Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі

20 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.
• Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру.
• Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
• Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу
Ә) түгендеу
Б) сабаққа дайындықтарын тексеру
В) топқа бөлу.
(топтар топ атауларын таңдайды, алған атаулары бойынша үстелдегі топ белгісі жазылған топтарына сәйкесінше жинақталып отырады).
І топ – Сүйектер
ІІ топ – Бұлшықеттер
ІІІ топ – Эритроциттер
ІV топ - Лейкоциттер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1 - тапсырма: (жеке жұмыс, барлық оқушыға үйге берілген тақырып бойынша сұрақтар беріледі алдарына берілген сұрақтарға оқушы дәптерге орындап жауап береді. Болған соң дәптерін көршісімен алмастырады, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып дәптерлерін тексереді, дұрыс және бұрыс жауап санын жұмыстың соңынан жазып көрсетіп, қайтарып береді.)
1. Қан құрамына кіретін заттар? (плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)
2. Қанның қызыл жасушаларын қалай атаймыз? (Эритроцит)
3. Эритроциттер қайда түзіледі? (Сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда)
4. Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз? (Лейкоцит)
5. Фагоцитозды ашқан кім? (И. Мечников)
6. Лейкоциттер қайда бұзылады?(көкбауырда)
7. Лейкоциттер не арқылы қозғалады? (жалғанаяқтар)
8. Оттегін тасымалдайтын нәруыз? (гемоглобин)
9. Ядросы жоқ қан жасушасы? (эритроциттер)
10. Қандағы түссіз сұйықтық (плазма)
2 - тапсырма: Жоғалған мәліметті толықтыр (топтық)
(Орындап болған соң топтар алмастырып тексереді, сэндвич әдісімен бағалайды.)
Жауабы:

ІІІ. Сергіту сәті
(оқушылар орнынан тұрады топ атаулары туралы мәліметтер келтіріледі, сол берілген мәліметке сәйкес топтасы)
1. Олар біздің денемізге тірек болып, дене пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. (Сүйек)
2. Олар біздің денемізді тік бағытта ұстайды және денеміздің түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. (Бұшықеттер)
3. Олардың адам организмінде орташа алғанда 25 триллионы бар. Олар болмаса біздің организміміз оттексіз қалар еді (эритроциттер)
4. Олар белсенді қозғалады. Мечников олар өте тойымсыз деп, ұстап алған нәрселерінің бәрін сіңіріп алатынын зерттеген. (лейкоциттер)

IV жаңа сабақ
1 мәтін:
Тромбоцит — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.
Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т. б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады. Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі - үш мкм ядросыз бөлікшелері.
Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі
• грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.
• протеин, май, көмірсулар жатады.
ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі.

Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі. жүктеу
2 962
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.
Ағзаның ішкі ортасы, қанның құрамы мен қызметіне сипаттама беру.
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Оқушылардың білім, білік дағдысын дамыта отырып, жасушаның химиялық құрамы туралы түсіндіру. Нәруыздардың ферменттердің қасиеттері амин қышқылдардың мөлшері және реттілігіне, молекулалардың және заттардың құрылымдарына байланысты екендігін түсіндіру.
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру. Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту. Мамандыққа баулу.
Қанның құрамы мен қасиеттері
Қанның құрамы мен қасиеттері
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ЖОББМ биология пәні мұғалімі Асем Нартаевна Шалгымбаева
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×