Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс

23 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Биология
8 - 9 - сыныптар арасында жүргізген сыныптан тыс іс - шара
«Жас биолог - 2018»интеллектуалды сайыс
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жас биолог - 2084» атты 8 - 9 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
1.--------------------------- 8 - сынып оқушысы
2. 8 - сынып оқушысы
3. 9 - сынып оқушысы
4. 9 - сынып оқушысы
5. 9 - сынып оқушысы
6. 8 - сынып оқушысы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1. Жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі: ----------
2. География пәнінің мұғалімі --------------
3. Мектеп психологі - -------------------
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырып өтейік:

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
І кезең – Кім білгір?
ІІ кезең – «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
ІІІ кезең – Терминдер аукционы
ІҮ кезең – Бұл қандай ғылым?
Ү кезең – Төртінші артық
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды -
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 кезең «Кім білгір?» кезеңінде әр оқушыға таңдаған бөлімдері бойынша 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт!
Зоология бөлімі бойынша
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек
3. Денесінің түсі тез өзгерте алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы
4. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу
5. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс
6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет (диафрагма)
7. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер Түрпі
8. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі Келес
9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. Құстар.
10. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. т Аристотель.

Анатомия бойынша
1. Адам денесіндегі буындар саны: 230.+
2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: Гипофиз
3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия
5. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
7. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 - 35см
8. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд
9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар
10. Арқа омыртқаларының саны: 12

Ботаника бөлімі бойынша
1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Роберт Гук
2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр
3. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы
6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ
7. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы
8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді: 1981 жылы
9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника
10. 1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. Күдерин

Тоқмансай негізгі мектебінің
химия - биология пәндері мұғалімі
Жакудина Әлия

Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс. жүктеу
10 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Жас биолог - 2013
Жас биолог - 2013
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы «Бегалы» орта мектебінің биология пәні мұғалімі Биханова Нұржауған Ғаділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×