Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың мінез - қылығы

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақ: 47
Тақырыбы: §49. Жануарлардың мінез-қылығы
Сабақтың мақсаты: жануарлардың мінез - қылығы жайлы білімдерін арттыру; адамның тұлға ретінде дамуын және ғылыми дүниетамын байыту; шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Қай бунақденелі қай тәсілмен дамиды? (Әріп пен сәйкес сандарды, қосып жазу керек)
А. Шала түрленіп даму; 2, 5, 7, 8.
Ә. Толық түрленіп даму. 1, 3, 4, 6.
1) Сүңгуір қоңыз 5) Шегіртке
2) Инелік 6) Маса
3) Үй шыбыны 7) Тарақан
4) Түкті ара 8) Дәуіт
2. Түрленіп дамудың бунақденелілер үшін қандай маңызы бар?
«Біліміңді сына» тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Мінез - қылық және жүйке жүйесі. Жануарлардың мінез - қылығы тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тіршілік әрекеті жануарлардың даму деңгейіне қарай күрделене түсетіні мәлім. Өзін қорекпен, жылумен, ауамен, жарықпен, қамтамасыз ету, жауларынан өзін қорғау, ал ұрпағына қамқорлық жасайтын жануарлардың ұрпақтарын сақтап, қорғап, баулып өсіруі – өте күрделі құбылыс.

Міне, кірпікшелі кебісше жай ғана қозғалып жүр. Ол жүрген бір тамшы судың қасына тамызылған тамшыны ішінде таяқша бактериялары көп тамшымен қосып едік, кірпікшелі кебісшелер көрші тамшыға қарай ағылып өте бастады. Бұл нені білдіреді? Кірпікшелі кебісшенің өзіне қажет қоректің жақын маңда бар екенін сезінетінін, тіпті оның қай жақта екенін дәл табатынын еске түсіріңдер. Бұл сияқты сыртқы орта жағдайларын сезіну үшін, оған жауап ретінде дене (жасуша) сыртындағы мыңдаған кірпікшелерді бір мезгілде толқытып, олардың жұмысын қажетті бағытқа денені бұрып қозғалатындай етіп үйлестіру үшін ерекше тетік керек. Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі (жасушасындағы) сондай үйлесімді сезімталдық қызметті арнайы талшықтар атқарады. Бұл талшықтар жасушаның (дененің) алдыңғы бөлігінен басталып, бүкіл кірпікшелерге тарамдалады.

Ішек қуыстыларда шын мәнісіндегі жүйке жүйесі жоқ. Жүйке жасушалары бір - бірімен тармақталған өсінділер арқылы жанасып, жүйке торын ғана құрайды. Гидраның жүйке торының бір тарамдары қозуды қабылдайтын жасушаларға, екіншілер жиырылғыш жасушаларға барады. Гидраның сырттан болатын әсерге жауабы тітіркендіргіштің әсер ету күшіне байланысты. Бір қармалауышына инемен әлсіз ғана түртіп әсер етсе, сол қармалауышы ғана жиырылады. Тек қаттырақ шаншып, әсер етсе ғана барлық қармалауыштары денесі жиырылып, домаланып қалады.
Бунақденелілерде, өрмекшілерде, шаяндарда, ұлуларда, буылтық құрттарда жоғары деңгейде орталықтанған жүйке жүйесі бар.

Мысалы, шұбалшаңның жүйке жүйесі бір жұп жұтқыншақ үсті, бір жұп жұтқыншақ асты жүйке түйіндерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Бұл тізбек асқорыту жүйесінің астымен денені бойлай созылып жатады. Мұны құрсақ жүйке тізбегі дейді. Жұтқыншақ асты, жұтқыншақ үсті жүйке түйіндері бір - бірімен сақина тәрізденіп байланысады. Бұл түйіндерді «ми» деп те атайды. Сырттан болатын әр түрлі әсерді қабылдап, ажыратып, оған берілуге тиісті «жауап» жайындағы «бұйрық» осы түйіндер арқылы құрсақ тізбектеріне беріледі. Құрт зиянды әсері бар кедергілерді айналып өтеді, пайдалыларына (ылғал, қорек) қарай бұрылады.
Ағзаның тітіркендіргішке жүйке жүйесі арқылы қайтарған жауабын рефлекс дейді.
Ал өрмекшілер мен бунақденелілердің жүйке жүйесі денедегі орналасуы мен құрылысы жағынан шұбалшаңның жүйке жүйесімен ұқсас; ерекшелігі: құрсақ жүйке тізбегіндегі түйіндерінің саны аз, оның есесіне жүйке түйіндері, әсересе жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты түйіндері жақсы дамыған.
Шаяндардың, ұлулардың жүйке жүйесі негізінен осы жәндіктердің жүйке жүйесіне ұқсас.

Балықтардан бастап жүйке жүйесі ми және жұлын болып екі ірі бөлімнен тұрады. Ми бассүйектің ішінде орналасқан. Ол бес бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Сопақша ми омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлынмен жалғасады. Ми мен жұлын көптеген жүйке тармақтары арқылы балық денесінің барлық мүшелерімен байланысады.
Балықтың мінез - қылығында шартсыз және шартты рефлекстер білінеді. Балық уылдырықтан шығып, өздігінен тіршілік ете бастағанда жемін іздеп, тауып жейді. Бұны оған ешкім үйреткен жоқ. Бұл туа пайда болған шартсыз рефлекс. Егер аквариумдағы шабақтарды әуелі шам жағып, содан кейін аквариумның бір бұрышына жем тастаса, шабақтар ол жемді бірден көреді де, келіп жей бастайды. Осылай 2 - 3 рет қоректендіріп, келесіде жем тастамай - ақ тек шам жанса, олар сол бұрышқа жүзіп келіп, жиналып жем іздейді. Мұны шартты немесе жүре пайда болған рефлекс дейді.

Толық нұсқасын жүктеу
3 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Бунақденелілер класы — жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай, көп таралған жәндіктер тобы. Сондықтан бұл класс екі класс тармағына бөлінеді: біріншісі — туақанатсыздар, екіншісі — қанаттылар.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Жануарлардың жеке - дара және топтық мінез - қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықтарын дамыту, құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×