен торланған шапанша қатпары – шапанша қалтасында қанға сіңеді. Оттегіне байытылған қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тасымалданады. Денеде түзілген көмірқышқыл газы қанмен бірге шапанша қуысына келіп, тыныс саңылауы арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Қосжақтаулы былқылдақденелілерде шапанша қуысы дененің екі бүйіріне қараған жағында орналасып, көлденеңінен тілімделген екі жұп тақташалары болады. Әрбір тақташада көптеген кірпікшелер бар. Кірпікшелердің үздіксіз қозғалысы судың ағынын туғызады. Су ағыны дененің артқы жағындағы шапаншаның төменгі кішкене саңылауы (сифоны) арқылы ішке құйылады. Сәл жоғарырақ орналасқан жоғарғы саңылау (сифоны) арқылы сыртқа шығады. Төменгі саңылау – су кіретін сифон, жоғарғы саңылау – су шығатын сифон деп аталады. Осы екі сифонның жұмысы арқасында шапанша қуысын су ағыны үздіксіз шайып тұрады. Суда еріген оттегі осы «желбезек» арқылы қанға сіңеді де, денедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады.

Шаршылы өрмекші денесінің баскөкірек пен құрсақ арасында орналасқан қос өкпе – ауа қапшығы арқылы тыныс алады. Қапшықтардың арасы көптеген жапырақ тәрізді қатпардан тұрады. Бұл жапырақшаларда қанайналымы үздіксіз жүреді де, оттегімен қанығып, денеге тасымалданады. Сонымен бірге құрсақтарында тыныс саңылауына ашылатын екі шумақ демтүтікшелері бар.

Қоңыздар (қиқоңыз, зауза, сүңгуір қоңыз, т. б.) хитинді демтүтіктері арқылы тыныс алады (88 - сурет). Қоңыз көкірегі мен құрсағының екі қапталын бойлай ұсақ саңылаулар (тыныс саңылаулары) орналасқан. Осы саңылаулардан дененің ішіне қарай хитинді демтүтікшелері жалғасады. Олар тармақталып, бүкіл ішкі мүшелерді торлайды. Тіпті аяқтардың, мұртша сезім талшықтарының ұшына дейін жетеді. Құрсақ бұлшықеті жиырылғанда ауа демтүтіктен сығылып, сыртқа шығады. Бұлшықет босаңсығанда, сырттан ауа сорылып, оның бүкіл тармақтары ауаға толады.

№18 - зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы мен кейбір тіршілік әрекеттері
Мақсаты: Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы мен кейбір тіршілік әрекеттерін зерттеп, зерделеу.
Құрал - жабдықтар: түбіне тасқиыршықтары (ірі құм), бөлме өсімдіктерінің 2 - 3 жапырақтары төселіп ылғалданған жарты литрлік шыны банкаға жіберілген 2 - 3 тірі бақұлу, түбіне құм төселіп, оған 1 - 2 бұтақ кесіндісі орнатылған, ернеуінен төмен су құйылып 2 - 3 тоспаұлу жіберілген банка (бұл екеуінің саны әрбір екі үстелде отырған оқушыларға бірден келетіндей болуы керек), ұлғайтқыш қол әйнек, нанның жұмсақ кесегі, шыны (ауданы 10х30 см - дей) немесе аумағы кеңдеу Петри табақшасы, іскек, пияз кесегі.

Жұмыстың барысы:
1. Банкадағы жағдайлар негізінде әр ұлудың қандай ортада тіршілік ететінін анықтау.
2. Бақұлуды шыны тақташаға жіберіп зерделеу. Тақташаның бір жеріне (жиегіне таяу) нанның кішкентай кесегін сулап езіп, жағып қою керек.
Бақылау жоспары: 1) сыртқы құрылысы;
– дене пішіні, бөліктері (жұмсақ, мүйізді қатты бөліктері), былқылдақ бөліктің пішіні, көзге түсетін екі жұп өсінділер – қармалауыштары.
– Бақалшақтың пішіні, денедегі орны, сыртынан айқын көрініп, білетін иірімжолақтар, буылтықтар.
– Жылжып қозғалғанда шыныда қалатын кілегейлі, мөлдір ізі.
2) Қозғалуы, айналадағы ортаны бағдарлауы, сезінуі
– жылжыған кезде шыныны көтеріп дененің астыңғы (шынымен жанасқан) бөлігін, яғни «аяғының» тері - бұлшықет жүйесінің толқынды қимыл - қозғалысын жақсы көруге болады.
– бастағы екі жұп қармалағыштардың қимыл - қозғалысын, жалпы сыртқы формасын, түрін ұлғайтқыш әйнекпен зерделегенде қармалауыштардың бір жұбы қысқа, екінші жұбы ұзын, жіңішкеліктері бірдей, ұштары сәл домаланып тұйықталғандай боп көрінеді.
Осы қармалауыштар ұштарынан көздерін (қоңыр, қара ноқат тәрізді) тауып, қай қармалауыш жұбы заттарды көріп, бағдарлауға қызмет ететінін анықтау керек.
– Ұлудың алдына іскекпен пияз кесегін (сәл езіп, иісін күшейтуге болады) ұстап, ұлудың әрекетін бақылау қажет.
3) Ұлудың қоректі тауып жеуі, мұны қамтамасыз ететін мүшелері
– Нан жағылған «шыны аймағын» екі жұп қармалауыштарын иіп - қарап, «иіскелеп» табатыны жақсы аңғарылады. Осыдан және пиязға әрекетінен, ұлу көздері мен иіс - сезу мүшелерінің жұмысы туралы қорытынды жасау қиын емес.
Дегенмен, ұлу көзі тек жақыннан ғана көретіні және түсті айырмайтыны есте болсын.
3. Тоспаұлуды банканың ішінде жүргенде бақылаған жөн. Сыртқы пішінінде, құрылысында сәл ғана ерекшеліктері болмаса, құрылысы тіршілік әрекеттері негізінен құрлық ұлумен бірдей. Бақұлудан гөрі таспаұлудың тыныс алу әрекеті жақсы көрінеді. Мантия қуысында оттегі таусылып, көмірқышқыл газы көбейгенде ол су бетіне көтеріліп газ алмастырады.
– Су бетінде денесінің қандай бөлігін судан шығаратынын, ол бөліктен ашылатын саңылауды (атауы, мөлшері, пішіні қандай?), қанша уақыт (минут есебімен шамалап) солай тұрғанын, одан соң саңылауды жауып, суға қайта түскенін бақылап, бақұлу мен тоспаұлудың оттегінің қай түрімен тыныс алатыны, мұнда қандай мүшелер қатынасатыны туралы қысқаша қорытынды жасауға болады.
4. Осы зерделеу, бақылау негізінде «Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы, кейбір тіршілік әрекеттері» тақырыбын қысқаша, нақтылы мазмұндап жазу қажет.

Толық нұсқасын жүктеу
6 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйесінің құрылысы
Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйесінің құрылысы
Жануарлар ағзасы айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз денеге жеткізіп, оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті заттарды алады. Сырттан келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды денесінен шығару да тіршілік үшін
Омыртқалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы
Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі – желбезек.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесі
Көпжасушалы ағзалардың тыныс алу жүйесі
Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы, Қожакент ауылы, №184 негізгі мектебінде биология пәні мұғалімі Сарманова Лиза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×