Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс

04 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Химия
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, -
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
10 а сыныбы – «Протон» тобы
10 ә сыныбы – «Нейтрон» тобы
10 б сыныбы - «Электрон» тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1.______
2._____
3.____
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Жүргізуші:
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
2 кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»
5 кезең «Химик - сараман»
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды -
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1-кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
«Протон» тобы
1. Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә)
2. Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә)
3. Периодтық кестеде 8 период бар (Жоқ)
4. Химиялық тепе - теңдіктің ығысуы Ле - Шателье принципіне сүйенеді. (Иә)
5. Ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады. (Жоқ)

«Нейтрон» тобы
1. Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең (Жоқ)
2. Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ)
3. Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін Вант – Гофф ережесімен анықтауға болады. (Иә)
4. Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә)

«Электрон» тобы
1. Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ)
2. Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә)
3. Элементтер сыртқы белгілеріне қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді. (Иә)
4. Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ)
5. Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ)
Жүргізуші:
1 - ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:
«Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады, онда толығымен сақталады. Алғашқы болып ____________________ топ таңдайды.

Жүргізуші:
Химиялық элемент – атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары – ядро заряды. Ядро заряды реттік нөміріне тең.
Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл, қанша бейметалл бар?
(22бей металл, 87 металл)

Жүргізуші: Химиялық теңдеу – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.
Сұрақ: Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер. (2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп, жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады)

Жүргізуші: Стехеометрия өлшеймін деген мағына береді. Стехеометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрамында тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы, эквиваленттер, көлемдік қатынас заңы жатады.
Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?
Жауабы: (М. В. Ломоносов, химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады).

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс. жүктеу
2 554
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын, Білім – кен, қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды ауылы, № 60 Ж. Түменебаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылы "Түркістан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мектебінің география пәні мұғалімі Нәлібаева Бақтыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×