Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.

23 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Биология
Биология7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.
Жалпы мақсаты: Жасыл эвгленаның құрылыс ерекшеліктерін, жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілері бар екендігін түсіндіру. Оқушылардың өзара қарым - қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру.
Нәтиже: Хлоропласттары болғандықтан жасыл эвглена деп аталатының және де талшықтарымен қозғалатынын, күндіз фотосинтез процесі арқылы қоректенетінін біледі. Дүниетанымы кеңейеді, өз идеяларын еркін жеткізуге тырысады, бір - біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі, бірін - бірі қолдай білуге үйренеді.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, бейнекөрініс, стикер, укаска, суреттемелер, 7 - сынып электронды оқулық.
Негізгі идея: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың бір - біріне деген сыныптастарынан қолдау таба алатынына сенімділігін арттыру. Өз бетінше оқып үйренуге, өз пайымдауларын жасай алуға дағдыландыру. Жаңа материалды талдау арқылы талшықтылардың тіршілік ету жағдайларының ерекшеліктерін ұғындыру.
Әдіс - тәсіл: Ой қозғау, жұптық, топтық жұмыс, семантикалық карта, тест сұрақтары.

Мұғалім іс - әрекеті:
Сәлемдесу, түгендеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында миға шабуыл: Бірнеше сұрақтар қойылады.
1. Неліктен жануарларда фотосинтез процесі жүрмейді?
2. Не себебті біржасушалы жануарлар тірі ағза болып есептелінеді?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тест сұрақтары арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Тест сұрақтары
1. Ғаламшарда жануарлардың жалпы саны?
а) 2млн ә) 1, 5 млн б) 500 мың
2. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы?
а) герпетология ә) ихтиология б) зоология
3. Жануарлар дүниесінің қанша тармағы бар?
а) 3 ә) 4 б) 2
4. Біржасушалы жануарлардың түр саны?
а) 45 мың ә) 70 мың б) 60 мың
5. Жүйелеу дегеніміз не?
а) барлық жануарларды кішісінен, үлкеніне қарай топтастыру
ә) барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, жіктеу.
б) барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкесдендіріп, ретке келтіру.
6. Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша......... деп бөлінеді.
а) біржасушалы және көпжасушалы ә) омыртқасыз және омыртқалы б) қарапайымдар және жәндіктер
7. Омыртқалы жануарларда желі сақталады?
а) ұрықтық сатысында ә) өмір бойы б) ересек кезінде
8. Фауна............ әлемі.
А) өсімдіктер ә) саңырауқұлақтар б) жануарлар
9. Біржасушалылар қай жерлерде көп тіршілік етеді?
а) суда ә) топырақта б) ауада
10. Омыртқалы жануарлар қандай топқа жатады?
а) біржасушалы ә) көпжасушалы б) қарапайым

Формативті бағалау
«Өзін - өзі» бағалау.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Семантикалық карта»

Мұхтар Арын атындағы ДБАА№24 лицейі
Мұғалімнің аты - жөні: Муталив Даулен

Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар. жүктеу
3 442
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Биология пәнінен дидактикалық тапсырмалар жинағы (сөзжұмбақтар мен тест тапсырмалары)
Биология пәнінен дидактикалық тапсырмалар жинағы (сөзжұмбақтар мен тест тапсырмалары)
"Биология пәнінен дидактикалық тапсырмалар жинағы" (сөзжұмбақтар мен тест тапсырмалары)
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі. Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Табиғат – біздің үйіміз (арнайы курс)
Табиғат – біздің үйіміз (арнайы курс)
Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С.Сатыбалдин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Иманова Айжан Калиоллаевна
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Атира Жолдасовна
Жасыл эвглена
Жасыл эвглена
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×