Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапырақ

07 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Биология
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғ. Арықбаев.

Сабақтың тақырыбы: «ЖАПЫРАҚ»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін таныту.
Дамытушылығы: Әр оқушының білімділік, ұжымшылдық қабілетін ояту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту.
Білімділігі: Жапырақтың түрлерін, қызметін, құрылысы мен сағақ арасындағы байланысы туралы оқушылардың білімін жүйелеу және толықтыру.
Дүниетанымдық сипаттама қортынды жасауға баулу.
Тәрбиелігі: Өзін-өзі басқаруға жетелеу және көпшіл, ұйымшыл болуға баулу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеппешөптер, слайдтар, тірек-сызбалар, жапырақтың түрлері: ромбы, жүрек, жебе, бүйрек, қылқанды жапырақтар.
Сабақтың әдісі: СТО бойынша.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақты меңгерту.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
4. Бағалау.
І Ой қозғау. (оқушылардың қызығушылығын ояту. )

Жайқалтса жасыл желек жапырағын,
Ажарланып кетеді-ау атырабым
Табиғаттың осындай сұлулығын,
Сақтауға барша жанды шақырамын.

Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның
Таза ауа қазынасы жан дауаның
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын!

Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.

ІІ. Жаңа сабақ:
♦ Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі.
♦ Жапырақтың қызметі:1Ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу ( фотосинтез) жүреді,
♦ 2. жасушадағы артық суды буландырады,
♦ 3. газ алмастырады,
♦ 4. органикалық заттарды қорға жинау,
♦ 5. көбеюге қатысады.
Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі соңында сағағы өседі.
Жапырақтың сыртқы құрылысы:
Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген бөлігі-тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақтар дейді. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақ жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалу қызметтерін атқарады. Сабақтан саға арқылы қоректік заттар жапыраққа өтеді.

Өсімдіктердің жапырақ сағағының түбінде орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды бөбешік жапырақша дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады. (Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған т. б). көруге болады.
Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді. (бидай, жүгері, қамыста, күріште) т. б. болады.
Жапырақ тақтасының пішіні:
Өсімдіктің түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әртүрлі.
Қарағай, шырша—ине тәрізді қылқанды жіңішке.
Бидай, қарабидай, жүгері, арпада - таспа тәрізді
Иісті шөпте –күрек тәрізді
Жөке, гүлшетенде-жүрек пішінді
Құсықшөпте –бүйрек пішінді
Шырмауықта-жебе тәрізді.
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы:
Жапырақ ағаштың біржылдық өркеніне түзіледі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Тек қырыққұлақ пен түбіртаспа өсімдіктерінде тіршілігін жойғанша өсе береді.
Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан -15 жылға дейін өсе береді.
Қарағай-2-4 жыл
Кавказ самырсыны 9-13 жыл
Тиса қылқаны 6-10 жыл
Шыршада 5-12 жыл
Тозды еменде 1-2 жыл
Қаражидекте 1-4 жыл өседі.

Жапырақтың түрлері:
♦ Жапырақ жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
♦ Жай жапырақ - бір ғана тақтасы бар жапырақ. (терек, қарағаш, қайың, ағаштары жатса)
Күрделі жапырақ - бір сағақта 2, одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді. Жапырақшалардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке түседі.
Жапырақтардың орналасуына қарай: Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі деп бөлінеді.
1. Үш құлақты күрделі сағағында 3 жапырақша болады (беде, соя т.б.)
2. Саусақ салалы күрделі сағағта 5-7, одан да көп саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады. (Қарасора, атбас талшын, бөрі бұршақ).
3. Қауырсын тәрізді күрделі негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Кейбір жапырақтарды жұп, тақ болады.
Жұп қаурсындар (асбұршақ, сары қараған, қоянбұршақ
Тақ қауырсындылар -(қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шетен, грек жаңғағы т. б).

Жүйкелену:
Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Қызметі:1. жапыраққа беріктік қасиетін береді;2. жапырақ қабаттарына су мен еріген минералды тұздарды жеткізіледі

Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді:
1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену - негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Мысалы тал, алма, терек, алмұрт ағаштары.
2. Саусақ салалы жүйкелену - орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралады. Мысалы үйеңкі, үпілмәлік, бегония жапырақтары.
3. Параллель жүйкелі-жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады. Мысалы бидай, жүгері өсімдіктері.

4-інші түрі доғалы жүйкелену.
Доғалы жүйкелену дегеніміз жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір-бірімен түйіседі. Мысалы інжугүл, жолжелкен.
Жапырақтың сабаққа орналасуы:
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.

1. Сабақтың әр буында бір жапырақ болса –кезектесіп орналасу дейді.
2. сабақтың әр буында екі жапырақтың қарама-қарсы болса. Қарама-қарсы дейді. (үйенкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз)
3. Ә буында 3-көп болса, оны топтанып орналасу дейді. (сарыағаш, қызылбояу, талгүл, қарғакөз)

ІІІ. Биологиялық диктант:
1. Жапырақтың кеңейген жалпақ бөлімі...
2. Жапырақ сағағының орнына түтік тәрізді өсетін бөлім...
3. Жапырақша саны жұп болса...болады.
4. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасу...деп аталады.
5. Егер бір буында үш немесе бірнеше жапырақ болса...... . орналасу болады.
6. Өң жасушаларында.... болмайды.
7. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай...бөлінеді.
8. Сумен минералды заттар...арқылы өтеді.
9. Ылғал аз жерде өсетін жапырақтар.... болады.
10. Фотосинтез үрдісін алғаш сипаттаған орыс ғалымы...
11. Қант хлоропластарда өзгеріп...айналады.
12. Итмұрын жапырағының жүйкелену түрі...
13. Сағағының түбіне орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды.... жапырақ дейді.
14. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс...
15. Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса қалай орналасқан..
16. Жапырақ жасушасында тығыз орналаспай арасында кеңістіктер болса...жасушасы деп аталады.

Бағалау:
Үй тапсырмасы: Жапырақты оқу, № 23, 24, 25, 26, 27. суреттерду салу:
25 703
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері
Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері
Оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстырып, жапырақтың ішкі құрылысындағы бөлімдерімен олардың атқаратын қызметтерімен таныстыру.
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Жапырақ
Жапырақ
Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігін қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Жапырақтың құрылысы
Жапырақтың құрылысы
Биология пәні мұғалімі Куанбекова Жупар
Жапырақ
Жапырақ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Аяпбергенова Жаңагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×