Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы

08 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын, бұлшық еттердің маңызын түсіндіру.
2. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Өз ойларын жеткізе білу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін шыңдау.
3. Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: топпен жұмыс, СТО жобасының элементтері.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, адам қаңқасы.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, салауаттану, сурет.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау. «Білгенге маржан»
1. «Графикалық диктант»
2. «Сандық лабиринт»
3. «Миға шабуыл»(Топ бойынша тапсырма)
4. «Ойлан тап»
5. «Жұмбақ өлеңдер»

III. Білімді жинақтау.
1 - топ. Сіңірдің созылуы.
2 - топ. Сүйектің сынуы.
3 - топ. Буынның шығуы.
IV. Қызығушылығын ояту. Тест
V. Сергіту сәті.
VI. Жаңа сабақ «Мағынаны тану».
VII. Сабақты бекіту.
VIII. Қорытындылау. «Ой толғаныс»
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма.
Үй жұмысын тексеру:
Графикалық диктант.

 1. Сүйек дәнекер ұлпадан құралған.
 2. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар
 3. Бассүйек – мидан ғана тұрады
 4. Омыртқа жотасы 35 - 36 омыртқадан құралған
 5. Адамда доға тәрізді иілген 12 жұп қабырға болады
 6. Иық белдеу екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады
 7. Тоқпан жілік аяқ қаңқасына жатады
 8. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне кәрі жілік жатады
 9. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.
 10. Омыртқа, білезік, қабырға қысқа сүйектер.
Жауаптар: 1+, 2+, 3 -, 4 -, 5+, 6+, 7 -, 8 -, 9+, 10 -

Сандық лабиринт.
Адамда қанша сүйек бар? 200
Бел омыртқа саны қанша? 5
Қабырға саны қанша? 12
Құйымшақ неше омыртқадан тұрады? 4 - 5
Сегізкөз қанша омыртқаның бірігуінен құралған? 5
Арқа омыртқаларының саны қанша? 12
Омыртқа саны қанша? 33 - 34
Адам қаңқасы неше топқа бөлінеді? 3
Мойын омыртқа саны қанша? 7
Аяқ қанша майда сүйектерден құралған? 26
«Миға шабуыл»

1 - Топ. «Алғырлар»
1. Лордоз деген не? Омыртқаның алға иілуі.
2. Бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? Беріктік, мықтылық.
3. Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек? Шыбық немесе садақ сүйек.
4. Бас сүйек қандай бөлімдерден тұрады? Ми сауыты және бет сүйек.

2 - топ. «Тапқырлар»
1. Білезікте неше сүйек бар? 8 - сүйек.
2. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? Иілгіш, созылғыш.
3. Аяқ жіліктерін атаңыз. Ортан жілік, асықты жілік.
4. Сүйектің құрамын ата. Органикалық зат 30%, бейорганикалық зат 70%

3 - топ. «Білгірлер»
1. Толарсақта неше сүйек бар? 7 сүйек.
2. 14 сүйектен тұратын қолбасы сүйегі қалай аталады? Саусақ сүйектері.
3. Кифоз деген не? Омыртқаның артқа иілуі.
4. Жамбас пен сегізкөз тұтасып қандай белдеу құрайды? Жамбас белдеуін.
«Ойлан тап» Топбасшылар сайысы.
1 - топ. Бас қаңқасын қаңқадан көрсетіп сипатта.
2 - топ. Иық белдеуін қаңқадан көрсетіп сипатта.
3 - топ. Жамбас белдеуін қаңқадан көрсетіп сипатта.

Жұмбақ өлең.
1. Қақпақтай екен деп те сипаттайды,
Ауа райын кейде ол да болжайды.
Пішіні үшбұрышты, өзі жалпақ
Жауабын кім бар екен мұның таппақ?
Жауырын.
2. Қазақша күресте бар бір әдісі,
Халқымның қадірлі ол мүше асы.
Атқа отыруда да кездеседі, есімі
Аташы осы сүйекті...
Жамбас.

3. Дәнекер ұлпадан тұратын орманы бар,
Қозғалмайтын сүйектен жасалған қорғаны бар.
Ақыл - ойыңның қорғаны
Бұл қай сүйек болғаны?
Бас сүйек.
4. Бірінің үстінде бірі тұрады,
Дәл ортасы жұлынның ол тұрағы.
Төрт жерден иілім жасайды,
Айтшы мұның жауабын
Кім біледі?
Омыртқа.
Білімді жинақтау.
1 - топқа: Сіңірдің соқылуы.
2 - топқа: Сүйектің сынуы.
3 - топқа: Буынның шығуы.
І Қызығушылығын ояту.
Омыртқа саулығын анықтап көріңіз.
Тест.
1. Түнде ұйықтағанда арқаны қисайтып жатасыз ба? а) Ия, б) Жоқ
2. Мойынды қимылдатқанда мойын омыртқалары кітірлейді ме? а) Ия, б) Жоқ
3. Сізде артық салмақ бар ма? а) Ия, б) Жоқ
4. Ұзақ уақыт тікесінен тұру қиынға соғады ма? а) Ия, б) Жоқ
5. Сен кешке қарағанда таңертең денеңді тік ұстайсың ба? а) Ия, б) Жоқ
6. Жамбас жүйкесі талаурап немесе белді жиі шаншу мазалайды ма? а) Ия, б) Жоқ
7. Жазу немесе асхана үстелінде бүкірейіп отырасыз ба? а) Ия, б) Жоқ
8. Өте жұмсақ төсекте ұйықтайсыз ба? а) Ия, б) Жоқ
9. Дененің әрбір бөліктерінде қабыну жағдай жиі болып тұра ма? а) Ия, б) Жоқ
10. Орныңыздан тұрған кезде бірден қозғала алмай қалған кездер болды ма?
а) Ия, б) Жоқ

Тест жауабы:
 Егер 10 сауалдың екеуіне ғана «ия» деп жауап берген болсаңыз: арқа мен омыртқаларыңызда ешқандай дерттің белгісі жоқ деген сөз
 Егер 3 - 5 рет «ия» болса, бұлшықеттердегі ішкі жасушалардың зат алмасу қызметінде бұзылыс орын алған. Бұл көбінесе бұлшықет ткандарына қажетті амин қышқылдардың жеткіліксіздігінен орын алады. Омыртқалардағы дерттің дені В6, В5, В2дәрумендерін толық алмағандықтан пайда болады
 Егер «ия» жауабы 6 немесе оданда көп болса, жүйкеде кінәрат бар немесе омыртқа зақым келген. Бұл тұста да дәрумендер қорының аздығы әсер еткен дегіміз келеді. Е, С дәрумені арқылы қабынудың алдын алуға болады.

VI. Жаңа сабақ. «Мағынаны тану»
БҰЛШЫҚ ЕТТЕР, БҰЛШЫҚ ЕТ ТИПТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?
(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды)
Бұлшық еттердің маңызы.
Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т. б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 – ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.
Бұлшық еттің құрылысы
Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.
Біріңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады. Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.
Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.
Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.
Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.
Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.
Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады.
Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті - – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.

Жаңа сабақты бекіту. Фронтальды сұрақтар.
• Бұлшық еттердің маңызы қандай?
• Бұлшық еттердің құрылысы қандай?
• Бұлшық еттердің қандай түрлері бар?
• Бұлшық еттер сүйекке қалай бекиді?
• Денеде орналасуына қарай бұлшық еттер қалай бөлінеді?
• Ең ұзын бұлшық ет?
• Адам қаңқасында қанша бұлшық ет бар?
• Бұлшық ет қандай ұлпадан түзіледі?
• Бұлшық еттің қажуы неге байланысты?
• «Шыныға білмеген, тыныға да білмейді" – деген неліктен айтылған?
• Екі оқушы шығып, 5 кг гантельді біреуі көтеріп, ал екіншісі – көтеріп, түсіріп тұрады. ( 35 сек ішінде қай оқушының қолы тез шаршайды? )

Суреттермен жұмыс.
Суретке қарап қайсысы бірыңғай салалы, қайсысы көлденең жолақты, қайсысы жүрек бұлшықеттері сипатта.
ТЕСТ тапсырмасы
1. Бұлшықетке тән қасиет
А) жиырылғыштық б) өткізгіштік в) мықтылық
2. Бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді
А) ымдау б) шайнау в) арқа
3. Кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет
А) арқа б) мойын в) көкет (диафрагма)
4. Арқа бұлшықеттері
А) трапеция, ромб тәрізді б) диафрагма в) Бицепс
5. Адамның еркіне бағынады:
А) жүрек б/еті б) қаңқа б/еті в) бірыңғай салалы б/ет

Сен эмоцияларыңды басқара аласың ба?
Бүкіл әлемде эмоциялар адамның бетінен бірден көрінеді. Психологтар негізгі 6 эмоцияны бөліп қарайды және олардың әрқайсысы үшін өзіндік бет - әлпет тән, олар біздің тегімізде қалыптасқан.

Жалған күлкіні тап
*Табиғи күлкі кезінде еріндер біршама кең жазылады. Адам шын күлген кезде оның шықшыттары сәл жоғары көтеріліп, көздері сығырайып кетеді.
*Күлкі жалған болса, тек адамның еріндері ғана қозғалады, ал көздері суық әрі бейтарап қалпында қалады.
ІІІ. Қорытындылау. «Ой толғаныс»
Семантикалық карта

Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Жарияланды 24 - 10 - 2016, 08: 40 Категориясы: Биология
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын, бұлшық еттердің маңызын түсіндіру.
2. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойларын жеткізе білу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін шыңдау.

3 629
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы

Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бұлшық еттердің негізгі топтары (слайд)

Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы туралы білім беру; Оқушылардың заман талабына сай сапалы биологиялық білім дағдыларын, дүниетанымын қалыптастыру, табиғаттың біртұтастылығы туралы көзқарастарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Бұлшық еттің негізгі топтарын, бұлшық еттердің маңызын түсіндіру. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра отырып, үш тілде оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы

Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Бұлшық еттердің жұмысы
Бұлшық еттердің жұмысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы, №78 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қайыпбаев Дархан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×