Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер

04 қаңтар 2020, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға шала, толық түрленіп дамитын бунақденелілер және олардың пайда – зияны туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ақпараттық тірек - сызбамен, кестемен жұмыс
Көрнекілік: интербелсенді тақта, коллекция, плакат, слайд

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезең
II. Үй тапсырмасын сұрау
Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады? Білгендеріңді атаңдар.
2. Жәндіктердің барлығын бунақдене деп атауға бола ма? Неге олай атау дұрыс емес деп ойлайсыңдар?
3. Бунақденелілер деп аталу себебі неліктен және қандай түрлері бар?
4. Бунақденелілердің құрылысы неше бөліктен тұрады?
Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің сан алуандығын кестеден анықтайық
Шыбын Сүзіп алу
Маса Шаншып сору
Тарақан, қоңыз Кеміруші
Балара Кеміріп жалау
Көбелек Түтік тәрізді ауызбен сорушы
Төмендегі сызбаны сәйкестендіріңдер
Бунақденелілер
Тура даму Шала түрленіп даму Толық түрленіп даму
жұмыртқа дернәсіл имаго?
жұмыртқа имаго?
жұмыртқа дернәсіл қуыршақ имаго?
Биологиялық диктант
1. Тура даму дегеніміз...
2. Имаго латынша қандай мағына береді?
3. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым...
4. Шала түрленіп даму деген не?
5. Толық түрленіп даму деген не?
6. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі...

III. Жаңа сабақ
Бунақденелілер класы — жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай, көп таралған жәндіктер тобы. Сондықтан бұл класс екі класс тармағына бөлінеді: біріншісі — туақанатсыздар, екіншісі — қанаттылар. Туақанатсыздар – қарапайым құрылысты бунақденелілер, оларда ешқашан қанат болмаған. Туақанатсыздар – жай көзді, тура дамитын бунақденелілер. Ал қанаттылар — денесі едәуір жоғары құрылысты бунақденелілер тобы. Жалпы бунақденелілердің 35 отряды бар.

Даму жолдары
1. Шала түрленіп даму
2. Толық түрленіп даму

Шала түрленіп дамитын бунақденелілер
Турақанаттылар отряды
Бұлардың алдыңғы қанаттары денесіне қомдалатын, қатқылдау келген, денеге тура орналасқан, енсіздеу болады. Қанаттың жалпақтау келген екінші жұбы — жарғақ қанат, тура қанаттың астына орналасады. Ауыз мүшелері кеміруге бейімделген. Шегіртке, шекшек, шілделік, саяқ, бұзаубас тәрізді бунақденелілер турақанаттылар отрядына жатады.
Тарақандар отряды
Тарақандар жалпақ денелі болып келеді. Үйде тіршілік ететін ірі қара денелі және шағын денелі қоңыр тарақандар азық - түлікті бүлдіріп қана қоймайды, адамға әр түрлі қауіпті ауруларды да таратады.
Дәуіттер отряды. Ол қорегін тұтқыаяқтарымен аулайды.
Инеліктер отряды
Инеліктер – жемін күндіз аулайтын жыртқыш бунақденелі жәндіктер. Олар су маңында ұшып жүріп көбінесе масаларды құртады.
Биттер отряды
Биттер – ауыз мүшесі шаншып – соруға бейімделген қанатсыз ұсақ, бунақденелі жәндіктер, олардың 40 - қа жуық түрі белгілі.
Шалақатқылқанаттылар немесе қанаттылар отряды
Қандалалардың кейбіреуі жануарлар мен адамдарда, ал басым көпшілігі мәдени өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді, сөйтіп оларға үлкен зиян келтіреді. Бұлардың аузы шаншып - соруға бейімделген, бунақталған тұмсықшадан құралады. Қанатүстінің қалыңдығы біркелкі болмағандықтан, отряд шалақанаттылар деп аталады.
Толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Қатқылқанаттылар немесе қоңыздар отряды
Қатқылқанаттылар түрі сан алуан. Қанаттарының үстіңгі жұбы — қанатүсті қатты да қатқыл, дөңестеу келген хитинді тақташадан құралатындықтан, отряд қатқылқанаттылар деп аталады.
Бүргелер отряды
Бұлар — қатқылқанаттылар мен қосқанаттыларға ұқсас қан сорғыш бунақденелілер отряды. Ауыз мүшелері шаншып - соруға бейімделген.
Қосқанаттылар отряды
Қосқанаттылар – бунақденелілер ішіндегі ең ұшқыр жәндіктер. Бұлардың тек алдыңғы екі қанаты ғана болады, отряд сондықтан қосқанаттылар отряды деп аталады. Соңғы екі қанаты өзгеріп, ызылдауыққа айналған.
Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды
Көбелектер отрядындағы жәндіктердің қанаттарын хитинді ұсақ қабыршақтар қаптайды, сондықтан бұл отряд қабыршаққанаттылар деп аталады. Көбіснің ауыз мүшесі соруға бейімделген.

IV. Тапсырма.
Төмендегі кестені толтырыңдар:
Тура даму Қанатсыз бунақденелілер
Шала түрленіп даму Инелік, дәуіт,, бит, қандала, шегіртке, бұзаубас
Толық түрленіп даму Қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарларт. б

V. Сабақты қорыту
1. Биологиялық диктант
Бунақденелілер класы... класс тармағына бөлінеді: біріншісі --..., екіншісі --... Туақанатсыздар – жай көзді,... дамитын жәндіктер. Жалпы бунақденелілердің... отряды бар. Даму жолдарына байланысты отрядтар... түрленіп және... түрленіп дамиды.
2. Дұрыс тұжырымын тап(иә немесе жоқ)
1. Бунақденелілердің үш класс тармағы бар. иә
2. Туақанатсыздар тура дамитын қарапайым құрылысты жәндіктер. иә
3. Жалпы бунақденелілердің 24 отряды бар
4. Шегіртке, бұзаубас, шілделік турақанаттылар отрядына жатады
5. Тарақандар азық - түлікті бүлдіріп қана қоймай, әр түрлі аурулар таратады
6. Дәуіттер зиянды жәндіктер
7. Биттің жұмыртқасын жұлдызқұрт деп атайды
8. Шалақанатылар отрядына қоңыздар жатады
9. Суаршын, зұламат су қандаласы
10Маса, шіркей, бөгелек қосқанаттылар отрядына жатады
3. Сұрақ - жауап
1. Бунақденелілердің қандай даму сатылары бар?
2. Бунақденелілерді оқып - үйрену неге негізделген?
3. Турақанаттылар отряды бойынша бунақденелілердің қай түрлері шала түрленіп дамиды?
4. Олардың ауыл шаруашылығындағы, адам өміріндегі пайда - зияны қандай?
5. Тарақан, дәуіт, инелік және биттер отрядтары туралы не білесіңдер?
6. Қандалалардың қандай түрлері бар?
7. Қандалалардың барлығы бірдей қанмен қоректене ме?
8. Отряд неліктен қатқылқанаттылар деп аталған? Қоңыздардың қандай пайдасы бар?
9. Қай жәндіктер қосқанаттыларға жатады?
10. Бөгелектердің қандай түрлері болады?
11. Қай жәндіктердің аналығы ғана қан соратынын, қайсысының ересек күйінде ауыз мүшесі болмайды?
12. Бунақденелілердің қандай тобы қабыршаққанаттылар отрядына жатады? Жарғаққанаттылар отрядының пайдалы және зиянды қандай түрлері бар?

VI. Үйге тапсырма § 50 оқу, жұмыс дәптерді толтыру
VII. Бағалау
5 742
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің сан алуандығын, олардың тіршілік ету ортасы және дауы туралы түсінік беру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін - өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Сендер жаздың орта шенінде шөп не ағаш жапырақтарында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндіктерді жиі көресіңдер. «О, мына құртты қара!» деген құрбыларыңның сөзін де естіген боларсыңдар. Шынында да олардың денесі құрт тәрізді буылтық, ауыз мүшесі
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сыңғырлау орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Өтеулиева Айымгүл Жолдықызы
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×